Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет42/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Үздіксіз шабуылдау тактикасы палуанның инициативаны өз қолына алып, күресті жоғары қарқынмен жүргізіп, айқасты шиеленістіре түсуімен сипатталады. Мұндай спортшы бірсыпыра қауіпке де барып, қарсыласына ұдайы шабуылдап, жалған әрекеттерді шын қимылдармен шебер ұштастыра жүріп , өзінің жақсы көретін тәсілін сәтін тауып орындауға тырысады.
Ұдайы шабуылдау - қарсыласын орынсыз тықсырып беруге ұмтылу емес. Оның ойсыз күйбеңмен , қарсыласын кілемнен тықсырып шығару сияқты теріс әрекетермен үш қайнасы сорпасы қосылмай. Мұндай сырттан қарағанда шабуыл жасағандай болып көрінуге тырысатын жалған әдістің нағыз спортшыға абырой әпермейтіні сөзсіз. Егер ұдайы шабуылдау тактикасын қолданатын болса , палуан қарсыласының соңына түсіп , айқасты әр түрлі комбинациялармен жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер толық пайдалануы тиіс. Бұл кезде және бір түрлі әдіспен ұзақ ұстатпау керек. Олай болған күнде палуан күрестің қарқының баяулатып

48


алуы мүмкін , ал мұның өзі қарсыластың өзіне өзі келіп , күш алып кетуіне ықпал етеді.
Бұл аталған тактика жекпе – жектің алғашқы минутынан – ақ басым түсіп, физикалық жағынан қарсыласын қалжыратып , еркінен айырып, сонан кейін жеңіске жету мақсатында қолданылуы мүмкін.
Ұдайы шабуылдау тактикасын пайдаланғанда қарсыласына көз аштырмай , оны үнемі қысымға алып , шаршатып , инициатива бермеу керек. Мұндай тактиканы әсіресе қарсыласын тоқтатып , оны еркін қимылдауына бөгет жасай алмайтын , әрі ұзақ айқасқа шыдай алмайтын спортшыға қолданған аса тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет