Эволюциялық идеялардың даму тарихы


Әбу Насыр әл-Фараби ( б.з.д. 873-950)



бет8/9
Дата10.11.2022
өлшемі1.08 Mb.
#464467
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Эволюциялық идеялардың даму тарихы

Әбу Насыр әл-Фараби ( б.з.д. 873-950)

Ботаникаға, зоологияға және адам анатомиясына қатысты өз пікірлерін жазып қалдырған. Ол жаны бар тірі ағзаларды ойлай алатындар және ойлай алмайтындар деп бөлді. Ойлай алатын жоғарғы сатыға адамды қойды. Адамның шығу тегін жануарлармен байланыстырады. Адам ағзасының ауру себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп көрсетеді. Табиғатта өздігінен табиғи сұрыпталудың бар екендігін айта келіп, халық өзіне қолайлы түрлерді алу үшін қолдан сұрыптау әдісдерін жүргізіп отыратынын айтады.

Абу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037)

Жаратылыстану ғылымына көп қызығушылық танытқан Орта Азияның жаратылыстанушы-философ ғалымы. «Медицина қағидалары» атты бес кітаптан тұратын еңбегін зерттеу негіздеріне сүйене жазған болатын. Бұл еңбегінде адам мүшелерінің қүрылысы мен онда кездесетін аурулардың түрлері мен пайда болу себептерін түсіндіреді, ауруды емдеу үшін қолданылатын қарапайым және күрделі қосылысты дэрі-дәрмектерді дайындаудау жолдары мен пайдалану кеңестерін ұсынады. Ғалым адамда кездесетін кейбір жүқпалы аурулардың ( осапа, холера, туберкулез) қоздырғыштары көзге көріне бермейтін микроағзалар екенін айтты. Денсаулықты нығайтудың ең тиімді жолы - дұрыс тамақтану мен ағзаны шынықтыру екенін баяндайды. Ғалымның пікірінше Жер өте баяу өзгеріске ұшырап отыратынын, өзендер мен теңіздер біртіндеп тартылып кеуіп отырады. Ол жерлерден тек кезінде суда тіршілік еткен ағзалардың жақтаулы қақпақшалары мен қаңқаларын кездестіруге болады. Ол өсімдіктердегі, жануарлардағы және адамдардағы ұқсастықтарға қоректену, даму-өсу және көбею әрекеттерін жатқызады. Тірі ағзалар арасындағы байланыстың бар екенін көрсетеді.

Абу Райхан Беруни (973-1051)

Орта Азияның жаратылыстану ғылымына көп үлесін қосқан ғалым. Оның еңбектерінде Орталық Азияда, Иранда, Индияда және Ауғанстанда кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сипаттап жазылып, емдік қасиеттері көрсетіледі. Ғалым жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты, өсімдіктер мен жануарларда да болатын өзгергіштікті жазады. Егер жер бетінде бір ғана түрдің саны артатын болса, онда басқа түрлер көбейе алмаған болар еді деп көрсетеді. Сондықтан да бағбан егістігіндегі арам шөптерді тазартып отырады. Омарташылар трутеньдерді емес, аналық араны сақтап қалады. Табиғат бір түрдің көбейіп кетпеуін өзі реттеп отырады, біріншісімен екіншісі қоректеніп теңесіп отырады. Жер бетінің өзгеруі сол айналадағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлады да өзгертеді, дейді Беруни. Ол Қарақұм мен Қызылқұм жерлерінде өзінің палеонтологиялық ізденіс жұмыстарын жүргізіп, Жердің өзгеру тарихымен ондағы организмдердің де өзгеретінін қортындылайды. Беруни 1116 емдік қасиеті бар заттарды, оның ішінде 750 өсімдіктер және 101 жануарларға тән қасиеттер. Үндістанға сапар шегіп, жергілікті жердегі өсімдіктер мен пілдердің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерін сипаттап жазды. Адамдардың терісінің түсінің әр түрлі болуы сол жердің табиғатына сәйкес екенін, ол белгілер ұрпақтан-ү_рпаққа берілетінін айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет