Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет117/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   195
kazakhstanII.KAZ

6.3 
Институционалдық құрылым 
 
Қазақстанда табиғат Қорғау қызметіне жұмсалатын шығындарды жабудың үш негізгі көзі бар: 
Мемлекеттік бюджет жəне жергілікті бюджеттер, кəсіпорындардың меншікті қаражаттары,
сондай-ақ шетелдік кредиттер мен гранттар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық жəне 
жергілікті деңгейлерде құрылған экологиялық қорлар 2002 жылы 1-ші қаңтарда күшін жойды. 
Осы қорлардың негізгі проблемасы, олар қоршаған ортаны қорғауға қатысты саясат жасау 
үшін жеткіліксіз шағын қосылған құнды генерациялаумен байланысты. Халықаралық 
стандарттардан айырмашылығы, мұның негізгі себебіне осы аталған қорлардың жекелеген 
экологиялық жобаларды анықтауға, баға беру мен іріктеуге тартылмағаны жатады. 
Қазақстандық қорлардың мандаты қоршаған ортаны ластау үшін төлемдер жинаумен жəне 
мемлекеттік экологиялық ұйымдар үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тікелей 
тендерлік сатып алуды ұйымдастырумен шектелген. 
2006 жылы сəуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазына» тұрақты даму Қорын 
құрды. Осы қордың мандаты жеті мемлекеттік даму институттарының қызметі мен жалпы 
экономикалық өсу мен халықаралық деңгейдегі бəсекеге қабылетті арттыруға қолайлы 
жағдайлар жасау мақсатымен өндіруші өнеркəсіптің жəне ауыл шарушылығының аясынан тыс 
өнеркəсіптік инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтиды. Өзінің атауына қарамастан, 
қор қоршаған ортаны қорғауды ілгерілету жөніндегі іс-шараларға қатыспайды. 2007 жылдың 
бірінші жартысында «Қазына» қорының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 5,2 миллард 
АҚШ доллары тұратын 183 жобаны қамтыды, бірақ қордың инвестициялық стратегиясына 
экологиялық сипаттамалардың критерийлерін (егер орын алса) енгізу туралы ешқандай ақпарат 
жоқ. 


6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
127 
 
Мемлекет 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын құрды. (ҚРҰҚ). Қордың 
мандаты табиғи ресурстарды өндіруден түсетін мемлекеттік кірістерді (табыстарды) ұтымды 
пайдалануды қамтамасыз етуді қамтыды. ҚРҰҚ əлемдік рынокта шикізат материалдарына 
бағалардың ауытқу жағдайларында, сондай-ақ болашақ ұрпақтар үшін табиғи өндірістерді 
өндіруден (шектеулі) түскен түсімдердің бөліктерін сақтауға байланысты мемлекеттік 
табыстарды (кірістерді) тұрақтыландыруға көмек көрсету мақсатымен құрылған тəуелсіз қор 
болып саналады. Қор табыстарының негізгі көздеріне корпорацияларға салынатын табыс 
салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар мен ролялтилер сияқты мұнай 
компанияларының тікелей салықтары жатады. 2006 жылы шілдеде ҚРҰҚ толығымен 
мемлекеттік бюджеттке интеграцияланды. Қазір мұнайдан түсетін табыстардың бəрі ҚРҰҚ-на 
бекітілген, ол дамуға жұмсалатын шығындар аталатындарды қаржыландыру үшін қаражаттар 
аударады. Бұл негізгі қаражаттарды қалыптастыруға (атап айтқанда, инфрақұрылыды) 
жұмсалатын шығындарды жəне Адам капиталын дамытуды қамтиды. Мұның ҚОҚМ үшін 
сəйкес бюджеттік қаржы бөлулеріне қалай əсер ететінін түсіну ғана қалады. 2007 жылдың 
тамыз айының соңында ҚРҰҚ 2322,6 миллиард теңгені жинақтады, 18,4 миллард АҚШ 
долларын құраған осы қаражат (2006 жылғы орташа айырбас бағамы бойынша) Халықаралық
қаржы рыноктарына инвестицияланды. 
Мемлекеттік сектор 
 
Мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындарының түрлі деңгейлердегі 
жауапкершілігі мен табиғат қорғау қызметіне жататын табыстарды бөлуді Бюджеттік кодекс 
белгілейді. Қазақстанда орталық ұлттық бюджет «Республикалық бюджет» аталады; 
мемлекеттік бюджет орталық жəне жергілікті бюджеттерді қамтиды. 2006 жылы шілдеден 
бастап ҚРҰҚ мемлекеттік бюджетке енгізілді.
Орталық үкімет 
Ұлттық деңгейдегі табиғат қорғау шаралары орталық мемлекеттік бюджеттен 
қаржыландырылуы тиіс. Табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру жауапкершілігі Қоршаған 
Ортаны Қорғау Министрлігіне (ҚОҚМ) жəне Ауыл шарушылығы Министрлігіне (АШМ) 
жүктелген. АШМ құрамына Су ресурстары жөніндегі Комитет (СРК) пен Орман жəне 
аңшылық шарушылығы Комитеті кіреді. 
Мемлекеттік шығындарды басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар ұлтық деңгейдегі жылдық 
бюджетті жасау үшін шығындардың орта мерзімді межелерін (ШОММ) əзірлеуге ұйытқы 
болды (6.1 Ендірмені қараңыз). Егер, сайып келгенде, бұл бюджеттік Қаржы бөлу үдерісіне 
экологиялық инвестициялық бағдарламалардың интегграциясын жеңілдетуді жəне бекітілген 
жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс болса, бюджеттік қаржы бөлу туралы 
шешімдер қабылдау үдерісінде экологиялық міндеттерді ілгерілету үшін институционалдық 
əлеуетті қалыптастыру қажетті талап болып табылады. Бұл сондай-ақ жобалардың құнын 
бағалау сапасының артуы мен мониторинг пен сараптық бағаға жұмсалатын шығындардың 
тиімдігілін арттыруды талап етеді, бюджеттік үдерістің осал буындарына жататын аспектілер.
Жергілікті басқару органдары
1
 
Көпшілік елдердегі сияқты. Қазақстанда да экологиялық инфрақұрылымға инвестиция үшін 
(мəселен, сумен жабдықтау жəне ағын суларды тазарту желісі, сондай-ақ қалдықтарды əкету) 
жауапкершілікті ұлттық үкіметтер жергілікті басқару органдарының деңгейіне табыстау 
қолданылады. 2002 жылдан бастап, яғни экологиялық қорлардың күшін жойғаннан кейін
қоршаған ортаны ластағаны үшін жасалатын төлемдерден түсетін табыстар мен мемлекеттік 
орталық салық органдары жинайтын айыппұлдар жергілікті бюджеттерге жіберілетін болды. 
Алайда осы түсімдер қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға жұмсалатын 
1
16 əкімшілік бірлікке, яғни 14 облыс пен облыс мəртебесіне теңестірілген əкімшілік мəртебесі бар 2 ірі қалаға 
(Астана жəне Алматы) сенім артылды. 


128
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
шығындар ретінде нысаналы бағыт алған жоқ. Жергілікті билік органдары қоршаған ортаны 
ластағаны үшін төлемдердің қолданылатын мөлшерлерін белгілейді (5 тарауды қараңыз),
жоспарларын жасайды. Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті деңгейде жұмсалатын 
шығындарға тəн ортақ белгі қоршаған ортаны ластағаны үшін жасалатын төлемнен түсетін 
табыстардың арзымайтын бөлігін салу ғана болып табылды. 2006 жылы қоршаған ортаны 
ластаудан түскен кірістер жергілікті бюджеттердің жалпы табыстарының 3 пайызға жетпейтін 
шамасын құрады, бұл 2003 жылдың деңгейінен екі есе артық (1,5%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет