Пререквизитері: әдебиетпен жұмыс істеуге дағдылану, ақпаратты талдау, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын сауатты білу, көркемдік суреттің бейнелеу материалдарын пайдаланудағы дағдылар.
Курстың мақсаты- көркемдік таным, эстетикалық талғамның қалыптасуы суреттік бейнелеуде студенттердің теориялық және практикалық қабілеттерін дамыту. Акварельмен натураны бейнелеуде көлемді формасын, материалдылығын, кеңістікте орналасуын, түстер арқылы колористік шешімін айқындау. Композициялық-шығармашылық қызметті арттыру.
Практикалық сабақтар:
Бет-бейненің характерін ұстатуда қолданатын әдіс-тәсілдер
Нұсқаның басы. Адам басының конструктивті құрылымы, перспектива жайында негізгі ұғымдар, перспектива заңдылықтары. Нұсқаны беліне дейін салу. Адам бейнесі қолымен.
Суреттің бейнелік тәсілдерін білу. Сызықтық перспектива негізі мен заңдылықтары реңдік компоненттер. Кеңістіктегі ритм мен пластика. Стилизация заңдылықтары.
5,6,9
Сурет -ІV
КП/ТК
Sur 2225
2
0/0/0/2/2/2
3
Пререквизитері: Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, ой-елес арқылы, еске түсіру арқылы сурет салу. Аудиториялық және өзіндік жұмыстар окытушының қадағалауымен жүргізіледі.
Суретті меңгеру студентке екі жолдың көмегімен келеді: теориялық және практикалық білімдердің негізінде, яғни перспективалық композициялық заңдылықтарды меңгеруімен қатар жарық-көлеңке, пластикалық анатомия, материалдық технологиялық жасалуы жолдарын терең білу т.с.с. осы білімдерді практика жүзінде қолдана білгенде ғана, студенттің түсінігі мен кабілеті дамып, ақыл ойын арттыру арқылы сурет салу мүмкіншілігі артады. Киімдегі қыртыстарды құралу заңдылыктары тақырыбын меңгерудегі мақсаты: Қыртыстардың түрлерімен танысу. Киімді адамдардың ерекшелігі. Қыртыстардың түрлері. Матаның фактурасын беру. Түрегеп тұрған киімдегі адам бейнесі. Мақсаты: композициялы - шығармашылық ойларды жетілдіру. Интерьердегі киіммен отырған адамның суреттемесі. Мақсаты: Киімді адам бейнелеуде білімдерін, қабілеттерін тексеру. Интерьердегі адам бейнесі. Жалаңаш дене киімді адамнан нобай.
Бағдарламалық тапсырмаларға сай студент орындалған жұмыстарының соңғы нұсқаларын және оларға қосымша барлық ізденіс материалдарын соңғы көріністе (просмотр) көрсетеді.
5,6,9
МОДУЛИ ПО ВЫБОРУ, ВЫХОДЯЩИЕ ЗА РАМКИ КВАЛИФИКАЦИИ
БАТТМ 1 Тілдік даярлық модулі (4 кредит)
Шет тілі ІІ бөлім
ПД
ShT3312
3
0/0/3/3/3
5
Пререквизиттер Кәсіби-бағдарланған шет тілдері Постреквезиттер шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз тілдері) түсіну, диалогиялық сөйлеу дағдысы болуы, шет тілдерінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің ерекшеліктерін білу, шет тілдірінің терминологиясын білу.
Мақсаты күнделікті және кәсіби іскерлік байланыс үшін шеттілдік қарым-қатынас компетенциясын қалыптастыру мен дамыту. Шет тілдерін оқу үшін қолданатын формалар мен технологиялар, қалыптасу мен дамытуға мүмкіндік беретін жекелік-қызмет жолдарын жүзеге асырады. Олар: басқа мәдениеттің тасымалдаушыларымен продукивтік қарым-қатынас орнатуды іске асыру мүмкіндігі, шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз тілдері) пайдалана отырып қызметтің әртүрін жүзеге асыру мүмкіндігі, өзін-өзі дамыту мен өзіндік білім алуға дайындық жасау, сондай-ақ ауызша және жазбаша формада негізгі іскерлік байланыстарды үйренуде жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын жоғарлату мүмкіндіктерін көрсету.
Пәннің спецификасы жұмыстардың басым түрлерін пайдалану арқылы тәжірибелік қызметтің базалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі әдістермен бірге жаңа білімдік технологияларды кеңінен қолдану қажеттілігін анықтайды.
19,20,21
Ағылшын тілі
ПД
AT
3
0/0/3/3/3
5
Неміс тілі
ПД
NT
3
0/0/3/3/3
5
Француз тілі
ПД
FT
3
0/0/3/3/3
5
БАТТМ 2 ЖОО ішілік модулі (2 кредит)
Акмеология және әлеуметтік және даралық жетістік негіздері
БП
AADJN2213
2
1/0/1/2/2
4
Пререквизиттер Әлеуметтану, психология, педагогика. Постреквезиттер -курсты бітіргеннен кейін студент әлеуметтік, кәсіби мәселелердің шешімдерін дұрыс қабылдайтын дағдылар мен білімі болуы керек.
Мақсат - үйренуді қалыптастыру, жүйелеу, кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы жеке, әлеуметтік және кәсіби мәселелер мен міндеттердің кең спектрлерін шешуді үйренуді қалыптастыру. Болашақ кәсіби қызмет үрдісінде қолданылатын кәсіби-әлеуметтік дағдыларды меңгеру. Психологиялық ресурсты сақтаудың технологиясы мен кәсібін меңгеру үрдісін оқып үйрену. Жалпы білім беру және жоғарғы мектептердің психологиялық-педагогикалық мәселелерін зерттеушілердің, білім акмеологиясының маңызды аспектілерінің бірі ретінде білім беру жүйесінің продуктивті басқарудың заңдылықтары негізінде жоғары оқу орнының оқытушыларының кәсіби ойлауды дамуын зерттеу.
Білуі: тәжірибелік және еңбек қызметіндегі кәсіби компотенциясын, қарым-қатынас дағдыларын қолдану;
- тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкіндігіне креативтік түрдегі дағдыларын меңгеру;
- жекелік-кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
- өзінде прогрессивтік идеяларды дамыту және міндеттерді шешудің жаңа әдістерін өзектілендіру;
- кәсіби және коммуникативтік қызметте шыңдарға, мақсаттарға және жетістіктерге жету дағдыларын игеру;
рухани, кәсіби және жекелік өсу жетістіктеріне жету мүмкіндіктерін қарастыру;
13
Алаштану
БП
Ala2213
2
1/0/1/2/2
4
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті. Постреквезиттер: Қазақтану, деректану, мәдениеттану, көмекші тарихи пәндер.
Мақсаты: Студент жастар арасында патриотизм, азаматтық көзқарастарды қалыптастыру мен дамытуда курс ролі өте үлкен.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси және мәдени қызметінің ұлы мұраларымен танысу әрбір буын өкілдерінің қасиетті міндеті болмақ. Мазмұны: Алаштану туралы түсінік. Алаштанудың қазақ тарихындағы орны мен ролі. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмірдегі Алашорданың орны мен ролі. Алаш қозғалысының құрылуының себептері мен мақматы. Ресейдің Мемлекеттік Думасы және қазақ зиялылары. Саяси партияны құру жолындағы Алаш қайраткерлері. Алаш қайраткерлерінің алғашқы қадамдары. Алаш өкілдерінің өмірлері мен қызметері -ұрпақтарға үлгі.
Білуі керек:- қазақ ұлттық саяси элитасының қоғамдық-саяси және мәдени қызметін тану.
- Алаш өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметін үйренуде студенттер арасында патриотизм және отанға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мен әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасау.
- Алаштың қажырлы қызметі жөнінде студенттердің қызығушылығын арттыру;
- студенттерді жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыруда бағыт беруші болу.
14
Өлкетану
БП
Olk2213
2
1/0/1/2/2
4
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті. Постреквезиттер: Тарихи өлкетану, деректану, география, археология, этнология, көмекші тарихи пәндер, мәдениеттану.
Мақсаты: Студенттерді патриотизм рухында және отан тарихын тануға тәрбиелеу. Тарих пен мәдениетті оқу жолында отаншылдыққа деген мақтаныш сезімі мен Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну. Мазмұны: Өлкетану туралы түсінік. Өлкетану әдістері. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы. Тәуелсіздік кезеңіндегі аймақ. Оңтүстік Қазақстан ономастикасы. Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті, әдебиеті және оның өкілдері. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени, ескерткіш және туристік орындары. Оңтүстік Қазақстан облысының саяси элитасы және қоам қайраткерлері.
Білуі керек: - студенттердің тарихи-мәдени, шаруашылық құндылықтар танымы.
- өзінің өлкесіне деген студенттердің қызығушылығын арттыру;
- өзінің өлкесі туралы ақпаратқтарды ашық алуға мүмкіндік береді.