Білім алушылардың кәсіптік практика есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы
Ескерту: қорытынды есеп берудің формаларының үлгісі, титул беттің үлгісі қосымша көрсетіліп, есепті қабылдау туралы ақпарат пен бағалау тәртібі қоса беріледі.
Мысалы төмендегілер ұсынылады.
1.Білім алушылар келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:
2.Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі)
3.Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша)
4.Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп (3-қосымша)
5.Тәжірибе өту кезінде орындалған қызметтің сипаттамасынан, алынған білімдер дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.
Оқу-өндірістік практика бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1.Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.
2.Басты бөлім құрауға тиісті:
2.1.Оқу-өндірістік практикадан өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2. Оқу-өндірістік практикадан өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;
2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;
2.4 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің түрлері, жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;
2.5 Сұлба, кесте, график, мәтін және т.б. түрінде баяндалған зерттеу нәтижелерінің мінездемесі;
3. Қорытынды жасау керек:
3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;
3.2 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің деңгейін бағалау;
3.3 Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу және практика өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;
3.4 Білім алушының (магистрант, докторанттың) ғылыми-зерттеу жұмысында және шығарушы квалификациялық жұмыста ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану мүмкіндігін бағалау.
4.Библиографиялық тізім.
5.Есептің қосымшалары: білім алушы практика кезінде өз бетімен құрастырған және рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар үйренушінің ғылыми-зерттеу практика өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары (мысалы, магистранттың практика кезінде жинаған мәліметтері бойынша дайындалған баяндамалар мен мақалалар мәтіндері).
6.Оқу-өндірістік практика өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.
7.Оқу-өндірістік практика бойынша бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |