Бақылау сұрақтары:
Кітап материалдық және рухани мәдениеттің жиыны және дамушы функционалдық жүйе.
Қазіргі коммуникациялы-ақпараттық үрдісінідегі кітаптың орны.
Кітаптың функциялары мен қасиеттері.
Кітап құжаттың бір түрі ретінде.
Құжат және кітаптың функциялары мен қасиеттерінің салыстырмалы талдамасы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1 Дворкина М.Я. Информационно-библиотечное обслуживание в социо-культурном пространстве. Учеб.пособие. –М.: Профиздат, 2002-180с.
2 Ванеев А.Н. Конфликты в библиотеке.- Учеб. пособие.- СПб, Профессия,2002.-200с.
3 Езова С.А. Грани библиотечного общения. Учеб. пособие.-Москва. Профиздат.2002.-160с.
4 Мелентьева Ю.П. Библиотечное обслуживание. Учебник.- М., 2006. —256с.
5 Справочник библиотекаря. – М.: Профиздат, 2001.- 308 с.
Қосымша әдебиеттер:
1 Азарова В.А. Обслуживание читателей: Техника профессионального поведения: Монография. — Самара, 1998.
2 Библиотечная энциклопедия / Рос. гос. б-ка. — М. : Пашков дом, 2007. — 1300 с.
3 Дворкина М. Библиотечное обслуживание как система: Учеб. пособие.-М.: МГИК, 1992.-162с
11-Тақырып . Әр түрлі оқырман топтары мен оқырман құрамына негізгі кітапханалық қызмет көрсету технологиясы. (1сағат)
Семинардың өтілу түрі - зерттеу
Мазмұны: Кітапхананың көпшілік жұмыстары дегеніміз барлық көрнекті, ауызша және баспа құралдарының жиынтығы арқылы оқырмандардың белгілі бір тобына ықпал ету.
Көпшілік жұмыстарының дәстүрлі түрлері сонғы кезде жаңа түрлерімен байыды. Олар: мүдделестер тобы, әдеби қонақжайлар, жастар арасындағы ток-шоулар, әдеби тұлға кеші, кітап көрмесі, көрме викторинасы, көрме кроссворд, әдеби лото, диспут, дөңгелек үстел, оқырман конферен-циясы, сұрақ-жауап кештері және т.б.
Бүгінгі оқырманды оның енжар қабылдауына бағыталып жүргізілген шаралар емес, керісінше олардың өздері белсенді түрде қатыса алатын шаралар қызықтырады.
Оқырмандардың талап-тілегінің қалыптасуына әдебиеттерді насихат-таудағы көпшілік жұмыстардың маңызы ерекше. Көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру ғылым мен техниканың жетістіктерін, саяси-қоғамдық өмірдегі негізгі оқиғаларын түсінуге көмектеседі, балалардың мектепте алған білім-дерін толықтырып, кеңейтуге, оқырмандардың жаңа ынталарын қалыптасты-руға, оқу мәдениеттілігін тәрбиелеуге көмектеседі.
Көпшілік жұмыстардың тиімді түрлері мен формаларын кітапханашы алдына қойған тәрбие беру міндеттеріне, оқырман тобының жас ерекшелік-теріне қарай анықтайды. Мысалы, кітапханашы балаларды поэзияны терең түсінуге, оның бағалы шығармаларын сүюге тәрбиелеу міндетін алдына қояды. Бұл жағдайда кітапханашы әрбір оқырманға ақындар шығармаларын ұсынып қана қоймай, көрмелер ұйымдастыру, поэзия кешін өткізуді белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |