Палуандардың білімін, шеберлігін даңдысын тексеру. Оқу жаттығу процесіндегі кемшіліктер мен жаттығулардың
қатесін аңықтау үшін ағымдағы тексеру және мерзімді тексеру қолданылады. Ағымдағы тексеру кезінде бақылау жүргізіледі , спортшымен іңгіме өткізіледі.
Мерзім тексерудің мақсаты – оқушының білімін , шеберлігін , дағдысын бір жүйеге келтіріп , спортшы оны ұзақ есінде сақтап қалатындай ету. Ол палуандардың техникалық даярлығы жөнінде есеп алу , жан – жақты дайындық жөнінде норма тапсыру , жарысқа қатысу нәтижелері және емтихан түрінде өткізіледі. Егер палуанның білімі зачет пен емтихан кезінде тексерілетін болса , шеберлігі техникалық әрекеттерді орындағанда , ал дағдысы мен оның жетілу дәрежесі жарыстарда тексеріледі. Әдістер мен жаттығуларды орындау кезінде мезгілімен қателіктерді түзетіп отырса , техниканы дұрыс игеруге ықпал етеді. Мұның , әсіресе , жаңа бастап жүрген палуанды үйретуде маңызы зор.
Қате жіберудің негізгі себептері мына төмендегідей болуы мүмкін. Күреспен айналысып жүрген адамның әлсіз болуы , әдісті толық түсінбей орындауы. Мысалы , егер палуандар жан – жақты дайындығы , күші жағынан жетілмеген болса , оларға жалпы дамытатын және арнаулы жаттығуларды жасауды тапсырылады да , оның орындалуына қиындық келтірген әдісті үйрету кейінге қалдырылады. Егер палуанның әдіс жөніндегі түсінігі теріс болса , жаттықтырушы қайталап түсіндіріп және қайта көрсетеді. Бұл кезде ол қимылдың дұрыс орындалмаған бөліктеріне баса көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |