Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi
Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi;
2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi.
Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.

Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады.