Иықтың сыртынан ұстап, ҚЫРҚА шалу.
Орташа қашықтықтан шабуылдаушы қарсыласын сол жағынан,
Ал сол қолымен жеңінен шынтақтан жоғары ұстап, еңкейіп, солға бұрылып, сол аяғын қарсыласының сол табанына ішкі жағынан немесе оның сол табанының сырт жағынан барынша жақын қою керек. Сол аяқты тіреп, оң санының артқы жағымен қарсыластың сол санын іш жағынан тез қағып, солға – төмен қарай еңкейіп, солға бұрылып, жаурынына түсіру керек. Сол аяқты тіреп, оң санының артқы жағымен қарсыластың сол санын іш жағынан тез қағып, солға – төмен қарай еңкейіп, солға бұрылып, жауырынына түсіру керек.
Тактикалық даярлық: қарсыласты өзінен кейін итеріп, ол қарсы шабуылға шыға бастағанда қырқа шалу.
Қатерлер: палуан тірейтін аяғын қарсыласының қағатын аяғынан алыстатып алға қояды. Тірейтін аяғының табанын лақтыратын жаққа ыңғайламайды. Қарсыласын қолдарымен өзінің тіретін табанына қарай тұқыртатын қимыл жасамайды.
Қорғану: қолдарын белбеуге тіреп, тізелерін бүгіп, бір аяғын артқа қою.
Қарсы амалдар: жеңінен және бүйірінен ұстап арттан шалып лақтыру; қарсыласының қашықтау тұрған аяғын іліп тайдыру.
Комбинациялар: аяқпен іш жақпен ілгенде Қырқа шалу; тобықтан қаққанда қырқа шалу, орап лақтыру – қырқа шалу.
Достарыңызбен бөлісу: |