9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
185
Сумен қамтамасыз ету жəне суды реттеу мəселелері аймақтағы
ең басты проблемалар болып
табылады. Шектеулі су ресурстары жағдайындағы ерекшеліктер жəне Қазақстанның су
мəселелерінде Қырғызстанға тығыз байланып қалғаны халықаралық қауымдастықтың назарын
тартып, соның нəтижесінде екі жақ арасында арнайы ынтымақтастық шаралары қолға алынды.
Қоршаған ортаны қорғау шараларын зерттеген соңғы шолу жасалғаннан кейін Қазақстан жəне
Қырғызстан Шу мен Талас өзендерінде сумен қамтамасыз ететін коммуналдық жүйелерді
басқару жөнінде келісімге қол қойып (2000ж.), бассейн деңгейінде
Халықаралық инновация
комиссиясын құру жөнінде келісім жасады (2005ж.). Əдетте мұндай жағдайларда халықаралық
емес, екіжақты мемлекеттік келісімдер ғана жасалады (4 Тараудағы халықаралық су
менеджменті жөніндегі келісімдерге арналған бөлімді қараңыз).
Балқаш – Алакөл өзен бассейні
Балқаш – Алакөл бассейні көлемі жағынан орасан үлкен 413 мың км
2
аумақты қамтиды. Оның
бір бөлігі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында (353 мың км
2
).
Қалғаны көршілес Қытай
аумағына (Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының солтүстік-батыс бөлігі) орналасқан.
Қытайдан бастау алатын Іле өзені (Қазақстандағы ұзындығы 815 км) Балқаш көліне ең көп
(80%) су құятын өзен болып табылады. Өзендегі қолданысқа жарамды судың мөлшері 8,6 км
3
құрайды.
Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы Іле бассейні аумағында орналасқан.
Бассейннің
қазақстандық аумағында 3,3 миллион адам мекендейді. Халықтың басым көпшілігі – 1,6
миллион адам – Алматы облысында шоғырланған. Ауылдық жерде тұратындардың саны 1,5
миллионға тең.
Өзен суына деген сұраныс пен оның пайдаланылуына қатысты проблемалар Арал-Сырдария
бассейніндегі проблемаларға өте ұқсас келеді. Қысты күні электр
қуаты өндірісі суды көп
талап етсе, жаз айларында ирригация қажеттіліктері өзенге салмақ түсіреді. Өндірістің
салдарынан өзеннің ластану деңгейі жоғары. Əсіресе Балқаш көлінің жағдайы қиын. Мұндағы
мыс қорыту жəне цинк зауыты келтіретін залал қатаң бақылауға алынбаған.
Қалалық ластау
факторы да бар. Бұл халық санының көптігі мен адамдардың Алматыда көбірек шоғырлануы
себепті пайда болды.
Тағы бір алаңдатарлық жайт - əлемдегі тұщы көлдер арасынан ірілігі жағынан үшінші
орындағы Балқаш көлі судың шамадан тыс пайдаланылып жатқаны себепті тартылып жатыр.
Сондай-ақ, Қазақстанда суға деген сұраныс мəселесіне келгенде, басқару сапасы өте төмен.
Есесіне Қытайдың өзен суына деген сұранысы батыстағы аймақтардың дамуына байланысты
барынша ұлғайған. Қытай Балқаш-Алакөл бассейні аумағын
қамтитын Шыңжаң аймағына
елдің басқа тұстарынан адамдарды көшіру мақсатында «Батысқа бет ал» деген атауға ие болған
саясат жүргізіліп келеді. Негізгі сызық сценарийі бойынша жасалған болжамға сəйкес,
аталмыш аймақтың жалпы халқы 40 миллиондай адамға дейін жетуі мүмкін. Адам саны өскен
сайын ауыл шаруышылығы жəне өндіріс дамып, суға деген сұраныс өседі. Ал Қытайдағы су
пайдалану тиімділігі Қазақстандағы сияқты өте төмен.
Обь бассейніне құйылатын солтүстік-шығыстағы өзен салалары мен орталық
аймақтағы далалы жер арқылы өтетін өзендер
Ертіс өзен бассейні
Ертіс өзенінің Қазақстандағы ұзындығы – 1 200 км. Ал Қытайдан ағып келетін Қара Ертіс жəне
Ертістің
Ресей жерімен өтіп, Обь өзеніне құйылатын төменгі ағыс бөлігін бірге есептегенде,
өзен ұзындығы 4 248 км болады. Демек, Ертіс дүниежүзіндегі ең ұзын өзен болып табылады.
Бассейн аумағының жалпы көлемі - 1,64 миллион км².