Ф-ОБ-001/033
танудың өзгеше тәсілі, өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал-күйі, кескін-кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне суреткердің сол
адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыпасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатында творчестволық әрекеті басталып кетеді.
Әдебиеттегі адам бейнесін жасауда қолданылатын тәсілдердің бірі – ойдан шығару. Ойдан шығару – образға барар жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың жинақтаудың тәсілі.
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы образдар жүйесін автор жүйелі құра білген. Әрине, авторлық мұрат-мақсат шығарма мақсатына байланысты түпкі нысанға жетелейді. Автор хикаят-монологта, образдар жүйесін құру барысында, кейіпкерлерінің қыр-сырын жан-жақты терең пайымдап, психологиясын жақсы біле отырып ойын жеткізіуді талап еткен.
«...Қалай болғандада көркем шығармадағы кейіпкерлердің ірілі-ұсақты әрекеті, толғанысы, өмірге көзқарасы, қоршаған дүниені қиялдауы, басқалармен қарым-қатынасы, ой-пікірі, тіпті сөз сөйлеуі - бәрі де кейіпкердің бейнесін ашатын негізгі детальдар». [2, 19].
Жазушының бүкіл көркем туындысында кейіпкерлердің образын сомдау деңгейі бірдей болмайтыны толассыз нәрсе. Өйткені қоғамдық құбылыстар мен қоғамдық сана, ой, сезім, түсінік, біркелкі болмайды ғой. Ал көркем туынды – «өмір айнасы» десек, кейіпкерлердің де әр алуандығы - өмір шындығы. Тіпті осыған оарай образ жасау жолдарын оқиғаға қатысына, көркемдік тұлғасына қарай топқа бөлу дағдысы да орын алған. Оларды анықтау – тағыда кейіпкер бейнесі болмақ.
Хикаят-монологтағы әрбір көркем сөз образында, сөздер тізбегі оқырманның ой-қиялына ерекше әсер ететін эстетикалық талғамнан өткен дүниелер ретінде сомдалған.
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы образдарға талдау жасау,
Ф-ОБ-001/033
баға беру үстінде, біз автордың кейіпкер бейнесін образдар жүйесін ашатын боламыз.
«...Әрбір көркем туынды өзінің мазмұны мен формасы жағынан әрбасқа болатындығы сияқты, оны талдау да алаун түрлі тәсілді талап етеді». [1, 22 ].
Осымен әдеби талдау соның ішіндегі образдар жүйесіне байыпталарымызды қорыта отырып, оның нақты үлгілерін біз нысанаға алып отырған, яғни Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы кейіпкерлер бейнесін талдау. Яғни, хикаят-монологтағы кейіпкер әлемінің ашылуы образдар жүйесі арқылы, сондағы адам мінезі психологиясын көрініс табуы мен жазушы мұратының құпия-сыр астарларын аңғартуға тырысамыз.
2.1. Ержан бейнесі.
«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологының басты кейіпкері – Ержан.
Жазушының өмірлік материалдарды көркемдік шындыққа айналдыру принципі, қаламгер шеберлігін анықтау жолының бірі – кейіпкерлер мен олардың прототиптерінің арақатынасын салмақтауға саяды.
Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қисын қағидаға қарап белгілейді. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі - типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін прототип.
«...Прототипті пайдалану реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің шындықты шынайыландырудың құралы секілді» [5,57 ].
Солай болғанымен, бұл айтылғандарға қарап, әр жазушының шыншыл өнерінен туған әр типтің өмірде әрқашанда нақты прототипі болуға тиіс және оның өзі көзбен көріп, қолмен ұстарлық біреу ғана болуға тиіс десек, қателесеміз. Суреткер бір ғана модельмен қанағаттанбайды, бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.
Хикаят-монологтағы басты кейіпкер Ержанның өмірдегі прототипі
Ф-ОБ-001/033
Н.Келімбетов ағамыз.
Алдыңғы тарауда сөз еткеніміздей «Ержан» ауыр науқасқа шалдығып, үміт отын сөндірмей, ақырында жеңіске жеткен кейіпкер. Мұның барлығы шын мәнінде өмірде болған оқиға.
Хикаят-монологта Ержанның аурухана табалдырығын аттаған сәтінен басталып,оның жұлын-омыртқасына жасалған аса күрделі нейрохирургиялық операциядан кейін ақырет азабын шегіп, күні-түні ажалмен арпалып, жеңіске жеткен халі бейнеленеді. Адам төзгісіз осындай ауыртпалықты жеңу, үмітін үзбеу автор бойындағы ерекше бір дара қасиет десек болады.
Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» туындысын, шындап келгенде, автордың өзі жайында, өмірлік досы Гауһар (шын аты Қуаныш) туралы балалары Мұхит пен Қайтар хақында жазылған деректі хикаят деуге болады.
Хикаят-монологта, Ержан төбесінен төніп келе жатқан ажал үрейі кейде оның да. тұла бойын еріксіз бейлеп алады. Әйтсе де, Ержан «өліп қалам»-деп емес, өзінің қоғам алдындағы, туған-туысқандары мен дос-жарандарын, бүлдіршіндей екі баласы мен сүйікті жары Гауһардың алдындағы азаматтық, туыстық, достық, әкелік борышын өтей алмай қаламын ба? -деп қорқады.
Күн санап өмір шамы өшіп бара жатқан Ержанды ажал аузынан сүйікті жары Гауһар алып қалғаны хикаят-монологта зор шеберлікпен баяндалған.
Иә, Ержан аяқ-қолы сал болып, мүгедек күйге түссе де, ақыры қайсар жанның биік рухы, қайтпас күш-жігері мен өмірге деген құштарлығы жеңіп шығады.
Немат Келімбетов сомдаған Ержан бейнесі, қаламгердің кейіпкерге таза аналитикалық характер беруден гөрі, оның рухани-психологиялық өмірін тұрмыстық көріністермен, қоршаған ортаның шындығымен теңдестіре білетін шеберлігін танытады.
Тегінде автор көз алдында өтіп жатқан психологиялық процесті, жағдайды суреттегенде өзінің кометариі емес, сол сәттің көзі тірі куәгері –
Ф-ОБ-001/033
кейіпкері, соның көзқарасы, ой-сезімі арқылы беруге тырысады.
Шындығында - Ержан қоғамдық ақыл-ойдың, әлеуметтік болымыс-бітімі мен рухани мұраттың алтын желісінің алтын арқауы іспетті кейіпкер. Танымды символикаға емес, керісінше символиканы танымға айналдырудың «азаматтық», «достық», «туыстық», «әкелік» үшін дейтін астарлы арманды шебер қиюластыратын пысықай философиядан пейіл пәктігін бөле қараудың хас шеберінің бірі - Немат Келімбетов осы хикаят-монологында диалектикалық дамудың жаңа биігін меңзейді.Үміт үзбей, ауыр науқасқа ұшыраған Ержанның өмірлік кредосы, тіршілік философиясы. Осынау тума көзіндей тұнық сөзден шым-шымдап өрбіген адамдық ағыны шарықтау шегіне жетеді, яғни өмір үшін өртке түсіп, өмір сүру үшін жан алысып, жан берісудің заңдылығы адам адамның түйсігімен оқыс оралымын табады. «Үміт арқасында, өмірде жеңіске жеткен», бақытты адам Ержан жайлы хикая осылай өз шешіміне жетеді.
Сіздің жан – жүрегіңізді тербеген, сезім-санаңызды аялаған пейілі-ақ, тілегі-адал, өн бойында даралық лебі ескен кешегі жеке басындағы адам төзгісіз науқас күйімен, өмір жетегіне шыққан, Ержанның науқас халі мен қоштасасыз. Немат Келімбетовтің туған әдебиетіміздегі ірі жетістігі де, Ержан жаратылысы, Ержан мінезді, Ержан тұлғалы кейіпкерлер әлемін өмірге әкелу дер едік.
-
Дәрігерлер бейнесі.
Елена Андреевна - бас дәрігер, мығым денелі, сәл еңкіштеу, қабағы түксиіп қалған, мосқал әйел. Ауруханада оны ешкім Елена Андреевна деп аты-жөнімен атамайды. Жұрттың бәрі - ауруларда, дәрігерлер де «профессор» дейді.
Елена Андреевна басқа бөлімшелердегі дәрігерлер сияқты қиын жағдайда, маймөңкелеп жатпайды. Құдды төбеден тоқпақпен қойып
Достарыңызбен бөлісу: |