Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет168/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   195
kazakhstanII.KAZ

қадамдардың барлығына сəйкесінше қаржы бөлінуі қажет. Жаңадан жасалған өзгерістер 
өзге стратегиялық саясат құжаттарға қайшы келмеуі шарт. Өзгертілгеннен кейін 
жоспарды басып шығарып, Парламенттің қарауына беру керек. Жоспардың орындалуын 
тұрақты түрде бақылайтын жəне өзгеріс енгізетін механизмдер келісіліп, басып шығарылуы 
тиіс. 14.2 ұсынысты қараңыз.
 
*
Қазақстанда алғашқы шолу 2000-жылы жасалды


200 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-əрекет жоспарының мерзімі 2000-жылы 
аяқталды. 2003-жылы Қазақстан 2004-2015-жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік 
туралы тұжырымдаманы қабылдады. Бұл құжат алғашқы жоспардың орнын басты деуге 
болады. 2004-жылы аталмыш тұжырымдаманың келешек сатыларын орындауға бағытталған 
іс-шараларды анықтайтын 2004-2006-жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданады. 
2005-2007-жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы да 2004-жылы 
қабылданды. 2007-2009-жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 2007-жылы қабылданды. 
Бағдарламада атқарылуға тиісті шаралар мен жобалармен қатар, соған жауапты мемлекет 
органдары, орындалу мерзімдері жəне шығындар көрсетілген. Бұл кез-келген жоба мен 
бағдарламалардың мемлекеттік бюджетке енгізілуінің алғышарты болып табылады. Алайда, 
Қазақстанда іс-шаралардың орындалуын тұрақты түрде бақылау əдістемелері жетілмеген. 
Сондықтан, іс-шаралардың жүзеге асырылуын, орындалу есептері мен шығындар есептерінің 
көмегімен ғана қадағалауға болады.
1.3 ұсыныс: 
Қоршаған ортаны басқару институттарының барлық міндеттері мен жауапкершіліктері 
жетілдірілген, əрі ашық болуы тиіс. Ол үшін Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау 
министрлігі ішкі жəне сыртқы (өзге министрліктер жəне əкімшіліктермен) қатынастарды 
дамытуы қажет. Радиоактивті менеджментке жауапты институттар анықталуы керек. 
Қоршаған ортаның жағдайы туралы есептер дайындайтын департамент тағайындалуы 
тиіс. Қоршаған ортаны инспекциялау қызметтері күшейтіліп, соларға тренинг, құрал-
жабдықтар жəне қаражат берілуі керек. 6.5 ұсынысты қараңыз.
2000-жылдан кейін үкімет құрамы ауысып, қоршаған орта саласындағы басқару органдары 
өзгеріске ұшырады. Геология, суды қорғау, жер, орман жəне биологиялық əр-түрлілік 
мəселелері Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орнын басқан 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзырынан алынып, өзге министрліктерге берілді. 
Осы өзгерістің нəтижесінде аталмыш салаларда қоршаған ортаны қорғау сапасының 
қаншалықты жақсарғанын тексеру мүмкін емес. Үкімет құрылымындағы өзгерістерден кейін 
түрлі органдардың функциялары бірін-бірі қайталап, министрліктер арасындағы 
ынтымақтастық деңгейі шамалы нашарлап кетті. Кейінгі уақытта үкімет орындарына 
əрекеттердің барлығын өзара үйлестіру жөнінде ресми талаптар қойылып, кейбірінің 
функциялары қайта анықталып, осының нəтижесінде басқару органдары өзара үйлесімдірек 
жұмыс істейтін болды. Түрлі министрліктерде қызмет ететін жұмыскерлер өзара жақсырақ 
танысып, ақпаратты көбірек бөлісетін болды. Радиоактивтік бақылау жүргізу міндеті 
Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігіне жүктелді. Қоршаған ортаның жағдайы 
туралы ұлттық есепті жыл сайын Қазақстанның Экология жəне климат жөніндегі зерттеу 
институты əзірлейді. Бұл есеп «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу» 
мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалады. Аталмыш бағдарлама Қоршаған орта 
министрлігі қарамағындағы Тұрақты даму жəне ғылыми-талдамалық қолдау көрсету 
департаментінің басқаруымен жүзеге асырылады. Қазақстанда экологиялық инспекциялар 
жүргізу саласында біраз жетістіктерге қол жеткізілсе де, өндіріс процесі мен қоршаған ортаны 
қорғау шараларын толығымен бағалап-зерттеу мүмкіндігі əлі де болса өте төмен. Бұған өндіріс 
процестерін толығымен түсінбеу, тəжірибенің жетіспеуі жəне мониторинг жүргізетін құрал-
саймандардың жетіспеуі əсер етеді.
1.4 ұсыныс: 
Біртұтас экологиялық ақпарат жүйесі біртіндеп құрыла басталуы тиіс. Экологиялық 
ақпараттың таратылуы осы жүйенің аясында реттелуі қажет. Бұл процесті Табиғи 
ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі жəне басқа да үкіметтік 
институттардағы экологиялық ақпаратты түгендеуден бастау керек. Түгендеуден түскен 
мəліметті дер кезінде жəне жүйелі түрде жариялау халықтың экологиялық ақпаратқа 
кедергісіз қол жеткізуне жол ашар еді. 10.1 жəне 12.4 ұсыныстарын қараңыз. 


201 
 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды бақылаудың біріккен мемлекеттік жүйесін 
(ҚОТРББМЖ) құру жобасының аясында түрлі үкіметтік органдар жүзеге асыратын 
экологиялық мониторинг пен мəлімет жинауды сапалы үйлестіру мақсатында заң жəне 
институционалдық деңгейде бірқатар шаралар қолға алынды. 2001-жылы үкімет ҚОТРББМЖ-
ні құру мен жүргізудің ережелерін бекітті. 2005-жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 
аталмыш жүйенің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында агенттіктердің бірлескен 
жұмыс тобын құрды. Оның құрамына Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, басқа да үкімет 
орындары мен ғылыми институттардың мамандары кірді. 2007-жылдың мамыр айында 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйенің аясында алмасуға тиесілі ақпарат түрлерін 
анықтап, соның алмасу нысаны мен тəртібін белгіледі. Ал 2006-жылы министрлік өзге үкімет 
орындарымен бірлесіп, ҚОТРББМЖ-нің тұжырымдамасын қабылдап, 2007-жылы осы 
тұжырымдаманың жекелеген тұстары Экологиялық кодекске енгізілді.
2004-жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі төрт түрлі ақпарат түрін сақтайтын 
интернетке қосылған мəлімет базасын құрастырудың моделін жасауға кірісті. Осы төрт ақпарат 
топтарының бірі қалдықтардың ауаға шығарылуын, төгілуін, биологиялық əр-түрлілік пен 
табиғи ресурстарды қозғайды. 2005-жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 
Ақпараттық жəне талдамалық орталығы табиғи ресурстарының кадастрлері (түгендемесі) 
туралы мəлімет сақтайтын электрондық базаны құрастыра бастады. Осы бастама үкіметтің 
2000-жылы 
шыққан 
«Цифрлік 
гео-ақпарат 
жүйелеріне 
негізделіп, 
Қазақстан 
Республикасындағы табиғи нысандардың мемлекеттік кадастарлері кіретін біріккен жүйені 
құру туралы» қарарын орындау аясында қолға алынды. 2007-жылғы Экологиялық кодекс 
осындай кадастрлер мен мəлімет базаларының құрылуын құптайды.
1.5 ұсыныс: 
Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықтың қоршаған орта 
туралы білімін көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп жұмыс істеуі 
керек. Қоршаған орта саласында білім беруді жетілдіру мəселесі бойынша да осылай жасау 
қажет. Ғылым жəне білім беру министрлігімен бірлесіп, қоршаған ортаға қатысты тренинг 
бағдарламаларын ортақ қаржыландырған дұрыс болар еді. Табиғи ресурстар жəне қоршаған 
ортаны қорғау министрлігі, сондай-ақ, облыстар деңгейінде қоршаған орта мəселесімен 
айналысатын органдарда жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бағдарламалары 
анықталуы керек. 10.1 ұсынысын қараңыз. 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 
бұйрығымен құрылды. Оның құрамына республикалық экологиялық ҮЕҰ-дардың өкілдері 
кіреді. Кеңес мүшелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген 
отырыстарына қатысып, сонда талқыланатын құжаттардың жобаларына қатысты өз пікірлерін 
білдіреді. Министрліктің құрамына кіретін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық 
басқармалардың (ҚОҚТБ) ҮЕҰ-мен ынтымақтасу нысандары əртүрлі болады. Мысалы, 
Алматы қалалық ҚОҚТБ-сы қалада қоршаған орта мəселелерімен белсенді айналысатын 22 
ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеу туралы арнайы келісімге қол қойды. Қоршаған ортаны қорғау 
министрлігі салада жұмыс істейтін ұйымдарды 2004-жылдан бастап қаржылай қолдап келеді. 
2007-жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ҮЕҰ-дар тарапынан іске асырылған төрт 
жобаны қаржыландыру мақсатында 10 миллион теңге жұмсады. Аумақтық басқармалардың да 
ҮЕҰ-дарды қолдайтындай арнайы бюджеттік қаржысы бар.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпараттық жəне талдамалық орталығы 2005-жылдан 
бастап Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстар саласындағы менеджмент мəселелеріне 
арналған тренинг орталығын басқарып келеді. Бұған қоса, Қазақстанның экология жəне 
климатты зерттеу институты өнеркəсіп орындары үшін арнайы техникалық курстар жүргізеді. 
Мемлекеттік қызметкерлердің білімін жетілдіретін Мемлекеттік басқару академиясы оқу 
бағдарламасына қоршаған ортаға қатысты пəндерді енгізді. Білім беру жəне ғылым 
министрлігінің құрамында қоршаған орта жəне тұрақты даму саласында білім беру 
мəселелеріне жауапты арнайы құрылым жоқ. Білім беру саласын дамыту жөнінде 2005–2010-


202 
жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қоршаған орта немесе тұрақты даму саласында 
білім беруге қатысты қандай да бір шаралардың қолға алынуы қарастырылмайды. Аталмыш екі 
министрлік арасындағы жəне басқа да министрліктер мен мүдделі топтар (ҮЕҰ-дар, 
университеттер, бизнес топтары, т.б.) арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі əді де болса 
төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет