Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Аттас жағынан белбеуінен ұстап орап лақтыру



бет28/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Аттас жағынан белбеуінен ұстап орап лақтыру өте немесе аздап бүгіліп тұрып, жақыннан орындауға ыңғайлы. Жоғарыдағыдай ұстап, арттан шалуға тырысса, қарсыласы қорғанып, оң аяғын артына қояды да өзінің сол аяғын орап алуға жағдай жасайды. Қарсыласқа қырын тұрып, оң аяғын артына қояды да өзінің сол аяғын орап алуға жағдай жасайды. Қарсыласқа қырын тұрып, оң аяғының тізесінің астымен тізесінен іліп, аяғының басымен жіліншігін артынан сыртқы жағынан орап алып, оған салмақ салса, екінші аяғын оның аяқтарының арасына өкшесін сыртқа қарата қойып, қарсыласына кеудесімен бұрылу керек. Шалқайып, қарсыласын өзіне – жоғары қарай тартып, аяғын тіктеп, көтеріп оңға бұрыла беріп, кілемге жауырынымен түсіреді.

35


Тактикалық даярлық: іштен ілу. Қарсыласты өзіне – жоғары қарай тартып, оны бұған қарсылық көрсетуге мәжбүр етіп, тізені бүгу. «қырқа» шалып лақтыруға ыңғай білдіргенде ол қарсыласамын деп орап лақтыруға жағдай жасайды. Қателер: қарсыласы қорғанамын деп аяғын тіктеген кезде шабуылшы құлап, ораған аяғын шығарып алады; шабуылдаушы құлап кеудесімен қарсыласына қарай бұрылу арқылы оны айналдыра алмайды; шабуылдайтын аяғымен қарсыласын ерте көтеріп асығыстық жасайды; шабуылдаушы қарсыласының аяғын орап ала алмайды, себебі: ол аяғын тіктейді; оның салмағын орап аяғына түсіріп , жіліншігімен тізесінің астынан қағып, аяғын бүгіп, содан соң орап алу керек.
Қорғану: аяғын сыртқа қойып, тізелерін қосу; орайтын аяқ жағынан қарсыласының белбеуіне қолын тіреу; аяғын тіктеп артқа қою; аяғын артқа көтеріп, тіктеу.
Қарсы амалдар: аяқпен көтермелеп, кеудесінен асырып лақтыру; алшақ тұрған аяғын лақтыру.
Қағып лақтыру.

Қарсыласы тік тұрып, аяғын алға алшақ қойғанда,. Бір жағына қозғалғанда аяқтарын айқастырғанда немесе шабуылдаушыны айналып қозғалғанда жақыннан және иықтан ұстап алып орындалады. Қырынан, алдынан, арттан, іштен қағу болып төртке бөлінеді. Көбінесе қырынан, алдынан қағып лақтыру қолданылады. Әдіс қарсыласының табанын бір қырынан, алдан жіліншігінен, өкшесінен және ішкі жағынан барынша шапшаң қағуға саяды. Оны екі жолмен орындауға болады. Біріншіде қарсыласы салмаған аяғына түсіріп, бірақ оны кілемге қойып кезде орындалады. Қолмен және денесімен жұлқып көмектеседі. Қарсыласынан соң құлайды. Екіншіде қарсыласы аяғын кілемге әбден қойғанда орындайды. Шабуылдаушы қолымен жұлқып, қарсыласынан бұрын құлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет