Факультет: Филология Курс: 4 Пән



Дата06.11.2023
өлшемі1.14 Mb.
#482517
Бегманова роман


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Филология
Курс: 4
Пән: Әдеби үрдіс және сын мәселелері
Тақырыбы: «Күтумен кешкен ғұмыр» романы
Орындаған:Алашыбай А.Қ.
Қабылдаған: Бегманова Б.С.
Алматы - 2023
Тақырыбы: Күтумен кешкен ғұмыр
Идеясы:Автор рулар арасындағы дау-дамайды, ағайын арасындағы алауыздықты, еріктерінен тыс тұрмысқа шығып, күйеулерінен таппаған махаббатты басқа жаннан іздеген әйелдердің тағдырын, әнші жігіттің махаббаттың кесірінен атағы мен абыройынан айрылуын, махаббатқа деген адалдық, Ресей патшалығының ерлерді соғысқа алып кету мақсатымен жасаған іс-әрекетін, сүйген адамына деген сағыныш, үзілмеген үмітті көрсетіп отыр.
Авторлық таным:
Тарихи шындық: 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы шықты. Отызыншы жылдары халықтың үдере көшуі. Шығармада ішінара осы туралы сөз болады.
Пейзаж: Баркөрнеуді суреттейді. Биік шың. Ұшар басындағы ақ шөкім бұлт. Қимас жүз танысынша көзіне оттай басылды. Тар қыспақ. Күрт бұрылысы көп.Судың өзі қысылып,сайдың табанынан жолды әрең тауып,ағып жатқандай.Кей тұста құзар тау екі өкпеңнен қысып,аспанның өзін әрең иненің жасуындай етіп көрсетеді.
Көркем шындық: Рулар арасындағы дау. (Солтанқол мен Қарабек арасындағы дау); Әйелдердің есеппен қосылған жарларына опасыздық жасауы; Ағайын арасындағы сатқындық.
Сюжеті:
Композициялық құрылымы:
Басталуы: Әтікеннің сапардан оралуы.
Байланысы: Әтікеннің ішіне сақтаған сыр. Айсарымен жасалған келісім.
Дамуы: Әтікен мен Қайнекештің кездесуі. Үмбетей қажының ұлы тойы.
Шарықтау шегі: Әтікен мен Әуестің ұсталып қалуы. Жұмабек көтерген шу.
Шиеленісуі: Екі ел арасындағы даудың ушығуы. Қайнекешті алып қашу. Елден қашқан Әдікен.
Шешімі: Қайнекештің үйіне қайта оралуы. Байтуға қайта қосылған Қайнекеш. Әтікені күткен Қайнекеш. Үміті үзілген әйел.
Кейіпкерлері:
Негізгі: Әтіке, Қайнекеш,Жайту, Жамалхан, Сейітбаттал.
Жанама: Айсары, Елқонды,Әуес, Байту, Жамалхан,Жұмабек, Жүнісбек, Темірәлі, Байту, Байтарақ қария, Сүлеймен, Сапар, Күлдәр, Әнес,т.б.
Әтіке:
Құлшынып, көптің ортасын көктеп тұратын әнші жігіт, қазір кісіден безіп киік мінезденіп кетіпті, қылығы ғана емес өзгеріс өңінде де бар. Сауық құрып жүрген адамнан гөрі сыйқы жоқ , жадап жүдеген адамға көбірек ұқсайды.Қас қабағынан ылғи бір қағілездік, ойнақылық сезіледі. Ал мынау қабағын түйіп, кіржегін киіп, кісінің көңілін амандасқан кезден ақ құлазытады. Ажарлы көрінетіні , күлімдеп, жанарының құбылып ойнап тұратыны өңіне шырай беретін болуы керек. Дәл қазіргі тұрқында әдемі дейтін дәнеңе де жоқ.
Елқонды:
Бурыл сақалды, сары шал.Екі сөзге келмейтін ызақор , дәріше бұрқ ете қалатын долы мінезі бар.
Жамалхан:
Танадай көздері тайсалатын емес, жалт қарағаны кісіні тайсақтатады. Бидай өңі бір қыдыру сұлу. Сылқ-сылқ күліп,білегін билете үйіріп,алақанымен аузын басты. Келісті бір күлкісіне сап келіншек қылмың ете қалды. Қылықтылығына дауа жоқ.Бет қызылы мен көз жанары жарыса ойнап, күрт өзгерісі жүзіне жараса кетті.Әзілі астарында әйелдің қай сыры жатқаны құпия.
Қайнекеш:
Қыздың жүзі ме, жанары ма әлдене ақ шүғыладай жарқ еткендей болды.Көп гүлдің ішіндегі айрықша гүлдей оқшау көрінді. Жігіттен именіп, рауғаш іздегенсіп, қыз еңкейе берді.Соңғы серуенім деп сейілге шығып, секіріп ойнап жүр емес пе? Қыз күлімсіреп амандасты. Қысылса да, қылымсымады.Онша ұяң еместігін үнінің орнықтығы да аңғартты.Жеңгесін жанарымен ғана жазғырып, қыз сәл қабағын шытты.
Психологиялық параллелизм: Баркөрнеуді адамдармен қатар қоюы.
Антитеза: Солтанқол мен Қарабек арасында;
Жайту мен Әдіке арасында;
Үмбетей қажы мен Жұмабек арасында;
Халық пен Ақпатша арасында.
Монолог: Әтікенің монологы
Диалог: бар
Категориялар:
Трагедиялық: Әтікенің қайтыс болуы, Сейітбатталдың өлімі.
Ұсқынсыздық: Жұмабек бейнесі. Екі ел арасында араздық тудырып, адамдарды бір біріне қарсы қоюы.
Құлдыраушылық: Әтікенің сапардан кейінгі жай- күйі.
Бейберекетсіздік: Романдағы әйелдердің әрекеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет