8) халықты төтенше жағдай аймағынан эвакуациялау тәртiбi мен мерзiмдерi;
9) санитарлық-эпидемияға қарсы және емдеу-эвакуациялық шаралар;
10) орналастыру мен эвакуациялауды басқаруды ұйымдастыру, халыққа хабарлау тәртiбi.
Сонымен бiрге облыста бейбiт уақыттағы көлiктiң жұмыс кестесi бойынша күнi бұрын әкетiлетiн халықтың санын есепке алу жүргiзiледi.
22. Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
1) әрбiр қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушелердiң кооперативi бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;
2) қауiпсiз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;
3) орналастыру мен эвакуациялау мерзiмдерi (басталуы және аяқталуы);
4) жергiлiктi атқару органдары мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшiлерге және халықтың басқа бөлiгiне орналастыру мен эвакуацияның басталуы мерзiмi туралы хабарлау тәртiбi;
5) эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтiру мерзiмдерi;
6) жаяу тәсiлмен әкетiлетiн және көлiктiң барлық түрiмен шығарылатын халық саны;
7) халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсiлмен эвакуациялаудың әрбiр маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттерi, демалыс орындары, реттеу пункттерi, аралық пункттер;
8) халықты көлiкпен әкетудiң және жаяу тәсiлмен шығару кезектiлiгi;
9) эвакуациялық жинау пункттерi және оған бекiтiлген ұйымдар мен пәтер иеленушiлердiң кооперативi;
10) халықты көлiкке отырғызу пункттерi;
11) оны қауiпсiз аймақта түсiру пункттерi;
12) халықты қауiпсiз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар;
13) қауiпсiз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөнiндегi бассауғаларды дайындау тәртiбi мен мерзiмдерi, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;
14) халықты эвакуациялаудың аралық пункттерiнен және түсiру пункттерiнен оларды орналастыру орындарына жеткiзу үшiн аудандардың көлiгiн пайдалану;
15) эвакуациялық шараларды жүргiзу кезiнде бақылауды, басқаруды және байланысты ұйымдастыру;
16) жұмысшылар ауысымын қауiпсiз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және керi қарай тасымалдау тәртiбi.
Сонымен бiрге, категорияланған қалада (қалалық ауданда) күнделiктi тұрмыстағы көлiк жұмысының кестесi бойынша күнi бұрын әкетiлетiн халықтың санын есепке алу жүргiзiледi.
23. Ұйымдардың азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
1) орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң саны;
2) орналастыру мен эвакуациялау мерзiмдерi (басталуы және аяқталуы);
3) жұмысшылардың, қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң көлiкпен әкетiлетiн (транспорт түрлерi бойынша) және жаяу тәсiлмен шығарылатын саны;
4) эвакуациялық шаралар үшiн ұйымдарға берiлетiн көлiк құралдары;
5) жұмысшыларды, қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн жаяу тәсiлмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттерi, демалу аудандары, аралық пункттер;
6) ұйымдар бекiтiлген немесе өрiстетiлген эвакуациялық жинау пункттерi, олардың нөмiрлерi мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерiн өрiстету уақыты;
7) жұмысшылардың, қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң эвакуациялық жинау пунктiне келген уақыты;
8) жұмысшыларды, қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшелондардың бастықтары, автомобиль легiнiң басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;
9) адамдарды көлiкке отырғызуды ұйымдастыруға бөлiнген пункттер, халықты түсiру пункттерi мен қауiпсiз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттерi;
10) қауiпсiз аймақта жұмысшыларды, қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн қабылдауды ұйымдастыру;
11) халықты түсiру пунктi мен эвакуациялаудың аралық пункттерiнен орналастыру орындарына жеткiзу тәртiбi және ол үшiн бөлiнетiн көлiк (саны, сиымдылығы, келетiн уақыты, бөлген адам);
12) жұмысшыларды, қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн пәтерлерге орналастыруды есепке алу: әрбiр бөлiмге, цехқа, учаскеге бөлiнген көшелер мен үйлер; әрбiр үй бойынша тұрғын орнының қолда бары, тұрғындар саны, кiмдер және қанша адам қоса орналастырылды;
13) бассауғаларды даярлау тәртiбi мен мерзiмдерi, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа да жұмысшыларды, қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймақта қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
14) басқару мен байланысты ұйымдастыру, цехтар, бөлiмдер, өндiрiстiк учаскелердiң немесе желiлер бастықтарына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшiлерге және олардың отбасы мүшелерiне орналастыру мен эвакуациялаудың басталуы мен мерзiмдерi туралы (жұмыс кезiнде және жұмыс болмаған күнi) хабарлау тәртiбi;
15) жұмысшылар ауысымын қауiпсiз аймақтағы орналастыру ауданынан (пункттерден) объектiге және керi қарай тасымалдау.
24. Облыстардың, категорияланған қалалардың, қалалық аудандардың және ұйымдардың эвакуациялық комиссиялары қауiпсiз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру картасын (схемасын), орналастыру және эвакуациялау мәлiметтермен бiрге қалалардың жоспарын (12 қосымша), халықты шығару және оны жаяу әкету есептеулерiн, халықты қауiпсiз аймақта қамтамасыз ету жөнiндегi есептеулердi және басқа да қажет жұмыс пен анықтамалық құжаттарды жасайды.
25. Халықты орналастыру мен эвакуациялауды аралас әдiспен жоспарлаған кезде мыналарды көлiкпен әкету көзделiнедi: мемлекеттiк басқару органдары, аса маңызды ғылыми-зерттеу қорғаныс мекемелерi, ұйымдардың жұмыс ауысымдары, медициналық мекемелер, едәуiр қашықтыққа жаяу жүре алмайтын тұрғындар (16 жасқа дейiнгi балалар, жүктi әйелдер, мүгедектер, аурулар, жасы келгендер және т.б.).
26. Жаяу жүру маршын ұйымдастыру үшiн қозғалыс маршруттары белгiленедi. Олар әскери тасымалдар жүрмейтiн жолдармен өтуге тиiс. Әр бiр қала үшiн маршруттар саны жергiлiктi жағдайларға, жолдардың болуына, сондай-ақ орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың санына байланысты болады.
27. Жаяу қозғалыс маршруттарында коменданттық қызмет пен қозғалысты реттеу қызметi ұйымдастырылады, реттеу пункттерiнiң орындары, демалу аудандары мен эвакуацияның аралық пункттерi айқындалады; медициналық және жылыну пункттерi құрылады.
Дамылдау аудандарын мүмкiндiгiнше халықтың демалуына және тұрмыс тiршiлiгiне қолайлы орындарды ескере отырып таңдау қажет. Соғыс уақытында халықты жасыру үшiн дамылдау орындарында қарапайым бассауғалаулар дайындалады, жарықты түсiрмеу және демалу шаралары қамтамасыз етiледi.
Егер тұрақты орналастыру аудандары тәулiктiк мерзiм жүруден астам қашықтықта болса, эвакуацияның аралық пункттерi (ЭАП) құрылады. Олар келетiн халықты тiршiлiк жасауға қажеттiлердiң ең аз мөлшерiмен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етiлуге тиiс. Эвакуациялық аралық пункттерi мүмкiндiгiнше темiр жол мен тас жолға, сумен қатынасы жерлерiне жақын орналасады.
28. Ұйымдасқан түрде қозғалу мақсатында және халықты басқару қолайлы болуы үшiн жаяу алып жүретiндер адам саны 500-ден 1000-ға дейiн сап құрайды. Саптар өндiрiстiк - аумақтық ұстын бойынша (ұйымдар бойынша) құрылады.
Саптардың қозғалу жылдамдығы 4 км/сағ. болып жоспарланады, саптар арасындағы арақашық - 500 м. дейiн. Тәулiктiк жүру өлшемi - 30-40 км.
Демалу үшiн дамылдау ұзақтығы аз дегенде 30-45 минөт, көбi - 2-4
сағат. Аздап дамылдаулар әрбiр 2-2.5 сағат жүргеннен кейiн, ұзақ дамылдау
- тәулiктiк жүрудiң екiншi жартысы басталғанда берiледi.
29. Жаяу эвакуацияның әрбiр маршруты үшiн марш схемасы жасалады, ол
маршрут бастығына арналады.
30. Онда мыналар көрсетiледi:
1) саптар тiзбесi, олардың құрамы мен нөмiрленуi;
2) қозғалыс маршруты;
3) бастапқы пункт, реттеу пункттерi мен оларды саптардың жүрiп өткен
уақыты аудандар мен дамылдаулардың ұзақтығы;
4) эвакуацияның аралық пункттерi немесе халықты орналастыру аудандары
және оларға саптардың келген уақыты;
5) көлiк бекiтiлген медициналық пункттер мен жылыну пункттерi;
6) бақылау күзеттерi;
7) маршрутта және жоғары тұрған бастықтармен байланыс жасау тәртiбi;
8) соғыс уақытына арналған жасырынулар мен жергiлiктi төбешiктер, олар
халықты маршрутта, дамылдау орындарында және эвакуацияланың аралық
пункттерiнде жасырыну үшiн пайдалануы мүмкiн;
9) басқару және хабарлау сигналдары;
10) саптың нөмiрi мен құрамы;
11) қозғалыс маршруты;
12) бастапқы пункт, реттеу пункттерi және оларды жүрiп өту уақыты;
13) аудандар мен дамылдау ұзақтығы;
14) эвакуацияның аралық пунктi немесе халықты орналастыру ауданы және
оларға саптардың келген уақыты;
15) соғыс уақытына арналған жасырынулар мен жергiлiктi төбешiктер,
олар халықты маршрутта, дамылдау орындарында және эвакуацияның аралық
пункттерiнде жасырыну үшiн пайдалануы мүмкiн;
16) медициналық пункттер мен жылыну пункттерi;
17) бақылау күзеттерi;
18) маршрут бастығымен байланыс жасау тәртiбi;
19) басқару және хабарлау сигналдары.
31. Жаяу тәсiлмен эвакуацияланатын халықтың өзiмен бiрге 3 күндiк азық-түлiгi, ас суы, қажеттi жеке заттары, жекеше қорғанудың қарапайым құралдары, эвакуация басталар кезде алған газтұтқыштары мен респираторлары, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек.
32. Министрлiктер мен агенттiктерге эвакуациялық шараларды жоспарлауды орталық аппарат пен ведомствоға қарасты ұйымдар жүргiзедi.
Эвакуациялық шараларды жоспарлау кезiнде салаға арналып мыналар белгiленедi:
төтенше жағдай мен соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс тәртiбi, жұмыс iстеушi ауысымның саны;
айрықша қорғаныс немесе экономикалық маңызы бар ғылыми зерттеу институттарын, оқу орындарын, сондай-ақ басқа ұйымдарды орналастыру мен эвакуациялауды жүргiзу тәртiбi.
Сонымен бiрге министрлiктер мен агенттiктердiң ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiн эвакуациялау туралы жинақтап қорытылған мәлiметтерi болуға тиiс.
33. Эвакуациялық шараларды жоспарлау кезiнде ведомствоға қарасты ұйымдарға мыналар көрсетiледi:
1) министрлiктердiң, агенттiктердiң басқару пункттерiнiң қауiпсiз аймақтағы орналасқан жерлерi;
2) басқару орындарына баруға арналған жедел топтардың құрамы, оларға бөлiнетiн көлiктер, олардың қаладан кеткен және қауiпсiз аймақтағы басқару пункттерiне келген уақыты;
3) министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерiн басқару пункттерi бойынша болу;
4) орталық аппаратты басқа жерлерге ауыстыру, қажеттi құжаттар мен жабдықтарды шығару және министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерi отбасының мүшелерiн эвакуациялауға бөлiнетiн көлiк құралдары, басқармалар мен бөлiмдер арасында көлiктi бөлiсу;
5) мұрағатқа құжаттарды тапсыру тәртiбi, сондай-ақ тұрақты орналасқан жерлерде қалатын құжаттарды, жабдықтар мен мүлiктердi сақтау тәртiбi;
6) министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймаққа шығару үшiн хабарлау мен жинау тәртiбi;
7) эвакуациялық жинау пункттерi, отырғызу және түсiру пункттерi, оларға министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн келу уақыты;
8) министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймаққа елдi мекендерге орналастыру;
9) министрлiктердiң, агенттiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймақтағы оларды орналастыру пункттерiнде жасыруды ұйымдастыру, оларды жекеше қорғану құралдарымен, сондай-ақ бiрiншi қажеттi заттармен жабдықтау есепке алу.
34. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауiпсiз аймақта қабылдауды, орналастыруды және жабдықтауды төтенше жағдай жөнiндегi бөлiмдердiң бастықтары, аудандардың эвакуациялық қабылдау комиссиялары жоспарлайды.
35. Ауданның азаматтық қорғаныс жоспарының орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдауға және орналастыруға қатысты бөлiгiнде мыналар көрсетiледi:
1) келетiн ұйымдар мен пәтер иеленушiлердiң кооперативi саны мен аталымдары, оларды жұмысшылардың, қызметшiлердiң және олардың отбасының мүшелерi санын көрсете отырып пункттер бойынша (қаланың көшелерi бойынша) бөлу;
2) өз қызметiн қаладан қауiпсiз аймаққа ауыстыратын ұйымдарды орналастыру үшiн жоспарланатын өндiрiстiк, қызмет, әкiмшiлiк, мәдени-тұрмыстық және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
3) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты түсiретiн пункттер;
4) қабылдаушы эвакуациялық пункттер, оларды көшiру және әкiмшiлiк құрамы, оларды даярлыққа келтiру мерзiмдерi мен тәртiбi;
5) келушi халықты эвакуациялық қабылдау пункттерiнен оларды орналастыру орындарына жеткiзу тәртiбi мен мерзiмдерi мен, тасымалдауға арналған көлiк құралдары (кiм және қанша мөлшердi бөледi, бөлген уақыты);
6) орналастырылатын және эвакуацияланатын халыққа арналған орындар әзiрлеу тәртiбi мен мерзiмдерi, оны азық-түлiкпен және бiрiншi қажеттi заттармен жабдықтау, келушi халықты қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызмет көрсетулер мен басқа да шараларды ұйымдастыру;
7) жергiлiктi атқару органдарының, эвакуациялық органдардың басшыларына, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң басшыларына эвакуациялық шаралардың басталуы, адамдардың түсiру пункттерiне келетiн уақыты туралы хабарлау тәртiбi;
8) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты аумақта (категорияланған қаланың) қабылдау мен орналастыру кезiнде радиациялық және химиялық бақылауды, басқару мен ақпаратты ұйымдастыру.
36. Елдi мекеннiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң азаматтық қорғаныс жоспарының орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау мен орналастыруға қатысты бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
1) келетiн жұмысшылар, қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерiнiң және басқа халықтың саны көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң пәтер иеленушiлердiң кооперативiнiң саны мен аттары;
2) келетiн халықты түсiру пункттерi;
3) эвакуациялық қабылдау пункттерi, халықты осы пункттерден орналастыру орындарына жеткiзу тәртiбi мен мерзiмдерi, осы мақсаттар үшiн бөлiнген көлiктер (кiм және қанша мөлшерде бөледi, бөлген уақыты);
4) орналастырылатын және эвакуацияланатын халыққа арналған паналар әзiрлеу тәртiбi мен мерзiмдерi, оны азық-түлiкпен және бiрiншi қажеттi заттармен жабдықтау, келетiн халықты қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызмет көрсетулер мен басқа шараларды ұйымдастыру;
5) эвакуациялық шаралардың басталуы мен халықтың келетiн уақыты туралы хабарлау тәртiбi;
6) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау мен орналастыру кезеңiнде басқаруды және ақпаратты ұйымдастыру.
5. Эвакуациялық шараларды өткiзу
Халықты iшiнара эвакуациялауды жүргiзуге өкiм алған кезде эвакуациялық органдар көлiк ұйымдарымен бiрлесе отырып, жоғарғы оқу орындарының студенттерiн, орта арнаулы оқу орындарының, кәсiптiк-техникалық училищелердiң және мектеп-интернаттардың оқушыларын, балалар үйлерi арнаулы балалар мекемелерiнде тәрбиеленушiлердi, мүгедектер мен қарттар үйлерiндегi зейнеткерлердi, оқытушылармен, тәрбиешiлермен, қызмет көрсетушi персоналдармен және олардың отбасы мүшелерiмен бiрге шығаруды жүзеге асырады.
Халықтың барлық осы топтары, әдеттегiдей, өздерiнiң оқу орындары мен мекемелерi құрамында эвакуацияланады.
Халықтың осы категорияларын эвакуациялауды жүзеге асыру үшiн эвакуациялық жинау пункттерiн мүмкiндiгiне қарай өрiстетiледi. Эвакуацияланатын тұрғындарды есепке алумен, жөнелтудi қаланың (ауданның, ұйымның) эвакуациялық комиссиялары жүргiзедi.
37. Эвакуацияларды жүргiзуге өкiм алысымен азаматтық қорғанысы мен эвакуациялық органдардың бастықтары жасалған жоспарларға сәйкес халықты бытыраңқы орналастыруға және эвакуациялауға дайындайтын шараларын жүргiзедi.
38. Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың басталғаны туралы өкiм (сигнал) облыстардың, қалалардың және аудандардың азаматтық қорғанысының бастықтарына берiледi.
Қалалар мен аудандардың азаматтық қорғанысының бастықтары өкiмдi (сигналы) ұйымдардың азаматтық қорғанысының бастықтарына бередi.
39. Республиканың азаматтық қорғаныс, эвакуациялық комиссия бастықтарына қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жоспарланған эвакуациялық шараларды өткiзу тәртiбiн пысықтайды; министрлiктердi, агенттiктердi және республикалық бағыныстағы басқа да ұйымдарды эвакуациялауға басшылық жасайды; эвакуациялық шараларды жүргiзуде облыстар арасындағы өзара iс-қимылды анықтайды; орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы республика Президентiне баяндайды.
40. Облыстардың азаматтық қорғанысымен, эвакуациялық комиссиясының бастықтары, қолда бар жоспарлар мен қалыптасқан жағдайға сәйкес орналастыру мен эвакуациялауды өткiзуге арналған қалалардың, аудандардың азаматтық қорғанысымен эвакуациялық органдарына мiндеттер қояды:
1) қалалардың, қалалық аудандардың және ұйымдардың орналастырылатын және эвакуацияланатын халқын жинау және жөнелту жөнiндегi жұмысын, сондай-ақ халықты қабылдау мен орналастыру жөнiндегi аудандар мен қалалардың эвакуациялық органдарының жұмысын бақылайды;
2) облыстық азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiлген жұмысын ұйымдастырады;
3) аумақтарына эвакуацияланатын халықты орналастыру мәселелерi бойынша көршi облыстармен өзара iс-қимылды қолдайды.
41. Қалалардың (қалалық аудандардың) азаматтық қорғанысымен, эвакуациялық комиссия бастықтары ұйымдар мен пәтер иеленушiлердiң кооперативiне, эвакуациялық шараларды өткiзуге арналған мiндеттер қояды:
1) эвакуациялық жинау пункттерiн өрiстетедi;
2) белгiленген кезектiлiкке сәйкес халыққа хабарлау, оны дер кезiнде жинау және қауiпсiз аймаққа жөнелту жөнiндегi ұйымдармен пәтер иеленушiлердiң кооперативiнiң қызметiне басшылық жасайды;
3) көлiк органдарының басшыларымен бiрге отырғызу пунктiнiң жұмысын өрiстетедi, халықты эвакуациялық жинау пунктiне және отырғызу пунктiне жеткiзу үшiн қалалық көлiктi пайдалану тәртiбiн анықтайды;
4) маршруттар бастықтарына жаяу тәсiлмен эвакуациялау мiндеттерiн қояды, оларға марш схемасын тапсырады, жаяу саптар құрамаларын және оларды бастапқы пункттерге шығаруды басқарады;
5) маршруттар бастықтарымен байланыс жасайды;
6) аудандардың эвакуациялық қабылдау комиссияларының бастықтарымен байланыс орнатады, оларға жаяу саптардың, пойыздардың, автоколонналар мен кемелердiң жөнелтiлгенi туралы, олардағы халықтың құрамы мен саны туралы хабарлайды;
7) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру, жабдықтау және қорғау мәселелерiн шешу үшiн орналастыру аудандарына өздерiнiң өкiлдерiн жiбередi.
42. Ұйымдардың, пәтер иеленушiлердiң кооперативтiң азаматтық қорғанысымен эвакуациялық комиссияларының бастықтары орналастыруға және эвакуациялауға жататын жұмысшылардың, қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және қалған бөлiгiнiң тiзiмдерiн нақтылайды.
43. Осы тiзiмдердi анықтағанда:
1) қаланың (облыстың, республиканың) азаматтық қорғанысының жоспары бойынша бөлiнген темiр жол пойыздарының, автомобиль колонналары мен кемелердiң нөмiрлерiн (және оларды отырғызу пункттерiне жеткiзген мерзiмдерiн) нақтылайды;
2) халықты хабардар етедi және жиналуы мен эвакуациялық жинау пунктiнде тiркелуiн ұйымдастырады;
3) жаяу тәсiлмен шығарылатын халықтан марштық саптар құрайды;
4) жаяу тәсiлмен эвакуациялар маршруттарын, бастапқы пункттерi мен оларға шығу тәртiбiн нақтылайды;
5) жаяу саптар бастықтарына, эшелондар бастықтары мен автомобиль колонналарының жетекшiлерiне нұсқау бередi, оларды маршрут схемасынан алынған үзiндiлермен және байланыс құралдарымен жабдықтайды;
6) жаяу саптарды жөнелтудi, халықты көлiкке отырғызу мен көлiктi жөнелтудi ұйымдастырады;
7) аудандардың жергiлiктi органдарға оларға келетiн халықты орналастыруда, жан-жақты жабдықтауда және қорғауда көмек көрсетедi.
44. Әскери командование органдары халықты орналастыру мен эвакуациялау мүддесi үшiн жолдарды, көпiрлердi және өткелдердi пайдалану тәртiбiн нақтылайды және қажет болған жағдайда азаматтық қорғанысының органдарына тасымалдау жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы нұсқау бередi:
1) азаматтық қорғанысының органдарына қоғамдық тәртiптi сақтау мен коменданттық қызметтi қамтамасыз етуде көмек көрсетедi;
2) қалалар мен төтенше жағдай аймағынан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiн эвакуациялауды ұйымдастырады;
3) әскерлер орналасқан аудандардың босатылған аймақтарын оларға эвакуацияланған халықты орналастыру үшiн азаматтық қорғаныс органдарына бередi.
45. Министрлiктер мен агенттiктерде қауiпсiз басқару пункттерiне министрлiктердi (агенттiктердi) көшiруге жауапты басшылары лауазымды адамдардың мiндеттерiн нақтылайды және орталық аппаратты, айрықша маңызды қорғаныс немесе шаруашылық құндылығы бар ведомство қарасты ҒЗИ және басқа ұйымдардың эвакуациялауды басқарады:
1) министрлiкке (агенттiктерге) бағындырылған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiн орналастыру мен эвакуациялау барысын бақылайды.
46. Эвакуациялық жинау пункттерiнiң бастықтары пункттердi дайындыққа келтiредi, жеке құрамның мiндеттерiн нақтылайды, отырғызу пункттерiнiң бастықтарымен және бекiтiлген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлiктi беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда, халықты жөнелту кестесiн нақтылайды; келушi халықты қабылдау мен тiркеудi, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттерiне мен көлiкке отырғызу пункттерiне жөнелтудi ұйымдастырады. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халық эвакуациялық жинау пунктiне белгiленген уақытта өз бетiнше келiп жетедi.
47. Жаяу тәсiлмен эвакуациялау маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бiрге және азаматтық қорғанысының қоғамдық тәртiптi қорғау қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қозғалысын қамтамасыз етедi; маршруттарға барлауды және солардың iзiмен кеп жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырады.
48. Отырғызу пункттерiнiң әкiмшiлiгi-стансалардың аймақтардың және кемежайлардың бастықтары орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың отыруға келiсiмен ұйым басшылығының өкiлдерiмен бiрге халықты вагондарға (кемелерге) ұйымшылдықпен отырғызуды және пойыздарды (кемелердi) уақытында жөнелтудi жүзеге асырады; көлiктiң берiлуi кешiктiрiлген жағдайда бұл жөнiнде эвакуациялық жинау пункттерiнiң бастықтарына дереу хабарлайды.
49. Аудандар мен қалалардың төтенше жағдай жөнiндегi бастықтары мен бөлiмдерi және эвакуациялық қабылдау комиссиялары халықты түсiру пункттерiн дайындыққа келтiредi (түсiру пункттерiнiң әкiмшiлiгiмен стансаларды, айлақтар мен кемежайлардың бастықтарымен бiрлесiп):
1) эвакуациялық қабылдау пункттерiн өрiстетедi;
2) келетiн халықтың саны мен оларды түсiру пункттерiнiң шығаруға арналған көлiктi беру тәртiбiн, сондай-ақ орналастыру аудандарына эвакуациялаудың аралық пункттерiн нақтылайды;
3) орналастырылатын халықты қабылдау мен орналастыру жөнiндегi жергiлiктi атқару органдары басшыларының жұмысын бақылайды және қажет болған жағдайға, оларға көмек көрсетедi;
4) келетiн халықты медициналық және азық-түлiкпен, сумен және бiрiншi қажеттi заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады, бағыныстылығына қарай орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың келгенi мен орналасуы туралы баяндайды.
50. Эвакомаршруттардағы эвакуациялық жинау пункттерiн, отырғызу мен түсiру пункттерiн және жылыну пункттерiн жабдықтау жөнiндегi шаралардың көлемiн жергiлiктi жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғанысының инженерлiк қызметтерi анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |