6 семестр
Пәннің аталуы
|
М37. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология
|
Қысқартылған атауы
|
М ж ВБ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, зертханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Аханов У.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
А.ш.ғ.к. аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, практикалық – 15, зертханалық 15, ОБСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Неорганикалық химия,органикалық және биорганикалық химия,жалпы және молекулалық генетика,өсімдік биотехнологиясы, жасушалық биотехнология пәндері
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Адам жəне жануарлардың бұрын қиын жолмен жазылатын
ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде. Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік жəне басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде. Республика экономикасының осы бағыттағы жетістіктеріне жету үшін жоғарғы дəрежелі мамандар қажет. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның əдістерінің көмегімен диагностикалық жəне дəрілік препараттарды жасаудың медико-биологиялық жəне ветеринарлық-биологиялық тəсілдерінің стратегиясын; практикалық денсаулықты сақтау жəне ветеринарияда пайдаланылатын, олардың ішінде гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дəрілік заттардың өндірістік деңгейдегі өндірілуінің негізін.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Қазіргі заманғы биотехнологияның əр түрлі салаларындағы медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның орны жəне олардың міндеттері. Медициналық жəне ветеринарарлық биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологиялық фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды жасаудағы негізгі ыңғайлы тəсілдер. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның объектілері – микроорганизмдер, вирустар, жануарлар ұлпалары мен клеткалары. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану (микробиологиялық гендік-инженерлік өндіріс)Гендік инженерияның анықтамасы, гендік инженерия əдістерін пайдалана отырып микроорганизмдер штамдарын жəне биологиялық ырықты қосылыстар. Инсулин. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі: шошқа инсулинін адам инсулиніне айналдыру (жартылай синтездік əдіс); гендік- инженерлік жолмен адам инсулинін алу. Гендік-инженерлік адам инсулинін кең көлемде өндірудің концептуалды жолдары: Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау: жаңа штамм- продуценттерді іздеу; қазіргі антибиотиктерді химиялық u1084 модификациялау; Адам жəне жануарлардың иммундық жүйесін ырықтандыру үшін, грипп, А гепатиті жəне олардан басқа бірқатар аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы үшін интерферондар мен интерлейкиндерді басқа да цитокиндермен бірге пайдалану. Онкологиялық ауруларды емдеу үшін интерферондар мен интерлейкиндерді пайдалану. Ортопоксвирустарға қарсы вакциналар – адам жəне жануарлар патогендері . АИВ жəне В гепатиті вирустарына қарсы тірі поливалентті вакцина: АИВ І, В гепатиінің вирусына жəне ортовирустарға қарсы гуморальдық жəне клеткалық иммундық жауаптың қалыптасуы. Жұқпалы ауруларды қоздырушы микроорганизмдерді генотипирлеу жүйелері. Табиғи аналогтарын анықтау үшін рекомбинантты антигендерге қарсы моноклональды антиденелерді пайдалану. Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология.
Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар, олардың қасиеттері жəне алу жолдары. Моноклональды антиденелер. Моноклональды антиденелерді қолдану салалары – медициналық жəне ветеринарлық диагностика, терапия. Вакциналарды жасау.
Практикалық және зертханалық сабақтар:
-
Инсулиннің негізгі қасиеттерінің сипаттамасы. Биосинтезі. Инсулиннің қазіргі заманғы биотехнологиялық препараттарын алу.
-
Инсулинді идентификациялау жəне оның қауіпсіздігін бақылау əдістері.
-
Фармацевтік инсулиннің қазіргі дүниежүзілік рыногы.
-
Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; əсер ету механизмі;терапевтік мақсатта қолданылуы.
-
Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары.
-
Гибридомдар мен моноклональды антиденелер алудың технологиялық схемалары.
-
Медициналық жəне ветеринарлық практикада моно
клональды антиденелерді қолдану.
-
Интерферон. Интерферондарды алу.
-
Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.
-
Антиген-антидене реакциясы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқып емтихан тапсырып болғаннан кейін студенттер істей алуы тиіс:белок препараттарымен жұмыс істеу: белоктарды бөлу, тазарту жəне паспортизациялау операцияларын орындау;гендік-инженерлік тақырыбы бойынша негізгі операцияларды жүргізу;гибридомдық техникаға байланысты комплексті операцияларды орындау;моноклональды нтиденелерді алу, оларды идентификациялау жəне паспортизациялай білу;медициналық жəне ветеринарлық биотехнология əдістерімен дайындалған препараттардың биологиялық ырықтылығын клиникаға дейінгі сынау жұмыстарын жүргізу.
Қорытынды бақылау түрлері:ағымды,аралық,соңында емтихан
|
6 семестр
Пәннің аталуы
|
М42. Педагогикалық іс-тәжірибе
|
Қысқартылған атауы
|
ПП
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Оқу практика, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Бигара Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
а/ш.ғ.к., доцент м.а.
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Практикалық - кәсіптік бөлім
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
1 апта
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Биология, биологияны оқытудың метоликасы, Жалпы педагогика, психология, микроорганизмдердің әртүрлілігі, өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер физиологиясы, өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер биотехнологиясы, микробиология и вирусология, , мамандыққа кіріспе.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Іс-тәжірибенің мақсаттарыы: Педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – 050701 «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алушылардың жалпы ғылыми білімді тереңдетіп, бекіту, культуралогиялық, психология-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер, сонымен қатар теориялық білімді педагогикалық білімде, жоспарында және компетенциясында бекіту.
Педагогикалық іс-тәжірибе жалпы ғылыми, дидактикалық әдістемелік, пән аралық және психология-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған.
|
Мазмұны
|
Педагогикалық іс-тәжірибенің бағдарламасы білім алушының мамадандырылған білім алу мен компетенцияның қалыптасуына бағытталған: педагогикалық шебердің негізін қалыптастыру және оқушылармен оқу-тәрбиелік жұмыстарының мамандандырылған дағдыларын меңгеру; жеке ұстаздың мамандандырылған қажетті тәрбиесі, педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеу; бекіту, тереңдетілген және қоғамдық-саяси байытылған, психология-педагогикалық және нақты педагогикалық мәселені шешуде арнайы білімдерді процестерде пайдалану; түзілуі және мамандандырылған білім мен дағдының дамуы; жалпы білім беретін мектепте, колледжде қазіргі заманғы оқу-тәрбиелік жұмысымен танысу;
жоспарлау, жобалау, оқытудың және тәрбие беру процестердің негізгі компоненттерін анализдеу; қолданып жатқан әдіске сәйкес деңгейін бөліп алу және дидактикалық оқытудағы әдістер және мәселелер
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 20-30 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.
|
4 – курс
7, 8 семестрлер
7 семестр
Пәннің аталуы
|
М29.1. Биологиялық жүйелерді зерттеу әдістері және құралдары
|
Қысқартылған атауы
|
БЖЗӘжҚ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Саденова М.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті бойынша
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, зертхалық – 30, ОБСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: биотехнологиялық құралдар, биотехнологиялық өндірістің негіздері, биохимия, математика.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Берілген пәнді оқытудың мақсаты студенттерді ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданып микробиологиялық, биохимиялық процестерді, аппараттарды және құралдарды зерттеу бойынша келешек ғылыми қызметіне дайындау.
Компотенциялар: биотехнологиялық өндірісті үйымдастырудың әдістері мен қағидалары, құралдары, негізгі объектілері туралы мағлұмат алу, логикалық, аналитикалық және концептуальді ойлану шеберлігін игеру, топта, ұжымда жұмыс істеу қабілетін игеру, нәтижелерді іс қағаздау және түсінікті жеткізу шеберлігін игеру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Биотехнологиялық процестерді зерттеу және жүру ерекшеліктері. Зертханалық және өндірістік жағдайдағы зерттеу және өлшеу. Микроскоп пен микроскоптаудың типтері жайлы негізгі түсініктер. Микроскоптаудың биотехнологиялық зерттеулердігі ролі. Культивирлеу процесін сипаттайтын химиялық және физикалық факторлар. Биотехнологиядағы хроматографиялық әдістер, олардың классификациясы және қолдану аймағы.
Зертханалық сабақтар: Оқу және өндірістегі микробиологиялық зертхананың негізгі құралдары.Биологиялық объектілерді микроскоптау әдістері және жасуша популяциясының сипатына бақылау. Биологиялық жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалын өлшеу. Культуралы сұйықтықтағы диализ және электродиализ әдісімен тазарту. Культуралы сұйықтықтың компоненттерінің концентрациясын фотоэлектрокалориметр көмегімен анықтау. Культуралы сұйықтықтың анализі мен бөлуде хроматографиялық әдісті қолдану. Диализ.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студент технологиялық процестер параметрлер өлшеу және талдаудың негізгі әдістері, негізгі өнімдерді талдау сызба-нұсқасын технологиялық процестермен алынатын өнімдерді теориялық зерттеу құралдары мен әдістерін, өлшеу техникаларының технологиялық процестерді зерттеуге қолданылуын білуі керек.
Бақылау формас: ағымдық,, аралық, қорытынды (емтихан)
|
7 семестр
Пәннің аталуы
|
М29.2. Фотобиологиялық процестер
|
Қысқартылған атауы
|
ФП
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
7 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Сейдалиева Г.Т.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті бойынша
|
Оқу түрі/академиялық сағ. саны
|
Дәрістер- 15с., зертханалық – 30с., ОБСӨЖ- 45с., СӨЖ – 45с.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы-135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиты: бейорганикалық химия, физика, ботаника, биохимия, биофизика, өсімдік физиологиясы, микробиология, молекулалық биология.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
«Фотобиологиялық процестер» пәнінің мақсаты қазіргі заман заңнамалар және жарықтың механикасын биологиялық системада әртүрлі күрделі шоғырлануда әсерін, фотобиологиялық реакция негізінде байқау.
Компетенттілігі:
Фотобиологияның перспективті дамуын және қазіргі кездегі жағдайларын түсіну, биотехнологиялық нысандарды зерттеуде сәйкес келетін әдістерді таңдап алу және сенімді қолдана білу, жарықтың заттармен өзара әсерлесу заңдылықтарын, фотофизика және фотохимияның негізгі түсініктерін, әртүрлі фотобиологиялық процестердің жалпы кезеңдерін, сондай-ақ фотобиологиялық механизм туралы қазіргі заманғы түсініктерін меңгеру, фотобиологиялық әсер етудің әртүрлу деңгейлерде пайда болуына талдау жасауға интегральды қадамдарды қолдана білу; фотобиологиялық тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіріп беру, ғылыми аппаратуралармен жұмыс жасау, соның ішінде жоғарғы кернеулігі бар құралдармен жұмыс істеу, фотобиологиялық тәжірибелерді ұйымдастыру кезінде, алынған білімді теориялық дайындық деңгейін жоғарлату үшін қолдану, сондай-ақ алынған білімді практикалық шығармашылықта қолдана білу керек.
|
Мазмұны
|
Дәрістер мазмұны: Биология ғылымының маңызды бағдарламасы фотобиология болып табылады. Эволюциялық фотобиологиялық процесс. Функционалды-физиологиялық рекциялап ж/е деструктивті-модефикациялық реакциялар. Жарық табиғаты. Жарықты мінездейтін негізгі параметрлер (өлшемдер). Жарықтың квантты энергиясы. Фоторецепторлар классификациясы: арнайыланған, арнайыланбаған, бояушылар.. Атомдар мен молекулалардың энергетикалық жағдайлардың квантты-механикалық моделі. Фотохимияның негізгі заңнамалары. Фотохимиялық реакциялардың квантты шығуы және жылдамдығы Молекулалардың электронды-қоздырғыш жағдайы.. Қоздырғыш молекулалардың негізгі жағдайы. Қоздырғыш жағдайдың дезактивациясы.. Жеке фотобиологиялық реакциялардың механизмі. Энергетикалық фотореакция. Фотосинтез. Фотосинтездің термодинамикасы және квантты шағу. 1 және 2 фотосистеманың. Хабарлаушы фотореакциялар. Фотокинездер, фототаксистер, фототропизм, фотопериодтар, фотоморфогенездер. Фоторецепция көру. Көру пигментінің молекуласы. реакциялық. Көру механизмі: көру пигментінің фотолизі, родопсиннің фотохимиялық өзгеруі, көру пигментінің регенерациясы. Патофизиологиялық фотореакциялар. Нуклеин қышқылына ультрафиолеттің әсері. Ультрафиолетті сәуленің ақуызға және липидтерге әсері. Ақуыздың фотоинактивациялық механизмі. Мутациялық фотореакциялар. Фотореакциялар түрлері.
Зертханалық сабақтар мазмұны: Жапырақ пигментінің химиялық қасиетін анықтау. Пигменттердің оптикалық қасиеті. .Гуревич бойынша хлорофилдің фотосенсибилизациялық әсері.Пигменттерді сандық анықтау. Түсі бойынша хроматографиялық әдіспен жапырақ пигменттерін бөлу. Қағазды хроматография әдісімен жапырақтардағы пигмент құрамын анықтау. Ауадағы фотосинтез СО2 сіңілуін анықтау.Жапырақты хромды қоспада жағып фотоколориметрлік әдіспен құрамындағы көміртегіні анықтау. Фотосинтездің таза өнімділігін анықтау.Жапырақ көлемін анықтау. Жапырақтарды ұзақ уақыт жарықтандырғаннан кейінгі зерттеу. УФ-сәулемен жарықталған амин қышқылы ерітіндісінің спектрлік мінездемесін зерттеу. УФ-сәуленің ақуызға әсерінен перекис жиналуын кинетикалық үйрену. Нуклеин қышқылы ерітіндісін УФ-сәулемен жарықталғанда спектрлік зерттеу. Ультрафиолетті сәуленің липидтарға әсері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде биологиялық жүйелерге сәуле әсерінің негізі физика-химялық механизмін, фотобиологиялық процессте негізгі фотофизикалық және фотохимиялық сатылардың классифициясын және мінездемесімен студенттер танысып, үйренуі керек.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
|
Достарыңызбен бөлісу: |