Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қазақша күресті оқыту процесінің құрылымы



бет46/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қазақша күресті оқыту процесінің құрылымы. Әдістерді күрес жөніндегі әдебиеттер деп оқып үйренуге ,
қазақша күрестен өткен жарыстарды қарап білуге болады. Бұл кезде палуандар әдіс жөнінде түсінік алады. Сонымен қатар палуандар өздері үйреніп жатқан әдістерге саналықпен қарау үшін оларды бұның алдындағы сабақтарда үйреніп , жетілдірілген таныс әрекеттермен байланыстырып отыру қажет.
Оқу практикасында әдістерді тұтастай , бөліп – бөліп (элементтері бойынша ), араластырып үйрету әдісі қолданылады. Тұтастай қарапайым әдістер мен жаттығулар үйретіледі. Бұлайша үйрету кезінде жаттықтырушы мына жәйттерді ескеруі тиіс: Жаттықтырушыларды әдіспен жақсы таныстыру ; сол әдісті үйретуді көмектесетін соған жақын немесе соның элементтері болып табылатын яки еліктейтін жаттығуларды жасату. Мысалы , күртешесінің жағасы мен жеңінен ұстап , арттан шалып лақтыру әдісі үйретілуде делік. Сонда бұл әдіс үйренуге көмектесетін жаттығуларға аяқты мықтап алға созып жүру , солайша жүріп , кейіннен тізерлеп жүруге көшу , аяқты мықтап созып жүре келіп , тізерлеп жүріп , кеудесімен құлату , т.б. жатады.
Еліктеу жаттығулары мыналар деп есептеуге болады: тіке тұрған кезде аяқты оңға әрі алға қарай созып , кеудемен құлату.

Бір әдісте бірнеше үйлесімді қимылдар жасауға тура келетін жағдайда ол әдіс бөліп – бөліп үйретіледі.

Әдісті араластырып үйрету амалы күреспен айналысатын топ палуандарға да қолданылады. Мысалы , тұтас үйретіліп жатыр , бірақ оның бірсыпыра бөлігін палуандар дұрыс игере алмай


52


қиналды делік , сонда ол бөліктер жеке үйретіледі де содан соң әдіс қайтадан тұтас орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет