Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет158/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
Орал-Каспий өзен бассейні
 
Орал-Каспий өзен айдыны Қазақстандағы сегіз өзен бассейнінің ең үлкені болып табылады. 
Оның құрамына Ресей Федерациясындағы Орал тауларынан басталып, Каспий теңізіне 
құйылатын Орал өзені су жиғыш алаңының (жалпы ауданы 231 мың км
2
) бір бөлігі (64%), 
Волга атырауының бір тармағына дейінгі Еділ мен Орал өзендерінің арасы (107 мың км
2
) жəне 
Орал мен Ембі өзендерінің арасы (72 мың км
2
) кіреді.
Орал өзені арқылы Каспий теңізіне жылына 8,1 км

су құйылады. Каспийдің құрылықпен 
қоршалғаны белгілі. Солай бола тұра, Орал суы теңізге келіп құйылатын жалпы су мөлшерінің 
3-ақ пайызын құрайды. Волга өзені Каспий суының 80 пайызын толтырып отырады. Орал 
өзеніндегі су деңгейі жəне ағым мөлшері жыл бойы күрт өзгеріп отырады. Мысалы, жылдық 
ағым мөлшерінің 65-70 пайызы көктемгі су тасқыны кезінде ағып кетеді. Орал өзені көбіне 
реттелмейтін болғандықтан, оның экожүйесі халықаралық тұрғыдан алғанда өте маңызды деп 
есептеледі. Бұл өзен əсіресе бекіре балығының өніп-өсуі үшін өте маңызды. Жалпы алғанда, 
өзен ағымының 72 пайызы Ресей аумағынан бастау алады.
Шекараның арғы жағында, Ресейдің Магнитогорск жəне Орынбор облыстарындағы ірі 
өндірістік орындар Орал өзенінің шекара маңындағы сапасына кері əсер етіп, суды ауыр 
металдармен ластайды. Қазақстан аумағында болса, Орал-Каспий бассейні аймағында 
мекендейтін адам саны шамамен 2,2 миллионға тең. Ақтөбе, Атырау, Орал сияқты ірі 
қалалардың канализациялық сулары ойдағыдай тазаланбаған күйінде Оралға ағызылады. 
Мұндай қалдық сұйықтықтардың құрамында негізінен азық-түлік жəне органикалық 
қалдықтар бар. Ең ірі ластау көздері, мұнай жəне газ секторларына тікелей қатысты. Ал ауыл 
шаруашылығының өзенге келтіретін зияны өте аз немесе жоқтың қасы. Фенолдар, ауыр 
металдар жəне мұнай өнімдері бассейнді ластайтын ең зиянды заттар болып табылады. 
Ластаудың өзге көздері ретінде көктемде болатын су тасқынын жəне сұйық қалдықтар 
қоймаларынан байқаусыз ағылып кететін суды атауға болады. Су тасқыны кезінде өзен суы 
канализациялық алаңдардағы суды шайып əкетеді. Каспий теңізі жағалауындағы мұнай 
кеніштеріндегі қоймалардан да сұйық заттар сыртқа ағып кетсе (Қаламқас, Қаражанбас, 
Мартыши, Прорва жəне Теңіз), міндетті түрде Орал өзеніне келіп құйылады. Тасқынның кері 
əсері көп екеніне қарамастан, Оралдың көктемдегі сең кезінде қатты тасып кетуі өзен суын 
біраз сұйылтып, сондағы ластану концентрациясын азайтып, өзеннің өздігінен тазаруына 
жағдай жасайды.


9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
183 
 
Арал-Сырдария өзен бассейні
 
Арал теңізінің солтүстік бөлігіне құйылытан Сырдария өзенінің жалпы су жиғыш алаңы 782 
617 км

құрайды. Соның 218 400 км
2
-і Қазақстан аумағында. Өзен Орталық Азия 
мемлекеттерінің бірнешеуі арқылы ағып өтетіндіктен, Сырдария трансшекаралық сипатқа ие. 
Оның Қазақстан аумағындағы ұзындығы (Шардара су қоймасынан Арал теңізіндегі сағасына 
дейін) 1 627 км-ге тең, ал жалпы ұзындығы (Нарын өзенінен бастап санағанда) 3 019 км-ді 
құрайды. Өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер: Өзбекстан, Қырғызстан жəне 
Тəжікстанның шағын бөлігі. Өзен бассейнінің құрамындағы су ресурстарының мөлшері 12 
км
3
-ді құрайды.
Өзен суы негізінен мақта жəне күріш өсіру алқаптарын суаруға пайдаланылады. Ауыл 
шаруашылығының осы екі түрі əсіресе Өзбекстанда кең тараған. Ал Қазақстан Арал теңізінің 
солтүстік бөлігін қалпына келтіру мақсатында жаппай ирригацияны қысқартып, өзенге түсетін 
салмақты əдейі жеңілдетті. Алайда, аймақтағы Шымкент жəне Қызылорда сияқты ірі 
қалалардың ластануы өзенге антропогендік қысым жасайды. Мəселе аталмыш қалаларда 
қалдық суларын тазалайтын нысандардың жетіспеуінде болып отыр. Өзен бассейнінің 
қазақстандық бөлігіндегі жалпы халық саны шамамен 2,6 миллион адамға тең (бұл ел 
халқының 17%-ын құрайды). Солардың 1,4 миллионы (бассейн аумағында тұратындардың 
46%-ы) қалаларда, 1,4 миллионы (54%) ауылдық жерде тұрады. Өзенге жасалатын тағы бір 
антропогендік қысым – ол Өзбекстанның суэлектр қуатын өндіру мақсатында өзен ағысын 
қолдан реттеп отыратыны. Өзен суының жетіспеуі Арал теңізінің тартылуына əкеліп соқтырып 
жатқанымен, қысты күні су тасып, Қызылорда қаласын басып кететіні де бар. Трансшекаралық 
су қарым-қатынастарының жетілмегені себепті Қазақстан Өзбекстандағы су саласында болып 
жатқан өзгерістер мен іс-қимылдарға аса сезімтал күйде.
Арал теңізі тарылып, соның үштен бірі ғана қалса да, бұл процесс(үдеріс) қазір тоқтап, кері 
бұрылатынға ұқсайды. Сырдария өзенінен теңіздің солтүстік бөлігіне құйылып жатқан суды 
жинақтау мақсатында арнайы бөген салынып (бұл 2000ж. шыққан Қоршаған ортаны қорғау 
шараларына шолу есебінде егжей-тегжейлі сипатталады), Дүниежүзілік банктің қолдауымен 
(68 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несиенің есебінен), бірқатар гидротехникалық 
нысандар құрылды. Соның нəтижесінде тұз жайлаған шөлді даланың айтарлықтай бөлігін 
теңіз суы басып, бұл əлеуметтік тұрғыдан да, қоршаған ортаның жағдайы тұрғысынан да 
жағымды ықпал жасап отыр. Аймақтың климаты жəне балық аулау шаруашылығы 
айтарлықтай жақсарып қалды. Қосымша 126 миллион доллар көлемінде жаңа несие 
берілгеннен кейін Аралда тағы бір су бөгені құрыла бастады. Соның нəтижесінде теңіз суы 
2010-жылға дейін 40 жыл бойы сусыз құрғап тұрған ең басты теңіз портына дейін жетеді деген 
үміт бар.
Шу-Талас өзен бассейні
Бұл өзен бассейні Асса өзенінің төменгі ағысы, Шу жəне Талас өзендерінен құралған. Бұл 
өзендер Қырғызстандағы таулардан бастау алып, Мойынқұм шөліне жеткеннен кейін мүлде 
тартылады. Судың басым бөлігі Қырғызстанда пайда болады. Суды ирригация жəне өзге 
мақсатта негізгі арнадан айыру сияқты қадамдар алдын-ала қатал қадағаланып, реттеліп 
отырады. Шу-Талас өзендері бассейнінің аумағында суғарылатын жердің жалпы көлемі 665 
900 гектарға тең. Соның 382 000 гектары Қазақстанға, ал 283 900 гектары Қырғызстанға 
тиесілі. Шу өзеніндегі су ресурстары 6,64 текше км-ге тең. Соның 42 пайызы Қазақстанның 
үлесінде. Талас өзенінің су ресурстары 1,81 текше км құрап, екі ел арасында тең бөлінген.


III 
Бөл
ім

Экономикалық
 сект
орлар
 қызм
ет
ін
дегі
 экологиялық
 пайымдард
ың
 ес
еб
і жəн
е тұрақты
 дамуд
ы
 көтермел
еу
 
184 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет