Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет116/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   195
kazakhstanII.KAZ

6.2 
Саяси межелер 
Табиғат қорғау саясатының негізгі бағдарламалық межелері 2004-2015 жылдарға арналған 
экономикалық қауіпсіздік тұжырымдамасында мазмұндалады, ол 2003 жылы бекітілді. 
Тұжырымдамада негізгі экологиялық проблемалардың жалпы сипаттамасы мен тиісті 
міндеттер берілді. (1 тарауды қараңыз). Тұжырымдаманың бастапқы сатысында (кезегінде) іске 


126
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
асырылатын “Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы” 27,5 
миллиард тенге шамасындағы қаржы ресурстарының жалпы көлемін көрсетеді (2006 жылғы 
орташа айырбас бағамы бойынша шамамен 220 миллон АҚШ доллары), бірақ жеке 
жобалардың немесе басымдықтардың бағасын көрсетпейді. Онда былай айтылады, 
қаржыландыру мемлекеттік бюджет белгіленген межелерде жүргізіледі жəне ол халықаралық 
қаржы қолдауының болуына байланысты. 
Тұрлаулы дамуға өтудің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы (2006) (ТДӨТ) жалпы 
экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттар мен табиғат қорғау қызметінің болжалды жоғары 
нəтижелерін мазмұндайтын ұзақ мерзімді жоспарға жатады, олар экологиялық тұрақтылықтың 
жиынтық индексінің (ЭТИ) негізінде өлшенеді (1 тарауды қараңыз). 2007-2009 жылдарға 
арналған іс-əрекеттердің Бірінші Жоспарында белгіленген мерзімдерде іске асырылуы тиіс 
шаралардың ұзынан-ұзақ тізбесі ұсынылады, бірақ онда міндеттер де (сандық немесе 
сапалық), солардың шешімімен байланысты ресурстарға қатысты талаптар да көрсетілмеген. 
2002-2010 жылдарға арналған ауыз су Бағдарламасында (АСБ) 115,1 миллиард теңге 
мөлшеріндегі талап етілетін инвестициялық қаражаттардың есептік жалпы көлемі белгіленген 
(2006 жылғы орташа айырбас бағамы бойынша 913 миллион АҚШ доллары). Қаржыландыру 
көздері Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді, сондай-ақ Халықаралық кредиттер мен 
гранттарды қамтиды. Осы аталған шығындардың негізінен, ағынды суларды жинау мен 
тазартуға емес, ал сумен жабдықтау желілерін жетілдіруге нысаналанған, осы қаражаттар 
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар категориясына кірмейді. Сумен жабдықтау 
туралы толығырақ ақпарат 9 тарауда беріледі. БҰҰ шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі 
Конвенциясының аясында іске асырылатын 2005-2015 жылдарға арналған шөлге айналумен 
күрес жүргізу Бағдарлама (ШК БҰҰК), оны іске асырудың бірінші кезегінде (2005-2007 
жылдар), қабылдануы тиіс бірқатар шараларды жоспарлайды жəне 3,1 миллард теңгеге жуық 
күрделі қаржы жұмсалымын көздейді. (2006 жылғы орташа айырбас бағамы бойынша 24,9 
миллион АҚШ доллары). Қаржыландырудың негізгі бөлігі (96%) халықаралық гранттарға 
негізделген, небəрі 4% қаражат қана мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет