Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру



бет22/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру.

Палуандар оң жағымен тұрады. Қарсыласты денесінен оның оң қолымен ұстап, екі қолының саусақтарын айқастырады да , өзіні арттағы сол аяғын оң аяғының қатарына алда тұрған қарсыласының аяғының сырт жағына қояды. Шабуылдаушының табандарының арасы шамамен 15-20 смболуы тиіс. Аяғын қойғанда өзіне – жоғары қарай күш жұмсап, қарсыласын кеудесіне қосукерек. Шабуылдаушының жамбасы бұл кездеқарсыласының жамбасымен қатар немесе бірсыпыра төмен, басы қарсыласының жамбасымен қатар немесе бірсыпыра төмен, басы қарсыласын өзі ұстаған қолы жағында болуы тиіс. Шалқалап, қарсыласының орнынан тайдырады да, ол тепе - теңдігінен айырыла бергенде, оны


29


жамбасымен қағады. Сонда қарсылас шабуылшыдан аударылады. Шабуылдаушы ауада кеудесімен кілемге қарай бұрылады. Шапшаң аударылу үшін шабуылдаушы алдымен басын аударылатын жағына бұрып алу керек. Қарсыласты осылай лақтырғанда ол әр уақытта кілемге бірінші түседі, бұл кезде шабуылдаушы кеудесімен бұрылып болып, оның жауырынын кілемге тигізеді.

Тактикалық даярлық: қарсыласы оң қолымен белбеуден алып, шабуылдаушыныарқасынан асырып лақтыруға тырысады. Оның оң қолын босатып, денесі мен қолын қос ұстап, шалқалап лақтыру керек. Шабуылдаушы қарсыласын денесі мен қолын қоса ұстап, іштен іліп лақтыруға тырысады. Бұдан қорғану шалқалап лақтыруға жағдай туғызады.


Қатерлер: қатты қысып ұстамау; шабуылдаушыныңжамбасы қарсыласыныкіненжоғары – артқа қарай қатты жұлқи алмау; аяқтап іліп және орап алу арқылы кілемнен көтеруге мүмкіндік туғызбау; қарсыласы ұстаған кезде буындарын босата қою; иығын шабуылдаушының кеудесіне тіреу.
Қарсы амалдар: қолын білегіне салып, арқасынан асырып лақтыру, аяғымен сырттан ілу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет