Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар



бет2/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:

  • Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек);

  • Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру;

  • Қарсыласын жамбасқа салып жығу;

  • Іштен шалып жығу;

  • Сырттан шалып жығу;

  • Қарсыласын қырқа шалып жығу (артқа құлату).


Күрескен кезде, қолдануға рұқсат берілмейтін әдіс-тәсілдер:

  • Белдесе күресу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды (тек әдіс қолданғанда ғана бір қолды босатуға рұқсат етіледі);




  • Қарсыласын ұруға, итеруге болмайды;

  • Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды;

  • Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді;

  • Құлап түскен қарсыласының аяғын, қолын, т.б. мүшелерін бұрауға болмайды;

4


  • Белбеуден басқа киімнен ұстауға рұқсат етілмейді;

  • Астында жатқан қарсыласын тіземен, шынтақпен нығарлап басуға болмайды;

  • Қарсыласына белбеуден ұстамай қолданған әдіс-тәсілді орынды деп есептемейді.

Белдесу барысында жеңіске жеткен балуан орнында қалады.
Егер ол өзімен белдесуге шыққан жаңа балуанмен күресуден бас тартып, басқамен күресемін десе, онда оған рұқсат етіледі. Бірақ соңында жеңімпаз аталатын балуан біреу ғана. Оның барлық кездесуде де жауырыны жерге тимеуі керек.
Жалпы белдесу барысында қарсыластардың біреуі жығылып, жауырыны жерге тисе және қарсыласы оның басынан аттап кетсе, ол жеңілген болып есептеледі. Егер де , қарсыластың біреуі әдіс қолданғанда, екіншісі оған қарсы әрекет жасап, екеуі бірдей құлап түссе, онда бұл белдесу «итжығыс» (ешқайсысы жықпаған) деп аталады. Мұндайда, төреші оларды қайта күрестіреді.
Бұрын белдесу барысында тең түсу немесе ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен, міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жеткен. Жоғарыда баяндалғанның бәрі сонау ықылым заманнан бері келе жатқан дәстүрлі спорт ойындарының ерекшеліктері саналады. Қазақша күрестің дәстүрлі белдесуі 1950 жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кетті десе де болады. Қазір бұл ойын «қазақша күрес» деп аталғанымен, күрес түрі айла-тәсілдері жапонның «дзю-до» деп аталатын күресіне ұқсап шықты. Оны мынадай белгілер арқылы байқауға болады:
Біріншіден, балуандар кілем үстіне шыққанда «қоян-қолтық ұстасып» белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі. Олар бір-бірінің қай жерінен ұстаса да, өз еркілерінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет