Ауық – ауық шабуылдау (спурт) тактикасы дегеніміз палуанның араға бір сыпыра уақыт салып шабуылдау. Шабуылдау арасына ол қарсыласының қимылың аңдып , айла тәсілін қолданып
қандай да болмасын жалған амалдар жасайды , кейде белсенді белдесуден әдейі бас тартқандай сыңайы танытады. Ондай кезде спортшы қарсыласының көңілі бөліп , оны қапыда қалдыратын тактикалық әрекеттерді орындайды да содаң соң қолайлы шабуылға шығады.
Күреске көңіл аударғанда палуан іштей ширығып , шапшаңдығы артып , барынша күш жұмсауға әзір тұратыны белгілі. Сөйтіп мұндай тактика шабуылға шығатын қолайлы жағдайға дайындауға ғана мүмкіндік беріп қоймайды. Әр түрлі тактикалық әрекеттерді пайдалану арқылы қабілетін барынша жұмсай отырып әр бір келесі шабуылды жаңа жүргізуге болады. Мұндай тактика осындай кенет басталған шабуылды тойтаруға даярлығы аз, айқастың тез өзгеретін жағдайында жол тауып шыға алмай қалатын палуандар үшін өте қауіпті.
Белдесуді баяу , орташа жылдамдықпен немесе шапшаң жүргізетін кезде де ауық – ауық шабуылдау тәсілін пайдалануға болады.Егер осы тактика айқас баяу немесе орташа жылдамдықпен жүргенде қолданылатын болса , спортшыға күшті үнемдеп жұмсауға мүмкіндік береді , өйткені шабуылдау арасында ол бірсыпыра дәрежеде тыңайып қалады.
Бірақ күрес қарқыны баяу немесе орташа болғанда ауық – ауық шабуылға шығу тактикасының кемшілігі де бар. Оның мәнісі екі шабуыл арасындағы палуан ғана емес , оның қарсыласының да
тыңайып қалатындығында. Сонда ол жағдайды таразылап , түсініп , инициатива алып кетуі мүмкін.
Ал күрес қарқыны жоғары болған жағдайда ауық – ауық шабуыл тактикасын бұдан неғұрлым күрделірек. Оны басқа да қасиеттерімен қоса күресті жоғары қарқынмен жүргізгенде шаршамайтын спортшы ғана орындай алады.
Күресті жоғары қарқынмен жүргізген де ауық – ауық шабуыл тактикасын пайдаланудың тиімділігі мынада: қарсылас барған сайын шаршай түсетін болғандықтан , әр бір шабуыл сайын оны қарсылығы бәсеңдей береді. Айтылған тактиканы пайдаланушы палуанның осы жағдайды ескеріп , екінші немесе үшінші шабуыл кезіңде жеңіске жетуді жоспарлауына болады.
Бірақ тактиканың ауық – ауық шабуылдау түрін жарысқа жеткілікті дәрежеде даярлана алмаған , ұзақ күресуге төзе алмайтын , икемі жоқ палуанға қарсы қолданғанда ғана тиімді болады.
Мұндай тактика кезінде шабуылдау саны бірқатар факторларға , ең алдымен палуанның даярлық дәрежесіне , соңдай
– ақ осы белдесуге оның алдында тұрған міндеттерге байланысты оны жүргізудің тактикалық жоспарын дұрыс құрып , күшін есеппен пайдалану үшін палуанның бір шабуылды қаншаға созғанда өзі әрекеттерді дәл орындау қабілетін сақтайтындығын , күрес кезінде қанша толық спутты арасына қанша үзіліс жасап орындап шыға алатындығын шамамен болса да білуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |