Күшті дамыту.
Палуанның күші дегеніміз – палуан кілемге шығып белдескенде қарсыласының қарсылығын жеңіп жеңіске жету немесе палуан бұлшық еттің күшімен қарсыласына тойтарыс беруін айтамыз. Күшті көбейтудің негізгі түрлерінің бірі жалпы дене шынықтыру жаттығулармен қатар арнайы жаттығулар жасау болып келеді. Палуанның өзінің салмағын, жұбын, штанга , ауыр доп, гір тасы, созылмалы резенке т.б саймандарды көтеру, тарту жаттығыуларын жасап шынығады. Спортшының бұлшық еттері күштің көрсеткіш шегінің 80-90 пайызындай салмақты жаттығу кезінде әлденеше қайталап көтергені бұлшық еттердің дамуына көмегі болады. Осы айтылған жаттығуларды жылдам орындаған кезде дене құрлысындағы зат алмасу шегіне жеткенмен бұлшық
еттердің көлемі артпайды. Күш жүйке – бұлшық ет реттеулі есебінен өседі. Бұл жаттығуларды тек жоғарғы деңгейдегі палуандар Қазақстан Республикасының спорт шебері және спорт шеберлерінің кандидаттары қолдануына болады. Салмақты қайталап көтеру арқылы күшті өсіру дегеніміз бұлшық еттің күшін көбейту үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |