Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Күрес әдістемесінің биомиханикалық негізі



бет13/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Kniazbaev kures — копия

4.Күрес әдістемесінің биомиханикалық негізі.
Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбір күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнады. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қарсыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.
Жаттығу барысында кейбір техникалық әдістерді, орындауда шәкірттер қателіктер жіберері хақ. Сондықтан да, жаттығу шеберлікті шыңдау кезеңі тек жаңа әдістерді ғана үйренуімен шектелмей, өткен жаттығуларда меңгерілген әдіс -айлалардағы сәтсіздікке алып келетінқателіктерді түзетуге арнауы өмір талабы, жаттығу мазмұны болуы міндетті. Тәжрибелі жаттықтырушыға тән педагогикалық шеберлік үнемі өткен жаттығуларға талдау жасай отырып қателіктерге жол бермеу әдістемесінің жаңа көздерін қарастыруға арналады. Белдесуге деген құштарлық жақсы меңгерілген әдіс-айладан ғана туындап отыратын құбылыс. Сондықтан да әдіс-айланы толық меңгертпей тұрып жарыс жолына шығуға шәкірттерді асықтырмау бапкер әдептілігі болып саналады.
Халқымызда – «Буынсыз жерге пышақ салма-жүзін қайтарасын» деген нұсқа бар. Егер сіз бабына келмеген, белдесу

15


шеберлігі әлі де піспеген жасты додаға салып алғашқы сәтсіздігі мен бетін қайтарсаңыз, оның жанын жаралағаныңыз болып саналады. Мұндай психологиялық күйзеліс, шәкірттің жігерін қайтарып, оның бойына біткен қабілетіне нұқсан келтіреді. «Аттың-шабысы бабында» деген емес пе? Сол сияқты -әрбір жаңа бастаған балуанға –демей-ақ чемпиондық тәжді киесің деп жеңіл олжаға ойын үйрету үлкен қателік. Үлкен спортшы болу үшін талай тер төгіліп, талай шапан жыртыларын дәйім ескерту қажет.
Күрестің биомеханика зерттеу жұмыстарының дайындығы педагогикалық практика және әдебиет деректеріне сүйене отырып талдау негізінде тақырыпты тандап алудан, болжам жасаудан, ізденістер жоспарын жасаудан, зертгелетін нәрсені іріктеуден, ізденіс әдісін таңдаудан, қажетті материалдық жағдайларды және нәтижені есепке алатын құжаттарды жасай білетіндігінен құралады. Зерттеуді жүргізу алға қойылған міндеттерді шешетін әдіс есебінде тандап алынған әдістерді тиімді түрде қолданудан тұрады.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың эксперименттік әдісі педагогикалық процеске әсерінің тиімділігін зерттеу ҮШІН жаңа педагогикалық факторды (құрал, оқыту әдісі т.б.) енгізуді қарастырады.
Бақылау әдісі, онда эксперименттік әдіспен алынған нәтижелерді салыстыру ҮШІН бұрыннан қалыптасқан оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формасының критерий ретінде сақталуға тиісті.
Жеке өзіндік әдісте педагог оку-тәрбие жұмысын зерттеушілердің ешбір араласынсыз өзінің жеке жоспарлары бойынша жүргізген жағдайды білдіреді. Ақпарат хабарды жинақтау әдісі әртүрлі болуы МҮМКІН.Оның жәрдемімен оқыту және тәрбие жұмысын жүргізу барысында, оған дейінде және одан кейінде педагогикалық процестің нәтижелігі жөнінде хабарлар алуға болады. Жоғарыда келтірілген бірнеше әдістерді қолданудың белгілі бір жүйесі ретінде педагогикалық экспериментті жөне педагогикалық бақылауды атағанымыз жөн. Педагогикалық экспериментке оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың міндетті экспериментальды әдісі, кей жағдайларда-бақылау әдісі, информация жинақтау әдісі және математикалық есептеу әдістері жатады. Өткен хабарларды, педагогикалық құбылысты алу әдісі

16


жоғарыдағы әдістердің алдында жүреді. Ал педагогикалық бакылауға ұйымдастырудың жеке өзіңдік әдісі, бір немесе бірнеше нақты информация жинақтау әдісі, кейде математикалық есептеуде енеді.Зерттеу әдістерін таңдау ғылыми ЖҮМЫСТЫҢ алдындағы қойылатын міндеттеріне байланысты. Дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін шешу педагогакалық әдістермен бірге психологиялық және биологиялық талдауларды, сонымен бірге физиологиялық әдістерді (мысалы, сабақта оқушының таным белсенділігін зеррттеу кезінде, дене жаттығуларының техникасын зерттегенде дене қабілеттілігінің даму тәдістерін жасау кезінде) комплексті пайдалануды талап етеді. Зерттелетін педагогикалық процесті сипаттайтын сандық және сапалық талдаудан өткізілуге тиісті. Сапалық талдау дегеніміз алынған нәтиженің сөздік педагогикалық бағасын, ал сандық талдау бір немесе бірнеше педагогикалық процестердің тиімділігінің дәрежесін айқындау және олардың арасындағы кейбір байланысты анықтау УШІН математикалық есептерді қамтиды.Зерттеу нәтижесі әдеби-графикалық өңдеумен және оның педагогикалық практикаға енгізумен аяқталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет