NOTEBOOK (компьютер блокноттар) бір бетінің өлшемі А4 стандартты қағазындай, толық емес пернетақтасы бар (80жуық пернесі бар). NOTEBOOK-тің жинағында орындайтын, компьютерге және телефондық желіге кабельмен жалғанған және үстелдік блок түрінде орындалған модем мен факс-модемді қолдануға болады.
HANDHELP ДК – стандарты А4 қағазының бір бетінен кем емес өлшемді ДК, сондықтан олар жұмыс жағдайына дайын, әрқашан қол астында. Бұл үлгілер электр желісіне қатыссыз жұмыс істей алады.
Программалар автономиялық жұмыс кезінде сыйымдылығы 32,64 немесе 128 Кбайт болатын бағдарлама жазылған қатты карточкалар көмегімен енгізіледі. Ол карточкаларды қайта бағдарламалауға болады, мәтінге енгізілген есептеулердің нәтижесін, электрондық кестелер жасау, т.б. жұмыстар нәтижесін сақтау үшін пайдаланушы орнатылған батарейкасы бар ROM CARO-ны қолданады. Бұл карточкалар өте шағын (2*5), осы қасиеті оларды ондағы бағдарламаларды, деректерді немесе пайдаланушы жұмысының нәтижелерін оқу үшін дербес компьютер корпусының арнайы тесігіне қоюға мүмкіндік береді.
Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғылараның арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: Басқару шинасы, дерек шинасы және адрес шинасы. Шиналар бойнша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтың ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және еңгізу-шығару құрылғысының номерін айналдырады.
Дербес компьютер шиналары. Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым – жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару.
Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ. Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі. Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.
Сипаттамасы
|
Pentium II
|
Pentium III
|
Pentium 4
|
Транзисторлардың саны
|
7.5 млн.
|
9.5 млн.
|
42 млн.
|
Тактілік жиілігі
|
0.45 ГГц
|
1 ГГц
|
1.4 ГГц және одан жоғары
|
Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде процессор оперативті жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді. Оперативті жадтың микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.
Компьютерлердің көбінде процессор (ең кішкене бөліктерінің бірі) ең қымбат құрауыштарының бірі болып табылады. Қазіргі жүйелердегі процессордың құны ол өзі орнатылған аналық платаның құнынан екі, тіпті он есе де қымбат болуы мүмкін.
Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді. Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |