Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



бет13/15
Дата15.06.2016
өлшемі338 Kb.
#137246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ф-ОБ-001/033

жазушының логикалық-психологиялық тұрғысынан портреті арқылы кейіпкер тұлғасын ерекшелейтін детальдарын нақты аша білуі осыған саяды.

«...Ақылбек ғылым хақында, ғалымдар жөнінде қаншама көсіле хикаяласа да, өзі туралы айтқанда шамданшақ аттай кібіртіктеп, сауалға сараң жауап береді екен.



  • Тәйірі, бізді қойшы. Тыңдырғанымыз шамалы. Басымыз онша мықты емес қой. Әйтпесе адамның басына операция жасайтын жерде осалып жатар ма едік, - деп өзі жайындағы сөзді қалжынға айналдырып жібереді.

Бұл кісінің ғылымда көп жаңалықтар ашқан белгілі ғалым екенін, әрі белді ғылыми мекемелердің бірін көп жылдар бойы басқарып келгенін біздер сырттан көңіл сұрай келіп жүрген жора-жолдастарының өзара әңгімелескенінен аңғарып қалған едік». [14, 43].

Осы үзіндіден кейіпкердің ой мақсатын, көруімізге болады. «Адамның басына операция жасайтын жерде өстіп жатарма едік» деген сөзде бірнеше сыр жатқаның көруімізге болады. Сонымен қатар, хикаят-монологта Ақылбектің «әйел» адамына деген құрметі, мейірімділігін кездестіруімізге болады. Ақылбек жары - Раушанға деген қаншама игі істері,жарына деген төзімділгін барлығына дерлік төтеп бере білген. Автор Раушан бойындағы әйел адамына жат қылықтарды аша білген.

«...Ақылбек өз әйелінің кім екенін арадан он тоғыз жыл өткен соң там-тұмдап түсіне бастағандай еді. Басы аман, бауыры бүтінде ол хақында шындап ойлаған емес. Жұмыс басты жанышты болып жүре берген екен.

Міне, бүгін сырын ақтарып отыр. Бір кезде ағайын туыстары оған: «Науқас анаңды бақ, қасында бол, қасында отыр, - дейді. Бұл не? Тағдырдың тәлкегі ме? Соңғы жылдары Раушан осы «отыр» деген сөзді жиі естігені сондай, біреу «отыр» десе аза бойы,қаза болады. Лабароторияда отыр, кітапханада отыр, архивте отыр. Енді келіп үйінде отыр дейді». [14,223].Мұндағы үзіндіден Раушанның аярлық бейнесін көруімізге болады.


Ф-ОБ-001/033

Раушанның жүрегінің суықтығы соншалықты өз құрсағында көтерген үш баласынна аналық махаббатыпен, мейірім шапағатын сыйламайды. Міне, автордың айтпақ болған ойы, Раушан арқылы қазіргі кезде белең алып жатқан құбылысты типтік бейне арқылы көрсете білген.Ал Ақылбек болса, Раушанның ауыртпалық қасиетінен «инсульт» аурунына жолығып бірнеше уақыт ауруханадан бас алған жоқ.Автор Раушан бейнесін былайша

қортындылап көрсетеді: «...Өмірде өз кінәсін, сірә, өзге түгілі өз арының алдында да мойындай алмайтын адамдар болады. Таудай қылмыс жасап қойса да, ондайлар өзін-өзі ар сотына салып, күйіп-пісіп, әлекке түсіп жатпайды. Бар айыпты басқаларға арта салады да, өзі сүттен ақ, қардан таза, бейкүнә періште боп жайбарақат жүре береді» - деп типтік образ жасаған.

Десекте, Ақылбек осындай жанмен он тоғыз жыл отау құрып, балаларына әкелік махаббат сыйлауын армандайды. Бірақ бұл кісі ауруханада ауыр халде жатты. Осындай сәтте Ақылбекке бақытты күндерді сыйлайтын ауруханадағы фельдшер Мейіркүл апай демеу болды.

Мейіркүл қара торы келген, бас дәрігердің ісін жетік білетін, аса ұқыпты фельдшер ретінде де құрмет тұтатын жан.

«...Ақылбек өзі жан алқымға тақалған бас ауруынан есін жиып, көзін ашқан бойда-ақ, алдымен дәл қасында өзіне мейірімді қарап отырған Мейіркүлді көрді. Талай күн, талай түндер бойы аузына су тамызып, өзіне күтім жасап отырған осы Мейіркүл екенін ол бірден ұқты. Өйткені аурумен алысып, жанталасып жатқан сәттерде бірнеше рет құлағына осы бір әйелдің таныс даусы еміс-еміс келіп, оның бейнесі көзіне елестегендей болып еді. Сөйсе, ол елес емес, шын боп шықты. Түсі емес, өңі екеніне енді ғана көзі жеткендей болды» [14, 203 ].

Әдебиетші Ян Парандовский айтқандай, кейіпкерге лайық ат пен фамилияның да таңдалуы тегін емес. [24, 138]. осы пікірге қосыла отырып автордың Мейіркүл мен Ақылбектің есімдерінің өзінде жақсы кейіпкерлер


Ф-ОБ-001/033

екенін оқырманды өзіне баулый түседі.

Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында «Ақылбек пен Мейіркүл» бейнелерін сомдау арқылы олардың арасындағы махаббат хикаяларын ашық көрсете білген.

«...Бір айдан бері күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей басында отырған осы бір мейірбан әйелдің ақжарқын жүрегін сау кезінде неге түсінбедім деп іштей қынжылды-Ақылбек. Біздер бір-біріміз үшін жаралғандай жарасты едік қой.

Сен менің алғашқы махаббатымсың ғой Мейіркүл. Сол судан таза, сүттен ақ мөлдір сезімді аттап кетуге қалай ғана арым шыдады екен? Рас, арыңды аяққа басқам жоқ. Әйтсе де сенің алдыңда кешірілмес кінәм бар сияқты...» [14, 203 ].

Осы үзіндіден кішкене бір деталь арқылы жазушы өз ойын көркем жеткізіп берген.

Бұлардың арасында бірнеше жыл бұрын пайда болған махаббат атты ұлы сезімнің, әлі күнге дейін өшпегенін көруімізге болады. «...Кейде екеуміз әлденеге дауласып, яки әңгімеге беріліп кеткенімізде жібектей жұп-жұмсақ ыстық алақаныңды менің қолымның үстіне тастай салатынсың. Мұндайда мен абайсыз шоқ басып алғандай ыршып түсетінмін. Бірақ сен ешнәрсеге мән бермейсің. Мені қандай жан азабына салып қойғаныңды өзіңде сезбейсің. Түк болмағандай-ақ, жайбарақат отырып сөйлей бересің. Әңгіме кезінде кейде басымыз түйісіп, сенің оттай ыстық лебің бетіме тигенде басым шыр көбелек айналып, мол ләззатқа кәдімгідей елтіп, мас боп қалушы едім. [14, 204].

Мұнда автор, Ақылбек бойындағы махаббат сезімдерін көрсете білген.

«...Мен күнде таңертең таңның арайлап атқанына емес, сені тағы бір мәрте көретініме қуанып төсектен тұрушы едім. Маған мына әлемдегі бар сұлулықтың сырын ұқтырған да, сен шығарсың деп ойлаймын, Мейіркүл. Өзіңмен кездескен күнге дейін жарық дүниедегі, айнала төңіректегі


т Ф-ОБ-001/033

табиғаттың көл-көсір, ғажайып көркін көрмей, құстардың мың құбылған

дауыстарын естімей, өзендердің сылдырап аққан әсем әуенің ұқпай қалай босқа жүре бергеніме өзімде қайран қалған едім-ау сонда». [14, 205 ].

Қаламгер махаббат аясындағы жандардың соншалықты берілгенін махаббатпен табиғат әлемін ұштастыра қойып бейнелеген.

Мәселен, кездейсоқ кездескен Ақылбек пен Мейіркүлді жан әлемдеріндегі ала-құйын сезімдерді, өздерінің ішкі өмірлері мен ойларына ерік беру параметрлерін, олардың ішкі тартыс табиғатын, қайшыласқан ішкі

монологты талдау тәсілдерін жазушы қалай шебер игергеніне мына бір үзінді арқылы куә боламыз.

«...Бірақ мен ол кезде саған бұл сөздердің бірде-бірін айтпағам ғой. Жанымда жүрген өз бақытыма қол созғам жоқ. Сәл қол созсам-ақ, ол көктемгі көбелектей ұшып кетер деп қорықтым. Сені сағынышқа айналып кетеме деп жасқандым. Маған өзіңді күн сайын көріп тұрудың өзі де қол жетпес армандай еді.

Неге мен өз жүрегімнің әмірін орындап, сол кезде осы сөздерді саған айтпадым екен?! Жазғы шықтай мөп-мөлдір пәк сезімнің бойымнан дер кезінде бұлықсып, сыртқа оқша атылып шығуына неге мен жол бермедім? Құдды құрық тимеген асаудай, тулаған бойымдағы ыстық сезімді қалай ғана тұншықтырып тастай бердім? Адам да өзіне-өзі соншама қиянат жасайды екен-ау. Қазір ойласам мен өзіме-өзі айтса адам төзгісіз сұмдық қиянат жасағандай болып көрінем» [14,206 ].

Міне, осындағы Ақылбектің махаббат сезіміне деген көңіл-күйін өзінің бойындағы батылы жетпеген еріксіз іс-әрекетінің булығып қалған екендігін танытады.

Бір-бірін жақсы көрген Мейіркүл мен Ақылбек, өмірдің ащы-тұщысын татса да, олар бір-бірінің алдында әлі де махаббат отын қайта тұтатып, барлығын бастан бастамақшы болады. «...Тап қазір Ақылбек өзі төсекке



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет