9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
187
орнатып, судың ел аумағындағы орташа бағасы бұрынғыдай төмен болып қалып отыр (ауыз
судың бағасы - 22.13 теңге/м
3
немесе $0.180, канализациялық суды əкетудің бағасы – 15,79
теңге/м
3
немесе $0.128). Тобыл бассейні ауыз суды тасымалдайтын инфрақұылымдық
нысандарды жұмысына қатты байланып қалған. Яғни сумен
қамтамасыз етудің шығындары
жоғары болып, ұзақ қашықтықтарға жалғанған құбырларға тəуелді.
Нұра-Сарысу өзен бассейні
Бұл бассейнге ең үлкен Нұра өзені кіреді. Оның ұзындығы 978 км болса, су бассейнінің көлемі
58 100 км
2
-ге тең. Нұра Теңіз көліне барып құйылады. Нұра-Сарысу бассейні аумағында
мекендейтін халық саны шамамен 1 миллион адамға тең. Мұнда аса ірі өндірістік қала –
Қарағанды – бар. 2006-жылы Қарағанды халқының саны 446 200 адам еді. Демек ол Қазақстан
қалаларының ішінен ірілігі жағынан 4-орында болған. Су ресурстары өте шектеулі. Су
ресурстарын молайту мақсатында кезінде Ертістен Ертіс-Қарағанды су каналы жалғанған
болатын (жоғарыдағы бөлімді қараңыз). Ирригация мен сумен қаматамасыз ету мақсатында
салынған осы канал бүгінгі күні Қарағандының өндірістік орталықтарына қызмет етеді. Соның
ішінде канал суы көмір шахталары мен болат өндіру зауытының қажеттіліктеріне жаратылып
жатыр. Жерасты сулары жалпы су ресурстарының 25 пайызын құрайды. Бассейндегі
өзендердің сулары өзге аймақтардағыдай көктем айларында мол болып (жылдық ағымның
90%-ы), жазда су деңгейі тек кейде ғана уақытша көтерілуі мүмкін.
Нұра-Сарысу бассейні
аумағында 2 мыңға жуық көл мен 400-дей жасанды су қоймасы бар.
Ластанудың басты көздері – аймақты бұрыннан бері ластап жатқан өндіріс, соның ішінде ауыр
өндіріс қалдықтары жəне қалалық жерлердегі қалдық сұйықтықтар (канализация). Нұра өзенін
барынша ластап жатқан бір нысан – сынап шығаратын Теміртаудағы карбид зауыты. Аталмыш
өнеркəсіп орны кеңес дəуірі кезінде катализатор ретінде сұйық металды пайдаланған.
Ластануға қарсы, өзенді сауықтыру шаралары қаншама қолға алынғанымен, сынап өзеннің
айтарлықтай бөлігіне тарап үлгереді.
Сондай-ақ, өзен суын бассейннің өзге аймақтарына жеткізетін Ертіс-Қарағанды каналының
нашар халі жəне сирек жөнделетіні қатты алаңдатады. Суға деген сұраныстың ойдағыдай
реттелмей жатқанын еске алсақ, өзен суының канал арқылы тым көп мөлшерде ағып кететіні
аймақтағы экологиялық тұрақсыздыққа əкеліп соқтырмай ма деген тағы бір қауіп бар. Судың
барлық деңгейде құбырлардан ағып кетуі, салқындататын судың өңделмеуі жəне
көптеген
артезиан құдықтарының қараусыз қалғаны аймақтағы су тапшылығы жəне су тасымалының
қымбаттылығы жағдайында аса ауыр болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: