Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы У. Гарвей эпигенездi енгiздi. Гарвей бойынша эпигенез дегенiмiз - материяның даму тәсiлi және ол бiрден пайда болады әрі дамиды. Сонымен, эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы К. Вольфтың классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай дайын тірі ағза жоқ екенiн, iштегі эмбриональды даму барысында бiртiндеп жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды. «Ұрықтың iштей салыну» гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш Боннэ партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ «даму процесi алдын ала анықталған» деген ұғымды ұстанды. Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм) Биология саласында XVII – XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi түрлердiң өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген француз ғалымы Ж. Бюффон болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi ( күйiс қайтаратын жануарлардың күрделi асқазаны ), адам әрекетімен жабайы түрдi, үй жануарларына айналдыру т.б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi бағытта жүредi (прогрессивтi өзгерiстер және дегенерация). Бюффон эволюциялық түсiнiкке жаңа бағыт бердi. Философтардан Голбах, Дидро, Мапертюларды атауға болады. Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы. Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына байланысты, жаратылыстану ғылымында тоқырау басталды. Ал, Орта Азия мемлекеттерінде жаратылыстану ғылымының жандана түскен кезеңі болатын. Орта азия оқымыстылары жаратылыстану ғылымына, әсіресе биология саласына көп үлестерін қосты. Ахмед ибн Насыр Жайхони ( б.з.д. 870-912) Үндістаннан, Қытайдан және Орта Азия жерлерінен өсімдіктер мен жануарлар туралы өте құнды мәліметтер жинады. Оның еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары, табиғаттағы маңызы және жергілікті тұрғындардың пайдаланып жүрген түрлері туралы жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |