Ф. 219 №1. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Арифметикалық-логикалық құрылғыда



бет3/4
Дата01.09.2022
өлшемі259.5 Kb.
#460128
түріСабақ
1   2   3   4
1. ДК аппараттық бөлігінің құрылымы мен қызметі

Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын (басқарушы импульстарды) қалыптастырып, қажетті уақытта оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау үшін жад ұяшықтарының адресін пішімдейді және адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жібереді.
Тактілік жиілік пен разрядтылық процессордың мінездемесі болып табылады.
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни уақыттың бір аралығында – тактта нақты операцияларды (жазу, оқу, екі санды қосу сияқты) орындайды. Неғұрлым бір тактіге аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, соғұрлым ақпараттың өңделуі тез болатыны анық.
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцте өлшенеді. 1 МГ тактілік жиілік процессордың секундына бір миллион операцияларды орындауына эквивалентті. Pentium процессорының тактілік жиілігі қазір 1000 МГц деңгейіне дейін жетеді.
Процессорде өңдеу кезінде оған түскен деректердің мазмұны үшін өзінің ұяшығының ішкі жады болады. Оларды регистрлер деп атайды.
Процессордың регистрлерінде деректер бір байтта, екі байтта немесе сегіз байтта орналасуы мүмкін.бұл бір байтты регистрлі процессордың бір тактіде бір байт өлшемдегі деректерді өңдей алатынын білдіреді.
Процессордың разряды неғұрлым көп болса, онда компьютер соғұрлым көп информацияны бір такт ішінде өңдеуі мүмкін.
Компьютердің өнімділігі ішкі жад көлеміне, процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына байланысты.
Ішкі жад. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана жұмыс істейді. Процессорды информациямен қамтамасыз етіп, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны оперативті деп те атайды.
Ішкі жад сақтау құрылғысының екі түрінен тұрады:

  1. Тұрақты сақтау құрылғысы

  2. Оперативті сақтау құрылғысы.

ТСҚ тұрақты программалық және анықтамалық информацияларды сақтау үшін қолданылады, ондағы сақталатын информацияны тек жылдам оқуға ғана мүмкіндік береді. ТСҚ-да информацияны өзгертуге болмайды.
ОСҚ информацияны (бағдарламаны немесе деректерді) уақытша жазу, сақтау және оқу үшін арналған. Компьютерді өшірген кезде оперативті жадтың мазмұны өшіріледі.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элементтердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты жағдайдың біреуінде тұруы мүмкін. Яғни, екілік разряд болып табылады немесе, басқаша айтқанда, бір бит информацияны сақтай алады. Жадтың 8 элементі 1 байт информацияны сақтауы мүмкін.
Компьютердің ішкі жадындағы әрбір байттың өз нөмірі болады.
Ұяшық деп аталатын жадтың бөлігін құрайтын байттар жағдайға байланысты екіден, төрттен, сегізден бірігуі мүмкін. Бұл жағдайда кіргізілген байттардың біріншісінің нөмірі ұяшықтың нөмірі болып табылады. Мысалы, егер ұяшық 3,4,5 нөмірлі байттардан құрылған болса, онда ұяшықтың нөмірі 3 болады. Ұяшықтың нөмірі ұяшықтың адресі деп аталады. Ұяшықтың адресін біле отырып, оған информацияларды жазуға немесе одан информацияларды оқуға болады.
Ішкі жад дегеніміз – берілген уақытта процессормен өңделетін деректерді және бағдарламаны сақтауға арналған электронды элементтердегі жад.
Информатикада қолданылатын компьютердің орны ерекше.
«Compute» ағылшын тілінен аударғанда – «есептеу» дегенді білдіреді. Яғни ақпаратты өңдеудің техникалық құралы. Біздің елімізде оны кейде ЭЕМ деп те атайды. Біз бүгін ЭЕМ көптеген танымал түрлерін қарастырамыз, соның ішінде Дербес компьютерді.
Ғылыми – техникалық процесс әртүрлі есептеу машиналарын құруға алып келеді. Олар ұйымдастыру құрылымымен және функционалды мүмкіндіктерімен өзгешеленеді.

Есептеу машиналарының маңызды сипаттамалары:



  • Машина бір уақыт бірлігінде – MIPS, орындайтын операциялардың орташа мөлшерімен өлшенетін тез әрекеттілігі;

  • ЭЕМ-де жүргізілетін сандарды ұсынудың түрі және разрядтылығы;

  • Оқыту құрылғыларының сиымдылығы және тез әрекеттілігі.

Бұл параметрлер бойынша есептеу машиналарын бөлу мынадай:



Параметр

Супер ЭЕМ

Улкен ЭЕМ

Кішкене ЭЕМ

Микро ЭЕМ

Өнімділігі MIPS

1000-100 000

10-1000

1-100

1-100

Ішкі жад сыйымдылығы Мбайт

2000-10 000

64-10 000

4-512

4-256

Сыртқы жад сыйымдылығы

500-5 000

50-1 000

2-100

05-10

Разрядтылығы бит

64-118

32-64

16-64

16-64

Қазіргі уақытта бұйымдарды микроминиатюралаумен байланысты конструктивтік орындалуы бойынша ДК жіктелуінің жаңа белгілері пайда болды:


Салмағының төмендеуі мен көлемінің кішіреюі LAPTOP (тізелік компьютерлер), NOTEBOOK (компьютер блокнот) HANDHELP (қол компьютері) деп аталатын компьютерлерді шығаруға алып келді.


LAPTOP – компьютерде пернетақта мен жүйелік блок жоғары жағынан қақпақ сияқты өзінің электронды негізімен байланысты сұйық кристалды дисплеймен жабылатын бір корпуста орналасқан.
ЭЕМ мен дисплей арасындағы байланыстырушы сымдар корпуста жасырылған. Компьютерді жеңіл тасымалдауға және қолданушының тізесінде ұстауға болады. LAPTOP үлгісінің көпшілігінде монохромды дисплей қолданылады, өйткені түрлі-түсті дисплейлерді қолдану компьютердің жылдам қымбаттауына әкеледі. LAPTOP класының компьютерінің салмағы 3,5 кг артық болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет