Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


семестр Пәннің аталуы



бет12/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124851
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


7 семестр

Пәннің аталуы

М40.1. Биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

БАЗБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, зертханалық, СӨЖ, ОБСӨЖ

Семестр:

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есимова А.М.

Доцент/оқытушы:

химиялық ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Лекция-30сағ., лаб.-30сағ., СӨЖ-60 сағ, ОСӨЖ – 60 сағ.

Еңбек сыйымдылығы

180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: биофизика, микробиология, микроорганизмдер биотехнологиясы, основы өндірістің негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты ғылым мен техниканың жетістігін қолданып биологиялық синтез әдісімен биологиялық активтік қосылыстардың және ақуыз өнім алу өндірісіне болашақта студентті арнайы дайындау болып табылады.

Компетенция: биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы, биотехнологиялық өнімге қойылатын талаптарды білу және биотехнологиялық аумақтың әдісін сенімді қолдану және таңдай білу, арнайы альтернативаны таңдауға жауапты болу, коллективті процестерді білу, биотехнологиялық аумақтың іс жүзіндегі аумағында білімін меңгеру және оларды культивирлеу әдісін және биотехнологиялық құрал жабдықтарды қолдану, өндірістік жағдайда олардың жүруін және аумағының процесіне білімін меңгеру, құжаттарының нәтижелерін және ұсыныстарының жаңалықтарын меңгеру



Мазмұны

Дәрістің мазмұны: Биологиялық активті затты және препараттың өндірістік синтезінің халық-шаруашылығындағы мәні.Биологиялық активтік қосылыстың продуцентін селекциялау әдісі және биосинтез бағыты. Метаболизм және метаболиттер. Біріншілік және екіншілік метаболизм және метаболит. Микроорганизм селекция сының принциптері, талаптары. Штаммға көрсетілген талаптары.Антибиотикті ,витаминді каротиноид, гиббереллинді, алкалоидты, аминқышқылын, ферменттерді, липидтерді, полисахаридтерді, вакцинаны, бактериофагты, зиянкестерге қарсы препараттарды және ауру тудыратындарға арналған препараттарды өндірісте алу. Азотфиксирлеуші бактериальды препараттарды алу. Түйнек бактериялы препараттары. Биотрансформация. Биотехнология аумағында әлемдік бірлесіп жұмыс жасау.

Лабораториялық жұмыстың мамұны: β-фруктофуранозидаза препаратын алу. Құрғақ биомассадағы күлдің және ылғалдың құрамын анықтау.Дайын өнімдегі шикі протеиннің және нағыз ақуыздың құрамын анықтау. Микроб концентратын кептіру. Антибиотиктің продуценті. Антибиотиктің активтілігін анықтау. Бензилпеницилиннің калий тұзын нативті ерітіндіден алу.Ферменттің микроорганизм-продуцентін беттік культивирлеу. Фермент продуцентін түптік культивирлеу. Ферменттерді экстрагирлеу.Төмен молекулярлы заттардан фермент ерітіндісін тазалау. Фермент ерітіндісін концентрлеу.Азықтық биомассадан липидті экстракциялап бөліп алу.Полисахаридтерді микробиологиялық жолмен алу. Ішек микрофлорасын тұрақтандыру препаратын алу. Азотфиксирлеуші бактериалды препаратты алу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту нәтижесінде емтиханды тапсыруда студент биологиялық активтік заттарды алудың негізгі технологиясын студент меңгере білу керек,

Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




7 семестр

Пәннің атауы

М40.2. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіру технологиясы

Қысқаша атауы

ТКК 10Б.(М40)

Пәннің оқу шаралары / оқу курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7 семестр

Оқытушының аты-жөні:

Амантаев Б.О., Нарымбаева З.К.

Доцент / оқытушы:

А-ш.ғ.к., доцент м.а., х.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарына қатынасы

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/кадемиялық сағ. саны

Дәріс- 30 с, зертханалық -30 с, СӨЖ- 60 с ӨБСӨЖ – 60 с.

Жұмыс сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредита

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Өсімдіктер биотехнологиясы, биохимия, жасушалық инженерия, биологиялық жүйелерді зерттеу әдістері және приборлары, өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктер селекциясы.

Білім беру мақсаты/ компетенциялар

Пәнді оқытудың мақсаты in vitro жағдайында өсірілген өсімдік жасушаларын жасанды жүйеде қолдануды, оларды тиімді пайдалануды, сонымен қатар каллус ұлпаларын өсіру әдістерін, суспензиялық дақылдарды көпқабатты өсіру, гибридомды технологияны және өсімдіктерді микроклональді көбейту туралы білімді алуға студенттерге үйрету, зертханада қолданылатын құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алу қабілеттілігін арттыру.

Компетенциялар: өсімдіктер жасушалары мен ұлпаларын өсірудің негізгі нысандарын, әдістерін принцптері туралы ұғымы болуы керек, саланың қазіргі кездегі жағдайы мен даму болашағы туралы түсінігі болуы тиіс, биотехнологиялық өнімдерге қойылатын талаптарды білуі керек, қоғамның биотехнологиялық өнімдерге деген қажеттілігін анықтай алуы керек.



Мазмұны

Дәріс мазмұны: Жоғары сатылы өсімдіктердің жасушаларын өсіру. Жаңа технологияларды құрудың негізгі бағыттары. Қоректік орталар, құрамдас бөліктері және оларды тиімді пайдалану. Қоректік орта құрамындағы ауксиндер, цитокининдер және гиббереллиндер әсері. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіру тәсілдерінің жіктелуі. Құйылысу, гибридизация. Гибридті протопластарды алу технологиясы, оларды өсіру. Дәрілік өсімдіктер жасушаларын өсіру технологиясы. Биологиялық белсенді заттар алу үшін өсімдіктің оқшауланған жасушалары мен ұлпаларын өсіру. Биологиялық белсенді заттар алу: шиконин, женьшен және тағы басқалар.

Зертханалық жұмыстардың мазмұны: Биотехнологиялық зертханаларды ұйымдастыру. Биотехнологияда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу. Өсімдік экспланттарын залалсыздандыру тәсілдері. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын in vitro жағдайында өсіруге арналған қоректік орталарды дайындау. Каллус ұлпаларын өсіру. Каллус ұлпаларын қайта өсіру. Суспензиялық дақылдарды өсіру.

Оқу әрекеттерінің нәтижелері /қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу барысында студенттер өсімдіктер ұлпалары мен жасушаларды өсірудің негізгі әдістемелерін меңгеруі тиіс және оларды тиімді пайдалана алуы керек.

Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




7 семестр

Пәннің аталуы

М40.3. Жануарлар жасушасын культивирлеу технологиясы

Қысқартылған атауы

ЖЖКТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, зертханалық– 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Биохимия», «Микробиология», «Гистология», «Биоинженерия», «Жануарлар физиологиясы», «Жануарлар биотехнологиясы», «Математика», «Биоинженерия» пәндері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курсты зеттеу нәтижесінде студенттің негізгі білімі жасанды системаның қолдануын, in vitro культивирлеуді және оны қайда қолдану шараларын, сонымен қатар жануарлар жасушасын культивирлеу әдістерін, моноқабатты және суспензиялық культураларды өсіру тәсілдерін, гибридомды технологияларды жетік меңгеруі қажет, соның ішінде негізгі приборлар мен аппараттарды лабораторияда қалай қолданылуын білуге міндетті.

Мазмұны

Дәрістер: Жануарлар жасушасының даму тарихы. Ағзадан тыс тіршілік ететін ұлпалар мен жасушалар. Жасушалар культура-сына кіріспе, олардың шығу тарихы, жалпы сипаттама. Іn vitro жасушаларының культивирленуіне жалпы түсінік. Қоректік орталар және культивирлеу жағдайлары. Жасушаларды куль-тивирлеу жүйелері. Ұлпаның біріншілік эксплантациясы мен оның культивирлеу техникасының әдісіне қарай, ұлпа мен жасуша культурасының өсуі мен дамуының бірнеше түрі бар. Кең таралғандары бірқабаттылар және суспензиялық өсу жасушаларының культурасы. Бірқабатты культуралық жасу-шалардың түрлері: Дифференцирлеу. Іn vitro культивирлеуші жасушаға сипаттама. Қоректік ортаны таңдау және культивир-леу шарты. жасушалық культураны алу. Біріншілік (алғашқы) культура. Біріншілік жасушалық культураның дайындалуы. Жасушаның моноқабатты егілмелі культураларын алу. Жасушаның мүшелік культурасы. Жасушаны культивирлеу жүйесі. Жасушаларды суспензиялық культивирлеу. Жасуша-ларды роллерлік культивирлеу. Жасушаларды микротасымал-даушылар үстінде культивирлеу. Жасушалар культурасында вирустарды өсіру. Вирусты жасушалармен жұмыс кезінде сақтық шаралары. Моноклональді антиденелерді алу әдістері. Моноклональды антиденелердің қолданылуы. Құйылысу алдындағы дайындық кезеңдері.Культивирлеу үшін ортаны дайындау және жасушалық суспензияларды алу. Миелом жасушаларын дайындау, қоректік қабат жасушалары, ортаны кондиционирлеу, көкбауыр жасушаларының суспензиясын жасау. Құйылысу. Жартылай сұйық агар-агарда гибридомаларды клондау. Гибридома жасушаларын қатыру мен еріту. Гибридома жасушаларымен синтездейтін антиденелерді анықтау әдісі.

Лабораториялық сабақтар: Ұлпалар культурасының биотехнологиялық лабораториясын ұйымдастыру. Жасушаларды культивирлеу үшін қолданылатын құрал жабдықтар мен аппараттар.

Қоректік орталарды және ыдыстарды зарарсыздау әдістері. Жануарлар жасышаларын культивирлеуге арналған қоректік ортаны дайындау. Жануарлар жасушасын трипсиндеу және дезагрегациялау.

Жануарлар жасушасының суспензиясын себу. Біріншілік (алғашқы) ұлпалық культураның алынуы. Біріншілік культураны субкультивирлеу. Фибробластардың алынуы және культивирленуі.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың және емтихан тапсыру нәтижесінде студент In vitro жағдайында культиверленетін жасанды жасалынған жүйелерді қолдану және оларды пайдалану перспективаларын білу аумағында негізгі білімді алуы тиіс, сонымен бірге каллусты жасушыларды культивирлеу әдістері, монақабатты суспензиялық культураларды өсіру әдістері, өсімдіктердің клональды микрокөбеюі және гибриданалық технология туралы білімдерді алуы керек.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




7 семестр

Пәннің аталуы

М 41.1. Биоинженерия

Қысқартылған атауы

БИ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, СӨЖ, ОБСӨЖ.

Семестр:

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есимова А.М.

Доцент/оқытушы:

Химия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті


Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15 сағ., практикалық-30сағ., СӨЖ-45сағ, ОСӨЖ – 45сағат

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: математика, физика, биохимия, биотехнология өндірісінің негіздері, биотехнологиялық құрал жабдықтар, микроорганизмдер биотехнологиясы, тамақ биотехнологиясы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты болып биологиялық және биохимиялық технологияның инженерлік проблемасын меңгеру.

Компетенции: биологиялық аумақтағы комплексті проблемасы бойынша формалау бойынша жаңалығын үйрену және биохимиялық технологияның инженерлік проблемасын, стратегияны шешу, ендіру, және дамуы бойынша логикалық жаңалығын меңгеру және биотехнологиялық аумақты оқыту әдісін, жаңа ақпараттың технологияны меңгеру, сонымен қатар компьютерлік әдіспен ақпаратты өңдеу және сақтау, жинау және ақпартты өңдеу құжаттарының нәтижелерін және нақтылы түсінікті ұсыныстарының жаңалықтарын меңгеру



Мазмұны

Дәрістің мазмұны: Тіршіліктің химиялық негізі және жасуша құрылысының иерархиясы. Стехиометрия және метаболитік өзгерудің энергетикасы. Процестің кинетикасы. Биотехнологиялық реакторды жобалау.

Типтік асептикалық процесті жобалау және оны жүргізу. Биохимиялық технологияның процесімен басқару.БӨ өнеркәсіптерін жобалау негіздері. Жобалау өндірісі. Автоматты жүйеде жобалауды қолданып жобалау. Автоматты жүйеде жобалаудың құрамы және оның мүмкіндігі. Технологиялық жобалаудың негізгі түсінігі. Технологиялық сызба нұсқаның классификациясы. Технологиялық режим және оны таңдау. Экономикалық оптимизациялау. Биотехнологиялық өндірістің есебі және анализдеу принципі. Өндірісті анализдеуге жүйелі ұсыныс. Эффективтілікті бағалау критериясы. Технологиялық сызба нұсқаның қазіргі заманғы есебінің әдістері. Культивирлеу процесінің технологиялық көрсеткішінің есебі. Материалдық баланс. Шығарылатын шикізаттар мен соңғы өнімдердің жалпы баланс көрсеткіші. Культивирлеу процесінің жылу балансының есебі. Ферментердің энергетикалық шығынының жылу балансы.



Практикалық сабақтың мазмұны: Биоректордағы процестің өнімділігінің есебі. Биомасса бойынша есебі. Су және субстрат бойынша материалдық балансты құрастыру. Негізгі және көмекші құрал жабдықтардың санының есебі. Ферментердегі ағымның есебі. Ферментердегі жылу баланс.Жеке сатылардың жылу балансының есебі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студенттің биотехнологиялық өндірістің негіздерінің инженерлік, микробиологиялық және технологиялық негіздерін білу

Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




7 семестр

Пәннің аталуы

М42.2. Инженерлік энзимология

Қысқартылған атауы

ИНЭ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Балхибеков Р.М.

Доцент/оқытушы:

Магистр, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық– 30, ОБСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: органикалық химия және биологиялық химия, микробиология, биохимия, молекулалық биология пәндерінен жеткілікті білімдері болуы қажет

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты:оқытуда инженерлі энзимологияның жаңа ғылыми бағыты мен есебін таныстыру-инженерлі энзимологияның жоғары эффективті ферменттер мен микроорганизмдердің жасушаларын қолдану білімінің толық қалаушы пән болып табылады.

Ферментті препараттарды тамақ, фармацевтика, тоқыма және тағы басқа өдірістерде кеңінен қолданады, сонымен қатар ауыл-шаруашылық өдірісінде шикізатты өңдеуде көптеп қолданады.



Мазмұны

Дәрістер мазмұны: Инженерлік энзимологияның мақсаттары мен міндеттері. Инженерлік энзимологияның басқа ғылымдармен байланысы. Пәннің ғылыми негіздері. Инженерлік энзимологияның ХХ ғасырдан бастап қазіргі заманға дейін дамуы. Ғылымға үлес қосқан ғалымдар. Ферменттердің иммобилизациясына арналған тасымалдаушылар.

Практикалық сабақтар мазмұны: Иммобилизациялау әдістері. Иммобилизденген полиферменттік жүйелер. Микроорганизм жасушаларын иммобилиздеу әдістері. Жасушалардың тіршілік әрекеттеріне иммобилизация әсері. Иммобилизацияланған жасушаларды қолдану.Иммобилиздеген өсімдік және жануар жасушалары. Активті көмір негізіндегі сорбенттер, олардың түрлері, қасиеттері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

«Инженерлі энзимологияның» классикалық бағыты биокатализаторларды қолдану негізінде эффективті технологияны қолданып жүргізу нәтижесінде, реакцияның стероидтарын, антибиотиктерді, органикалық және аминоқышқылдарды синтездеуде, үздіксіз әртүрлі өнімдерін алуда, сонымен қатар органикалық еріткіштерді алуда, биологиялық активті заттарды алуда толық қарастырылып оқытылып өтеді.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет