Палуанның шыдамдылығын дамыту.
Палуанның шаршамауы дегеніміз – әдістерді бүкіл белдесу бойына жоғарғы қарқынмен орындау қабілеті. Ол оған түсетін салмақты ұдайы және бірте-бірте арттырып отыру арқылы дамытады.
Палуанның жалпы жан-жақты дене шынықтыру жаттығуларды орындағанда және арнайы дайындық жаттығуларын орындағанда шаршамауы деп екіге бөлінеді. Жан-жақты денені шынықтыру жаттығуларын орындағанда шаршамауы дегеніміз палуанның орташа қарқынымен шыдамдылықты өсіретін жаттығуларды ұзақ уақыт орындай алу қабілеті.
Арнайы дайындық жаттығуларын орындағанда шаршамауы дегеніміз палуанның қимыл-қозғалыстарымен әрекеттерді әр түрлі дәрежеде күш жұмсап жүріп айқас бойына жоғарғы қарқынмен орындай алу қабілеті.
Жалпы денені шынықтыратын жаттығуларды көбірек қайталау шыдамдылыққа тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |