КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Тұлғаның бастапқы даму кезеңі болып табылатын мектеп жасына дейінгі жас адам өміріндегі маңызды да жауапты кезең ретінде ғалымдар мен зерттеушілердің үнемі ерекше назарында. Атап айтқанда психикалық процестер, тұлға қасиеттері қарқынды дамып, іс-әрекет түрлері дәл осы
кезеңде қалыптасады. Өзіндік сана дамып, өзіндік бағалау меңгеріледі және осы кезеңде отбасының, отбасылық қатынастардың бала тұлғасының дамуына ықпалы ерекше зор болады. Осы жаста кездесетін бүкіл олқылық тар мен оң әрекеттер баланың болашақ өміріне оң немесе кері әсерін тигізеді, сондықтан да балаға көмек пен ата-анаға қолдау көрсетудің мәні ерекше.
Курстық жұмыс мәселесінің өзектілігі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге арналған қазіргі заманғы мектепке
дейінгі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығымен анықталады.Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
• Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
• Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері,
қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік
беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
• Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
• Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын
коммуникативтілікті дамыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- мектепке дейінгі тәрбиеде балалардың эмоционалдық белсенділігін қалыптастыру теориялық негізделді;
- «Мектепке дейінгі тәрбие», «эмоционалдық белсенділік», «мектепке дейінгі тәрбиедегі балалардың белсенділігін қалыптастыру» ұғымдары нақтыланды;
– Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың эмоционалдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі жасалып, оның тиімділігі эксперименталды түрде тексерілді.
Зерттеудің мақсаты:
• Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда психологиялық қызмет жұмысын тиімді ұйымдастыруды
теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру.
Зерттеу міндеті
• Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздерін қарастыру;
• Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыруда психологиялық қызмет жұмысын тиімді ұйымдастыру
шарттарын анықтау және негіздеу;
• Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға
эксперименттік зерттеу жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |