Ф-ОБ-001/033
байланып жатса да өзінен гөрі қасында отырған Мейіркүлге көбірек жаны ашитын сияқты. Енді аяғына мініп,
ауруынан сауығып кетсе ғой, онда ғұмыр бойы осы әйелге табынып өтер еді.» [14, 203 ].
Ақылбек пен Мейіркүл бірнеше жыл өткен соң өздері аурухана табылдырығында табысып, арықарай махаббат отын жағуға серттескендей болды. Сол серттері шындыққа жанасып бұл екі ғашық арықарай өмірлерін бірге өткізді. Мейіркүлдің, Ақылбек пен Раушан арасында үш баланың:
Арман, Ләззат, Мұратты өз құшағына алып, анасы сыйламаған аналық махаббатты сыйлауы мұнда «махаббат» сезімінің мәңгілігі еді.
Ақылбек ауруханадан шықты. Мейіркүл болса өгей шешесі марқұм болғалы бері қаңырап бос тұрған үш бөлмелі үйіне бүгін қайта жан бітіру есебінде, Ақылбек пен оның балаларын үйіне әкелді. «...Жұрт аяғы саябырлаған сәтте Мейіркүл келіп:
Мейіркүлдің қалжыңдап айтқан осы бір ауыз сөзі Ақылбектің қиял жетпес алыста қалып қойған балауса өмірін көзіне елестетіп жібергендей болды» [14, 239].
Ақылбектің балалары Мейіркүлдің осындай әрекеті үшін өз ризашылықтарын білдірді.
«...Мейіркүл! Тағдыр бізді тағы да табыстырып отыр. Кеше Арман ауруханаға келіп:
Папа! Енді бәріміз бір жерде болайық, - дегенде баламды құшақтап сүйдім. Көзімнен қалай жас ыршып кеткенін білмеймін. Арман менің көңілімдегі, сенің жүрегіңдегі ой-толғаныстарды айтқызбай-ақ түсінген екен. Балам бәрінде жан-жүрегімен ұғыпты. Мүмкін әке мен баланың осылайша бірін-бірі тілсіз түсінуі шығар. Бақыт дегеніміз осы болады.
Біздер бір қалада тұрсақ та саған қайтып оралу үшін маған жиырма бес
Ф-ОБ-001/033
жыл уақыт қажет болыпты ғой» [14, 233 ].
Осыдан жиырма бес жыл бұрын пайда болған Ақылбек Мейіркүлдің ғашықтық сезімі қайта ұштасып, өмірлерінің соңына дейін «махаббат» сезімінің өшпейтініне кәміл сенеміз.
-
Бәкір бейнесі.
Адам табиғатына терең үңіліп, оны жан-жақты зерттеуге тырысатын бірден-бір мамандық иелері – жазушылар емес пе?
«...Жан тамыршысы аталған олар мүмкіндігінше кейіпкерлерінің жан дүниесін оның ішкі және сыртқы іс-әрекеттерін оның себеп-салдарын, шығу тегі мен әсер ықпалын, т.б. сөзбен айтқанда адам табиғатына тән әлеуметтік тұрмыстық тіршілік тынысынан бастап саяси, философиялық, психологиялық, физиологиялық, сезімдік құбылыстардың бәрін қамти отырып, жүйелеп жан-жақты әрі терең зерттеп-зерделеуді мақсат тұтады. Әрине олардың әрқайсысы қалай, қандай дәрежеде жазады, кейіпкерін қандай деңгейде көрсете алады – ол жеке жазушының ой-парасатына біліміне, суреткерлік шеберлігіне, қаламгерлік қасиетіне, талантына тікелей байланысты нәрсе» [24, 183 ]. Бізде осы пікірге қосыла отырып, автордың «Бәкір» бейнесінің сомдауына тоқталсақ.
Бәкір – Ержанның туысқаны, сұмдық күншіл кісі. Бұл кісі Ержанмен жастайынан тетелес өскен екен. Бала кезден Ержанға қарсы болып өскен екен. Ол бойындағы осындай қасиетін Ержан ержетіп, от басылы болып, ауыр науқас күйге ұшыраса да тастамайды. Жазушы сонымен оның іші тарлығының, көңілінің соншама адам айтқысыз қаралығы ашып көрсете білген.
«...Сол күнгі көңілімді су сепкендей басып тастаған кім дейсің ғой? Бәкір деген туысым. Әйелі екеуі сол кеште жұртпен бірге қайтпай, біздің үйде қалып қойған еді.
Ф-ОБ-001/033
Дос-жарандар қоштасып, үйден шығып кетісімен-ақ ол кердендей басып мен жатқан бөлмеге кірді. Ылғи ашық тұратын есікті де жаба келді.
Бағанадан безек қағып ойнап жүрген екі баланың у-шуы да, су сепкендей басыла қалды» [14,122 ].
Міне, кішкене осы үзіндінің өзінен автор,Бәкірдің бірнәрсе айтатын кішкене ғана штрих арқылы ғана беріп отыр. «Есіктің жабылуы» арқылы Бәкірдің аярлық жағдай жасайтынын көрсете білген.
«...Міне сол Бәкір өзінің ғұмыр бойы аңсаған арманына қолы жеткен адамдарша мәре-сәре боп отыр. Айызын түскісі келгендей-ақ менің жансыз жатқан аяқтарыма қарайды. Мына аяқ-қолдардың шаруасы біткені рас па?
Бір күні болмаса бір күні жазылып кетіп жазамды беріп жүрмей ме?- деп іштей күдіктенетін де тәрізді. Соның анық-қанығына көз жеткізіп алғысы келгендей әлжуаз қолдарын ербең-ербең еткізді денемнің әр жерін бір ұстайды.
Ақыры ол өз ойын жасырмай қаламтасын қоздатты:
-
Түсінем. Тас түскен жеріне ауыр. Бәрінен де саған қиын болды ғой. Бірақ қашанғы әйеліне масыл боп төсекте жата бересің?! Ұят қой. Гауһар күнде жылайды екен. Қашанғы отырсын омалып, жас емес пе? Сен оның жолына байлау болма. Жібер еркіне кетсін ұшып. Сен бұл үйде жатқанда өздігінен кете алмайды ол. Сенен қысылады. Аяйды. Ол үшін алдымен сен кетуің керек. Мүгедектер үйіне. «Біздің өкімет ешкімді далаға тастамайды. Ал, балалардан қам жеме, мен оларды жақсы интернатқа орналастырам, - деп менің көзіме не айтар екен дегендей барлай қарады. Мен тіс жарған жоқпын. Ол сөзін ұштай түсті.
-
Кесімді күн – кесілген ет емес пе? Адам кейде өзінің талқаны таусылғанын да, сезбей ме, дап қалдым. Мұндайда батылдық керек. Жақында мына сен тәрізді кәрі боп қалған бір жігіт өз тағдырын қолына алып мәселені бір-ақ шешіпті. Асылып өліпті. Байғұс қырық жылғы қиямет-қайымнан бір-
Ф-ОБ-001/033
ақ құтылыпты. Бірақ ол үшін таудай жүрек керек. Сенің қолыңнан о да келмейді ғой. Бейшара-ай тірі өлік боп жата беруден не пайда ?!» [14, 126-127 б].
Бұл жерде Бәкірдің біреу әлем-жәлем боп жылап жатса, ләззат алатындығын көруімізге болады.
Жазушы Бәкір бейнесін, оның сезім иірімін, қарапиығыл ниеттерін, тіптен кешегі өткен ғұмыры мен бүгінгі тірлік тұрпатына дейін тайға таңба басқандай әңгімелеп берген.
«...Адам психологиясының түпсіз жалыны, тіршілік ситуацияларының шым-шытырық шырмауы реалистік шешімімен ғана жарқырап көрінбек» [2,93].
Н.Келімбетов «Бәкір» бейнесін жасаудағы мына үзіндіге назар аударсақ:
«...Гауһар! Сол аярдың дәлізге шығып саған не айтып не қойғаның естіген жоқ. Бірақ екі балаң бірдей ебіл-себіл жылап, жаныма жетіп келгенде әлгінің тағыда бір сұмдық шығарғанын ішім дереу сезе қойды. Маған әлі жетпеген соң сендерге тиіскенін түсіну қиын емес еді. Бұл – жылан жүрісті ежелгі әдісі ғой.
Жарадан ірің ағызып кеткен екен. Екі ұлымның да сора-сорасы шығып еңіреп, бебеу қаққанда көкірегім қарс айырылып кете жаздады» [14,128].
Мұндағы, Бәкірдің жат қасиеті бір ғана Ержанды емес, оған тиісті адамдардың барлығына дерлік, өзінің без бүйрек сезімін танытады.
Н.Келімбетов ең алдымен сезімнің нәзік қылыш доп басып шерте білетін терең пікірлерін барлай білетін кемел суреткер.
«...Жаңа Бәкір ашықтан-ашық табалап:
«Енді сен тірі өліксің ғой», - дегенде тырс еткен жоқ едім. Қазір Қайратым жаныма кеп: папа, ертең мойныңа мінгізесің ғой, - дегенде көзімнен ыстық жас қалай ыршып кеткенін өзім де сезбей қалдым. Екі балам қосылып үшеуіміз борадай егіліп егіл-тегіл болдық. Тек мен ұлдарым сияқты
Достарыңызбен бөлісу: |