Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет33/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.4
Экономикалық мəнмəтін 
Бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық жүйесінде бидай өсіруге, металлургияның дамуы 
мен минералды ресурстар өндіруге байланысты Қазақстанға ерекше рөл берілді. Кеңес Одағы 
ыдырағаннан кейін бұрынғы тығыз экономикалық байланыстар үзіліп, сондықтан ел өндірістің 
күрт құлдырауын, жоғары инфляция мен елеулі қаржы үйлесімсіздігін (дисбаланс) бастан 
кешірді. Қазақстанның экономикасы күрт қысқарып, ел 1990-шы жылдардың бірінші 
жартысында 36 % ЖІӨ-і жоғалтты. 
Елдегі экономиканың екінші ең ірі секторы жəне жұмыс беруші ауылшаруашылығында 1999 
жылы өнім мол болып, ол 21,6 %-ды құраған жалпы ауылшарушылық өндірісінің өсуіне қозғау 
салды. Сонымен қатар əлемдік рыноктағы мұнайдың жоғары бағалары 14.3%-ды құраған 
өнеркəсіп өндірісінің өсуіне себеп болды. 1999 жылдың бас кезінде ауылшарушылық жəне 
өнеркəсіп өндірісін ұлғайтумен ұштастырылған Қазақстандық валютаны (теңге) флотациялау 
ел экономикасын өсу соқпағына шығаруға көмектесті. Мұнай секторына жасалған шетелдік 
инвестициялар мұнай өндірушілік қуаттың ұлғаюына септігін тигізді жəне экспорт 
көлемдерінің айтарлықтай өсуіне түрткі болды. 2000 жылдан бастап ЖІӨ-нің тұрақты жылдық 
өсуі байқалып, ол 9.3%- 13.5% межелерінде құбылып отырды.
1999 жылы тіркелген теңгенің құнсыздануынан (девальвация) кейін, инфляция
қарқындарының қысқа мерзімді азайуы байқалды, бірақ бұл толқын ұзаққа созылған жоқ: 2001 
жылға қарай тұтынушылық бағалар инфляцияның (ТБИ) орташа жылдық орташа деңгейі 10%-
дан аз шаманы құрады. Кейінгі 4 жылдың ішінде ТБИ 8 пайыздан төмен болды. Осы кезден 
бастап инфляция қарқындарының шамалы ғана өсуі белгіленді; 2006 жылы инфляцияның 
деңгейі небəрі 8.6%-ды ғана құрады.


Кіріспе
13
I.2 Сурет: Экономика секторлары бойынша 2000, 2003 жəне 2006жылдардағы ЖІО 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет