1
ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақстанның экологиялық қызметінің нəтижелілігі туралы бiрiншi шолу 2000-жылы жасалды. Осы бір
екінші шолу сол алғашқы шолудан бері Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ісінде қаншалықты алға
басқанын мөлшерлеп, табиғатты қорғау саласындағы келешек мəселелерді шеше білу қабілетіне баға беруді
мақсат тұтады.
ЖАЛПЫ АХУАЛ
Ішкі Жалпы Өнімі (ІЖӨ) жылына 10 пайыздан
асатын қарқынмен өсіп, 2002-2006-жылдар
аралығында инфляция деңгейі 8 жəне 9 пайыз аралығында болған Қазақстанның экономикасы
2000-жылдан бері айтарлықтай дами түсті. Бұл жетістікке, бірінші кезекте, мұнай, минералдар
жəне басқа да өнімдердің өндірісі мен экспорты көлемінің ұлғайғаны себеп болды.
Кедейлік деңгейі едəуір төмендеп, 2000-2006-жылдар аралығында шамамен 20 пайызға азайды.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ресми деңгейі əлі де жоғары жəне ІЖӨ-дегі «көлеңке
экономиканың» 30 пайыз құрайды деп есептелетін үлесі азаятын емес.
Қоршаған ортаны қорғау ісіне келсек, үміт ұялатарлық кейбір үрдістерге
қарамастан
Қазақстанның алдында əлі қыруар жұмыс жатыр. Үкіметтің қоршаған ортаны қорғау
шараларына бөлген қаражаты (жалпы үкімет бюджетінің 0.5%-ы көлемінде)
қоршаған орта
саласындағы шешімін күткен мəселелері елеулі əрі сан алуан болып келетін мемлекет үшін
тым мардымсыз. ІЖӨ-ге шаққандағы жылыжайлық газдың атмосфераға бөліну деңгейі
əлемдегі ең жоғарылардың бірі болып келетіні, Арал теңізі мен Балқаш көлінің ахуалы, Каспий
теңізіндегі бекіре балығының күрт
азайып кеткендігі, жердің азып кеткені жəне шөлге
айналуы, өңделмеген
өндірістік қоқыстың жиналуы, радиактивті улы заттар,
өндірістік
ластаулар (əсіресе қазба жəне ауыр өндірістерден), су жəне қоқыстың қатты түрлеріне арналған
инфрақұрылымдардың жетіспеушілігі, міне, Қазақстандағы басты проблемалардың қатарында
осыларды атауға болады.
САЯСИ ШЕШІМДЕРДІ АЙҚЫНДАУ, ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Шешім қабылдау жүйесі жəне соның жүзеге асырылуы
Достарыңызбен бөлісу: