203
ортаға тиетін əсерді бағалау жүйесі, оның процедуралары да қалын жұртшылыққа түсінікті əрі
анық болатындай деңгейге дейін жеткізілді. Алайда
бағалау шараларының аясы
кəсіпорындардың барлығын дерлік қамтиды. Олардың көлемі, шағын жəне орта бизнес басым
келетін салалардың қазіргі қажеттіліктері есепке алынбайды. Іс-əрекеттің бөлек-бөлек
түрлеріне берілетін экологиялық рұқсат қағаздар бірегей бір құжатқа біріктіріліп,
жаңадан
қабылданған Экологиялық кодексте 2008-жылдан бастап ірі индустриялық секторлар үшін
біртұтас рұқсат беруді енгізу керек деп ұйғарылған. Осындай бірегей рұқсат қағаздарындағы
талаптар қолда бар ең ұтымды технологияларға негізделетін болады. Алайда бұл əдісті
қолданысқа енгізуге керекті білім мен тəжірибе деңгейі жетіспейді.
Достарыңызбен бөлісу: