Жүйелік блок
Монитор
Пернетақта
Тышқан
Жүйелік блок – компьютердің ең негізгі құрылғысы, оның ішінде компьютердің басты құрылғылары орналасқан.
Алынбайтын (қозғалмайтын) қатты магниттік дискіде (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
Иілгіш дискіге арналған дискжетек
Аналық платаның ішінде:
Процессор
Микропроцессорлық комплект (чипсет)
Шина
ТСҚ
ОСҚ
Слоттар (қосымша құрылғыларды қосу үшін қажет)
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылған құрылғы сыртқы құрылғы немесе перифериялық деп аталады.
Жүйелік блокқа сырттан қосылатын құрылғылар 4-ке бөлінеді:
берілгендерді енгізу құрылғылары (пернетақта, тышқан, трекбол, сканер, джойстик, графикалық планшет (диджитайзер – графикалық информацияларды, кескінді арнайы қаламұш планшеті бойынша жылжыту жолымен қолдан енгізуге арналған))
берілгендерді шығару құрылғылары (монитор, принтер)
берілгендерді сақтау құрылғысы (стример)
берілгендермен алмасу құрылғысы (модем – алшақтағы компьютерлердің информация алмасуына арналған құрал)
Процессор – машинаның барлық жұмысын басқару үшін және арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналаған. Процессор компьютердің миы болып табылады. Процессордың негізгі бөліктері:
Арифметикалық-логикалық құрылғы
Басқару блогы
Жад регистрлері
Достарыңызбен бөлісу: |