Мектеп сайттарында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты ең үздік бет байқауының ережесі жалпы ереже «Қош келдің, Әз-Наурыз!»



Дата25.02.2016
өлшемі13.55 Kb.
1-қосымша

Мектеп сайттарында «Қош келдің, Әз-Наурыз»

атты ең үздік бет байқауының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже




    1. «Қош келдің, Әз-Наурыз!» байқауы (әрі қарай - Байқау) қазақ тілі мен

әдебиеті және информатика пәндері бойынша оқушылар арасында Қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

1.2. Байқаудың міндеттері:

- балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық қызметке белсенді қатысуға тарту;

- оқушыларға патриоттық тәрбие беру;

- балалар шығармашылығын қолдау және ынталандыру, байқау жұмыстары авторларының шығармашылық жетістіктерін насихаттау;

1.3. Байқау Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.




  1. Байқаудың номинациялары және бағалау критерийлері

2.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:



«Наурыз нақыштары» номинациясы – кез-келген графикалық редакторларда салынған өзіндік суреттер (оқушының аты-жөні, сыныбы, мұғалімнің аты-жөні толық жазылады).

«Наурыздың жауһаз сырлары» шығармашылық номинациясы – байқаудың тақырыбына сәйкес өзіндік ой-толғау, шығарма, тақпақ-өлең, эссе мазмұнында болу керек (оқушының аты-жөні, сыныбы, мұғалімнің аты-жөні толық жазылады).

2.2. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау келесі өлшемдер бойынша сарапталады:

- көркемдік деңгей;

- байқаудың тақырыбына сәйкестігі;





  1. Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқау 2015 жылдың 2 - 18 наурыз аралығында өткізіледі.



3.2. Байқаудың жеңімпазын іріктеу 2015 жылдың 19 - 31 наурыз аралығында жүзеге асырылады.

3.3. Байқауға қала мектептерінің барлығы қатысуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет