18
Кіріспе
Өнеркəсіп
Мұнайгаз саласы Қазақстанның ең маңызды экономикалық секторын құрайды. 2005 жылы осы
сектор елдің экспорт табыстарының 62%-ын еншіледі, осы табыстар таяу жылдарда тұрақты
түрде өсе береді. Өндірістік жəне қайта өңдеу қызмет түрлері қоршаған ортаға, əсіресе елдің
өндірістік аймақтарына жағымсыз əсерін тигізді.
Мұнайгаз секторы ауаның ластануына айтарлықтай ықпал етеді. Сектордағы 75 %-ға жуық
ластайтын заттар атмосфераға, 20%-ы суға жəне қалған 5% -ы топыраққа шығарылады.
Мұнайгаз кəсіпорындарының шоғырланған аймақтарға тигізетін жергілікті əсері едəуір.
Атырау облысында ауаның ластануының 99.9%-ға жуығы мұнайгаз кəсіпорындарының
жұмысымен байланысты. Осындай ахуал Қызылорда (96.7%), Маңғыстау (94.1%) жəне Батыс
Қазақстан (89.7%) облыстарынан байқалады.
Мұнай өндіретін кəсіпорындар жер үсті жəне жер асты суларын ластайды, атап айтқанда бұл
Каспий теңізі суының, сондай-ақ теңізге тікелей жақын орналасқан топырақтарға (жер
қыртыстарына) қатысты. Өндірілетін мұнайдың кең орындарындағы ысыраптары 3.5%
шаманы құрайды. Өткізгіш құбырлар арқылы өнімді тасымалдауға
байланысты ысыраптар
одан да көп. Есепті деректер бойынша Кен орындары мен өткізгіш құбырлар жүргізілген
аймақтарда мұнай төгу 1 км
2
-ге 0,02 тоннаны құрайды. Төгудің негізгі себептері коррозиямен,
механикалық зақымдармен жəне конструктивті ақаулармен байланысты. Осы ысыраптарды
өндірістің түрлі кезектерінде баламасыз есепке алудың нəтижесінде жағдай одан сайын
шиеленісе түседі.
Кен өнеркəсібі секторы көлемі бойынша Қазақстандағы мұнайгаз секторынан кейінгі екінші
өнеркəсіптік сектор болып табылады. Ол сондай-ақ шикі мұнай экспортынан кейінгі екінші
экспорттық секторға жатады. Кен өнеркəсібінің үлесіне Қазақстанның экспорттық табысының
(кірісінің) 30%-ы, ЖІӨ нің 16%ы жəне жұмыспен қамтудың 19%-ы келеді. 200-ден аса Кен
өндіруші кəсіпорындар қомақты
көлемде тауар өнімін өндіреді, олар: көмір, темір рудасы,
хромит рудалары мен ферросплавтар, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, болат, титан
губкасы, уран, барит жəне т.б.
Өндіретін руданың жалпы көлемінің 95%-ы бракқа шығарылатын болғандықтан, Кен өндіруші
өнеркəсіп қалдықтарының үлкен көлемдерін шығарады. 2007 жылдың
бас кезіне дейін
өндіруші өнеркəсіптің жиналған қатты қалдықтары миллиард тоннаны құрағаны есептеп
шығарылды, соның салдарынан топырақ пен су ластанған.
Қазақстанда уран рудаларының əлемдегі ең ірі Кен өндіру кешені бар. Уран рудасын өндіру
мен қайта өңдеу топырақты ластады жəне 106 миллион тоннаға жуық радиоактивті қалдықтар
шығарып, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндірді. Осындай қалдықтардағы
радиацияның деңгейі 35-тен 3,000 мР/ч-ға дейін ауытқиды, жəне радиацияның жалпы көлемі
50,000 Ки-ден асады.
Энергетика
Қазақстан орасан үлкен жəне алуан түрлі энергетикалық ресурстарға бай, бірақ көмір энергия
жасаудың негізгі көзі болып табылады. Екібастұз бен Торғайдың ашық көмір Кен орындары
жылыту жүйесі мен электр энергиясын жасау жүйесінде пайдаланылатын
арзан көмірді
қамтамасыз етеді, ал Қарағанды бассейнінің анағұрлым сапалы көмірі металлургияға
қолданылады. Елдің жалпы энергетикалық қажеттіліктерінің шамамен 52%-ы (7 тармақтағы
7.2 суретті қараңыз) көмірмен өтеледі. Қазақстанның климаттық жағдайлары жылу
энергиясыынң ірі тұтынушылары болып табылады, əрі жылу қажеттілігінің 50%-ы отын
ретінде төмен сапалы көмірді пайдаланылатын орталықтан жағылатын жылу электр
станцияларымен жабылады.
Кіріспе
19
Энергетикалық сектор төмен сапалы көмірді жəне электр станцияларында лайықсыз тазалау
жабдығын пайдаланудың нəтижесінде атмосфералық ауаны ластайтын басты көздердің
біріне
жатады. Қазақстанда энергияның тиімділігі төмен. Мұнай баламасының бір килограммын
пайдалану ел экономикасына 1.8 АҚШ долларын береді, ал дамыған елдердің осындай
көрсеткіштері 1 кг мұнай баламасына орта есеппен 5,5 АҚШ долларын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: