Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет8/11
Дата23.02.2016
өлшемі5.61 Mb.
#6430
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Нефрит жолы. Жазба және археологиялық деректердің мәліметіне қарағада ежелден-ақ Хотан ме Яркенті Солтүстік Қытаймен байланыстырып жатқан нефрит жолы болған. Бұл Хотаннан басталып Вахан дәлізі арқылы Памирді айналып өтіп Дуньхуанға өткен жол болатын. Хотан нефрит өндірудің және оны өңдеудің негізгі орталығы болды. Ашық жасыл түсті ефриттен Қытайда мемлекеттік нышандарды, діни мейрамдарға қатысты заттарды және тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасаған.

А. Стеин, П. Пеллио және Ф. Бергманның экспедициясы Солтүстік Қытайда гобилік жаңа тас ғасыры кезеңінің өзінде нефритте әртүрлі тұрмыстық заттар жасағаны анықтады.

Солтүстік Қытайдағы Луньшан мәдениеті (б.з.д. ІІІ мың жылдық) мен батыстық нефритті құралдарыда ұқсастығы бары анықтаған. У. Виллептс, Солтүстік Қытайдың тұрғындары нефрит өңдеуді батыстықтардан үйренген болса керек деген болжам жасаған.

Нефрит жолының нақты қалыптасқан уақыты белгісіз. Дегенмен зерттеушілердің нәтижесіне қарағанда б.з.д. І мың жылдың өзінде-ақ Қытайға Хотан нефриті көптеп тасылған болса керек. Бір қызығы сол нефриттен жасалған заттар Чжоу және ерте Хаьн кезеңінің өзінде (б.з.д. Х ғ.- І ғ) көп көлемде тасылған, оның көлемі кейінгі кезеңдерден әлдеқайда көп болған (Лубо-Лесничеко Е., 1988, с. 353).

Б.з.д. 130-115 жж аралығында Орталық Азияға сапар шеккен Чжань Циньнің айтуына қарағанда Хотаннан шыққа нефритті оның келгеннен көп бұрын-ақ Қытайға тасмалдаған екен.

Эгами Намионың дәлелдеуіне қарағанда б.з.д. ІІІ ғ. Батыс Ганьсу мен Шығыс Түркістанның кең алқабын алып жатқан юэчжилер нефрит тасмалдауға делдалдық қызмет атқарған болса керек (Лубо-Лесничеко Е., 1988, с. 353).

Нефрит өндірілетін негізгі жер Хотанның Таранға құя берісіндегі екі өзеннің жағасы болған, ал соңғы кезде нефритті Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы Кетмен төбе тауынанда өндірген 1425 ж Кетментөбе нефритін Ұлықбектің бұйрығымен Жібек жолы арқылы Самарқанға әкелген (Хошимов М., 2005, с. 18-19).

3. Меридияндық батыс жол. Соңғы жылдардағы археологиялық ашулардың нәтижесінде б.з.д. 1 мың жылдықтан 2 мың жылдықтан бастап «Мередиянық Батыс жолдың» болғаны анықталып отыр. Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді байланыстырып жатқан бұл жол Қытайдың оңтүстік-батыс арқылы, солтүстік Бирмаға, онан әрі солтүстік Ветьнамға өткен. Бұл жол Ордос арқылы, Ганьсу таулы қыратына Шаньсиге, онан әрі Сунфаян даласынан Миньцзен және Даду зендерінің жоғарғы ағысына өткен. Әрі қарай осы өзендерді жағалап оңтүстікке жүрген жол Юньнанға Лусюньга, Чжаотуға, Куньмин, Дали онан әрі Бирмаға өткен. Шамасы осы жолдың солтүстік бөлігі туралы кезінде Птоломейдің «Географиясында» айтылған болса керек.

Ұзындығы біреше мың км-ге жететін бұл жолдың басты ерекшелігі, ол негізінде далалық қырлар арқылы жүріп отырған. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл жол арқылы екі бағыты да қызу миграция жүріп жатқан. Дегенмен, оның басты бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай жүрген болса керек. Бұл жол ежелгі Қытайлықтарға «Цяньханьшу» (Цияндар жолы) деген атпен белгілі болған.

Осы жолмен жүрген ортағасырлық тайпалар туралы алғашқы жазба деректер б.з.д. ІҮ ғ бастап кездеседі.

Б.з.д. ІҮ-ІІІ ғғ кезінде «Меридияндық батыс жолмен» ғұндар батысқа қарай ығыстырған юэчжилер жүрген.

Жазба жәе археологиялық деректердің нәтижесінде б.з.д. 1 мың жылдықтан 2 мың жылдықтың жартысында «Меридияндық батыс жолмен» миграция жүріп жатқан, онымен оңтүстіктен Шэньду мен Шудал шыққан садагерлер ал оңтүстіктен Бактриялық саудагерлер жүрген.

4. Дала жолы. Меридияндық батыс жолмен қатар, сол уақытта «Дала жолы» да болға, ол жол Қара және Азов теңіздерін Орталық Азиямен байлаыстырып жатқан. Дала жолы туралы алғашқы жазба деректерді б.з.д. ҮІІ ғ. өмір сүрге Аристей Проконнестіктің «Аримаспея» атты поэмасында кездестіреміз.

«Дала жолы» туралы нақтылы жазба деректер Герадоттың «Тарихында» сақталған. Герадот жазған «Дала жолы» картаға Дж. Хатсон түсірген. Дала жолы Азов теңізі жағасындағы Танаистен шығып Дон өзенінен жоғары қарай өрлеп отырған сарматтардың жері арқылы қазіргі Волга-Дон каналына жеткен. Онан әрі қарай жүрген жол Орынбордың төңірегін мекендеген буриндарға жеткен. Онан әрі шығысқа бұрылған жол Орал тауының оңтүстігіндегі шөлді, Герадот шөлді дала деп атаған Үлкен Ырғыз және жалпы Сыртқа өткен. Онан әрі шығысқа жүрген жол «орманды даланы» айналып өтіп, Тобыл мен Есілдің жағасын ирктер мекендеген жерді басып өткен. Жол қазіргі Самейге жақын жерде «басқа да скиф тайпалары» жеріне жеткен. Онан әрі жүрген керуен Алтай таулары сілемдері алып жатқан тастақты жазыққа шыққан. Дала жолы агриппейлер жеріне жетіп тоқтаған.

Агриппейлер туралы Герадот былай дейді: «как мужгины, так иженщины лысыс от рождения плосконосые и с широкоми подгорками» (Герадот ҮІІ, 23). Зерттеушілердің пікіріне қарағанда агриппейлер мекендеген жер жер Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы, Зайсан көлінің төңірегі болса керек.

Бұл жолмен бағалы оң терілері, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты Бұл жол ежелгі заманда Қазақстан арқылы өткен алғашқы жолдардың бірі болды.



18 лекция.

Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары

Жоспар

  1. Оңтүстік жол


1. Оңтүстік жол. Оңтүстік жол Шығыс пен Батысты ежелден-ақ байланыстырып жатқан жолдардың әртүрлі бағыттарының үлкен бір арнаға қосылып, тарихта «Ұлы Жібек жолы» деген атқа ие болуы ұзаққа созылған, тіпті бірнеше мың жылды қамтыған болатын.

Өзінің 1877 жылы жарыққа шыққан «Қытай» атты еңбегінде «Ұлы Жібек жолы» деп атаған К. Рихтго Феннен 2000 жыл бұрын-ақ дүниеге келген «Ұлы Жібек жолының» алғашқы рет негізін кім салғаны тарихта белгісіз, дегенмен, бұл жолды халықаралық жол ретінде іске қосқан адам ретінде Қытайдың атақты жиханкезі, б.з.д. 138-126 жылдары Батыс аймаққа сапар шегумен байланыстырып жүр. Ол Чжан Циянь болды.

Жалпы, бұл жолдың тарих сахнасына шығуына себеп болған оқиғаның бірі, - б.з.б. 140 жылы Қытайда Хань империясының құрылуы болды. Бұл империя бастапқы кезде Хуанхэ мен Янцзы өзендері аралығының солтүстік –шығыс бөлігін ғана алып жатқан болатын. Хан империясы кезінде Қытайдың Орталық Азиямен, ол арқылы Батыс Еуропамен қарым-қатынасы күшейе түсті.

Әсіресе Хандық Қытай импиратор У-ди (б.з.д. 140-87 жж) кезінде Батыс өлкеге Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен сауда, елшілік алмасу, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуды іске асыра бастайды. Соның бір айғағы Чжон Цзиянның Орталық Азияға сапары болды.

Чжон Цзян өзінің батыс өлкеге сапарын (туған жері Хан-Чжун аймағы). Батыс өлкеге сапар шеккен Чжан Цзянге жолбасшы болып Хун Тани Хунганьфу жүреді. Оны жолда хундар ұстап князға алып барады.

Импиратор Чжан Цзяннан: Сені Хун жері арқылы жүруге қандай құқық бар? - деп сұрайды. Оны Хун қызына үйлендіреді, онан ұлды болады.10 жылға жуық тұтқында болған ол қашып шығып 10 күн жүріп Давань жеріне жетеді. Давань жері – қазіргі Ферғана аймағы. Импираторға жазған хатында Давандықтардың егін егетіндігі, 20 астам қалалары бары, бастысы олардың арғымақ жылқылары бар екенін айтқан.. Оның айтуына қарағанда бұл арғымақтар «аспан жылқыларынан» тарайды екен. Дерекке қарағанда ол осы арғымақтарды импираторға сыйға әкеліпті. Импиратор осы арғымақтарды алу үшін, Даваньға елші жіберіпті, бірақ Давань билеушісі оған арғымақ беруден бас тартқан екен. Осы себепті Хань империясы Даваньға соғыс ашқан екен.

Чжан Цзян Даваннан Қаңлы еліне барады. Қаңлылар ол кезде Сыр мен Әмудің ортасында өмір сүрген. Жалпы Чжан Цзян батыс өлкеде 13 жыл болған, сапарға шыққан 100 адамнан тек ол және оның жол басшысы ғана Қытайға оралған. Осы сапардан оралған Чжан Цзянь келесі елдер туралы айтқан. Жерорта теңізінің батыс жағалауы туралы Кіші Азия не Шығыс Жарты теңіз жағасы туралы, Личань жері шамалы Египет не Рим болса керек. Б.з.д. 113 ж Хан империясы мен Аньш (Парфия) арасында дипломатиялық байланыс орнаған. Б.з.д. ІІІ-105 жж аралығында Парфиян билеушісінің елшілері Қытайда болған.

Оңтүстік жол (тармақ) Қытайдың жазба деректері бойынша бастапқы кезде Қытайдан басталатын, Шығыс Түркістан арқылы Ұлы Жібек жолының екі тармағы (жолы) өткен, олар: Оңтүстік жол – Наньдао, Солтүстік жол – Бэйдао

Батыс өлке арқылы өткен бұл екі жол арқылы сауда, дипломатиялық қарым-қатынас жүріп жатқан.

Оңтүстік жол Юй-мын гуаннан басталған Оңтүстік жол Шань- Шань арқылы (Лабнордың маңы) өтіп, Оңтүстік тауының (Кульлунь) тауын солтүстік жағымен айналып жүрген, сосын Яркент өзенін жағалап, онан әрі қарай батысқа жүріп Шачэ-ге (Яркент) жеткен. Онан әрі Ташқорғанға, Ваханға шыққан. Ваханға жеткен Оңтүстік жол екі бағытқа бөлінген: батысқа және оңтүстікке.

Батысқа бұрылған жол Балх-Мерф-Гекатомпил-Экбаптануға, онан әрі қарай Ктесифонға, онан әрі ежелгі ахеменид жолымен Солтүстік Месопотамияға, Сирияға, Анптиохияға өткен. Ваханнан оңтүстікке бұрылған жол Гилгит арқылы Кашмирға, онан Гандхаруға, онан әрі қарай Барбариконға (Үндінің атырауындағы), онан әрі Баригазе (Броч) кетіп біткен.
19 лекция.

Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары

Жоспар:


  1. Солтүстік жол – Бэйдао.


1. Солтүстік жол – Бэйдао Юй-Мынгуаннан бөлінген Солтүстік жол Лоулань арқылы Карашарға онан әрі, солтүстік тауды (Тянь-Шань) жағалап отырып Тарам өзенін бойлап батыстағы Қошғарға (Шулэ) жеткен. Бұл жолдың бойындағы басты бекеттердің бірі – Қашғар оазисі болған, оған Лоуляннан шыққан керуендер келген. Қашғардан шыққан солтүстік жол Терек-Давань асуы арқылы Ферғана өңіріне шыққан, онан әрі қарай жүріп Қаңлы еліне (Кангюй, Канцзюй) өткен, онан әрі қарай солтүстік-батысқа қарай жүрген жол Яньцы (Арал маңы), онан әрі Янцайға (Төменгі Волга және Жайық жағасына) шыққан, сонысын, Солтүстік Қаратеңіз жағасына жеткен. Қытай деректерінің мәліметіне қарағанда Ұлы Жібек жолының Дуньхуан мен Бұзы көл (Лабнов) аралығында бірқатар әскерибекеттер болған. Олар жолдың бойындағы сақтықты осы жолмен өткен елшілік өкілдерін қарап тұрған. Осы жолдың кейбір бөліктерінің жергілікті аты болған. Мысалға: Дуньхуаннан шығып Хотан арқылы оңтүстікке шығып Памир тауын айналып, Вахан дәлізі арқылы өткен бөлігі «нефрит жолы» деп аталған, ал осы жолдың Терек-Давань асуы арқылы өткен бөлігі «Жібек жолы » деп аталған. Сонымен қатар, бұл жолдың басқа да аталатын бөліктері болған. Бұл жолдардың барлығы Хань империясының астанасы (Бейжіннен батысқа орналасқан) Чаньанен басталған, олардың бойындағы бастсты бекет, сөз жоқ Дуньхуан болған.

Ұлы Жібек жолының бағыты әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты өзгеріп отырған. 6 ғ соңы мен 7 ғ басында өмір сүрген Қытай геогрфы Пэй Цзюй өзінің «Батыс өлкенің жазбалары мен карталары» атты шығармасында Дунхуаннан шығып Батыс теңізіне (Жерорта теңізі) баратын үш жол туралы жазған, олар: Солтүстік жол, Орта жол, Оңтүстік жол

Солтүстік жол – Хануден (Иу) шыққан жол бал көлді (Пулэй) айналып өтіп, теле тайпасының жері арқылы түрік қағанатының ордасына (Ыстық көлге жақын жерге) жеткен. Онан әрі қарай Люхэшуи арқылы Фулинь еліне, онан өтіп Батыс теңізге жеткен.

Орта жол – Турфаннан (Гаочан) шыққан жол Карашар (Яньци) арқылы Кугаға (Цюцы), теле, онан әрі Памир (Цунлин) арқылы Ус Трушанға, Хэ, Үлкен және Кіші Ань арқылы Самарқан-Мерв, онан Сасанидтік Иранға, онан әрі Батыс теңізге шыққан.

Оңтүстік жол – Шань-Шаньнан басталған жол (Лабнор көлі маңында) Хотан-Карғалық-Ташқорған-Вахан-Тохаристан-Еда-Багшан- Ганзи арқылы Боломэн-ге шыққан (Солтүстік батыс Индияда), онан әрі Батыс теңізге шыққан.
20– лекция.

Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы бөлігі

Жоспар


  1. Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өткен бағыты

  2. Ортағасырлық Испиджаб қаласы


1. Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өткен бағыты. Шаштан (Ташкенттен) шыққан Ұлы Жібек жолы шығысқа қарай жүріп отырған Тұрбат асуынан өтіп Испиджабқа жеткен. Испиджаб Қытай деректерінде «Ақ өзендегі қала» деп аталады, ал Махмуд Қашғари бұл қала туралы: «Испиджаб деп аталатын Ақ қаланың (Ал-маринат ал-Байда) шын аты-Сайран» деп жазады. Испиджабтан шығысқа қарай жүрген жол Шараб, Будухет, Керуенсарай, Тамдепе, Абардадж қалалары арқылы өтіп, Таразға кіреберістегі Жамуқаптан өтіп «Көпестер қаласы» арқылы ежелгі Таразға жеткен. Тараз қаласынан шыққан керуен жолы Касрибас (Ақыртас), Көлшүб (Өрнек), Жүлшүб қалаларынан өтіп, Құланнан, онан Мерке, Аспара қалаларына жеткен. Аспарадан шыққан жол Сары қаласына, онан «Түрік қағаны елді мекеніне» онан Киршрауға, онан әрі жүрген жол Навакент (Қызыл өзен) қаласына шыққан. Жол Навакеттен шығып Бунджикет арқылы Суябқа (Ақбешім), онан Буранаға жеткен. Суябтан шыққан жол Ыстық көлдің сол не оң жағасын жағалап жүрген.

Ыстық көлдің сол не оң жағасын жағалап жүрген екі керуен жолдар Бедел асына жеткенде қайта қосылған, онан әрі қарай Қашқар мен Ақсуға өткен.

Ыстықкөл қазаншұңқырынан шыққан жол Санташ асуы арқылы Қарқара өзені өңіріне, Іле өзенінің оң жағасынан, Үсек, Хорхос өңірлері арқылы Алшалыққа, онан әрі қарай Такла-Макан шөлінің солтүстік жағасымен, Хами және Турфан оазистері арқылы Дуньхуанға онан әрі Қытайға өткен.

Ұлы Жібек жолының Навакенттен шыққан бір тармағы Бунджикет арқылы Қастек асуына, онан Іле өңіріне өткен.

Буранадан шыққан бір тармақ Қастек асуынан асып Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Талхизға жеткен.

Талхизден (Талғар) шыққан Ұлы Жібек жолы екіге: оңтүстік және солтүстік жолдарға бөлінген. Оңтүстік жол Есік, Түрген, Шелек арқылы Іле өзеніндегі өткелден өзеннің оң жағасына өткен, онан әрі Хоргас арқылы Алмалыққа жеткенде Ыстық көлді жағалап жүрген жолға жолға қосылған.

Талхизден шыққан Солтүстік жол Талғар өзенін жағалап барып Іле өзеніндегі өткелге жеткен (ол қазіргі Қапшағай шатқалына жақын жерде болған). Іледен өткен жол Шеңгелді арқылы Алтын-Емелден асып Көксу алқабындағы Екіөгіз қаласына жеткен. 1253 ж осы Екіөгіз қаласында Г. Рубрук болған. Екіөгізден шыққан жол Қойлыққа, онан Тентек алқабы, онан әрі Алакөлді жағалап отырып Жоңғар қақпасына шыққан. Жоңғар қақпасынан өткен жол Шихо алқабы арқылы Бесбалыққа, онан Дуньхуан арқылы ішкі Қытайға өткен.

2. Ортағасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының орталығы Сайрам ауылында орналасқан. Жазба деректерде 639 жылдан бастап кездесетін Испиджаб қаласы «Ақ өзендегі қала» деген атпен белгілі. Қаланың тарихи-топографиялық құрлымы көлемі 550х500 м, биіктігі 3-5 м келетін орталық бөліктен, оның жан-жағынан қоршаған ені 8-15 м ордан және орталық бөлікті сырттай қоршап жатқан рабаттардан тұрады. Қаланы сырттай оңтүстік және шығыс жақтарынан қоршап жатқан биіктігі 1,5 м жолдың қалдығы сақталған.

Қаланы 1893-1894 ж.ж В. В. Бартольд, 1923-1926 жж П.П. Иванов, 1925 ж М. Е. Массон, 1940 ж Г. И. Пацевич, 1947-1951 жж А. Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Соңғы жылдарда Сайрам (Испиджаб) қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінің К. Байпаков басқарған экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Испиджабты көптеген зерттеушілер Сайран қаласымен баламалап жүр. Жазба деректерде 629 ж бастап кездеседі, ол ол туралы көптеген араб, түрік және Қытай деректерінде айтылған. Х-ХІІ ғғ кезінде Қазақстандағы үлкен қалалардың бірі, ірі саяси, сауда орталық болды. Оның аймағындағы қалалардың қатарында: Сырдарияның жағасындағы кедер, Сығанақ, Сауран, Жаңакент, Қаратау беткейлеріндегі Баладж, Баркент, Талас пен Шу өңірлеріндегі Тараз, Құлан, Мерке, және Суяб қалалары болды.


21– лекция.

Іле өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

Жоспар

  1. Керуен жолының Қордай, Қастек тармақтары

  2. Керуен жолының Нарынқол, Шұнжа, Жыланбалық, Қойлық тармақтары

  1. Керуен жолының Қордай, Қастек тармақтары. Ұлы Жібек жолының Бішкектен батыста 20 км жердегі Соқұлықта (ортағасырлық Жүл қаласымен баламаланып жүр) бөлініп шыққан Қордай тармағының негізгі бағыты қазіргі Бішкек – Алматы жолының бағытына тұстас жүрген. Соқұлықтан басталған бұл тармақ Кузнеченское, Грозненское, Шөміш қалалары арқылы өтіп Қордай төрткүліне өткен, осы жерде Шу өзенінің оң жағасына шыққан жол Қордай асуы арқылы жүріп Іле Алаьауын жағалап отырып Керімбайтөбе, Ақтерек ортағасырлық қалалары арқылы өтіп қазіргі Алматы қаласы көлемінде орналасқан ортағасырлық елді мекендерге, Алмалыға одан өтіп Тағар (Талхиз) қаласына жеткен.

Қастек тармағы Ұлы Жібек жолының бойындағы Кузнеченское, Полтавское қалалары арқылы өтіп Қызылөзенге жазба деректердегі (жазба деректердегі Навакент қаласы), Шудан өтіп Қысымшыға Қастек асуы арқылы, одан әрі қарай қазіргі ұзынағаш пен Қастектегі ортағасырлық елді мекендерге жеткен, одан әрі Алмалыға, Талғарға өткен.

2. Керуен жолының Нарынқол, Шұнжа, Жыланбалық, Қойлық тармақтары. Алматы мен Талғар (ортағасырлық Талхиз қаласы) арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бірнеше тармаққа бөлінген. Олар: Нарынқол, Шұнжа, Жыланбалық, Қойлық тармақтары.

Нарынқол тармағы. Тараздан өткен бұл тармақ ортағасырлық есік, Түрген, Шелек, Кеген қалалары арқылы өтіп Нарынқолға одан әрі Құлжаға өткен.

Шұнжа тармағы. Тараздан өткен бұл тармақ Шелекке, Шарын арқылы Шұнжаға, одан әрі Құлжаға өткен.

Жыланбалық тармағы. Шелек арқылы өткен бұл тармақ Борохудзир өткелі арқылы өзеннің оң жағасындағы Көкталға, одан Жаркентке, Хоргосқа, Құлжа, Үрімшіге өткен.

Ортағасырлық Жыланбалық (Иланбалық) қаласының орны Көктал ауылы жанындағы қаламен баламаланып жүр.



Қойлық (Қаялық) тармағы. Алматы – Талғар арқылы өткен бұл жол ортағасырлық Жақсылық, Молдахмет қалаларынан өтіп, Қапшағай шатқалындағы өткелде Іле өзенінен өткен, одан әрі Шеңгелді қалашығына, Арқарлы асуынан асып Сарыөзекке жеткен.

Сарыөзекте бқл тармақ екіге бөлінген: Іле өзенінің оң жағасымен жүрген бір тармақ Басшы қаласынан өтіп Жаркентке, одан әрі Хоргосқа, Шығыс Түркістанға өткен, сонда бұл тармақ «Жыланбалық тармағына» қосылған.

Екінші бағыт Биже, Мұқар өзендері алқабы арқылы (Биже керуен сарайы арқылы) Көксу өңіріндегі Дунгане қаласына (қазіргі Талдықорған қаласының маңында), одан әрі Қараталдан өтіп ортағасырлық Айнабұлақ керуен сарайына жеткен.

Айнабұлақ керуен сарайынан шыққан бұл Тармақ екі бағытқа жүрген. Бір тармақ Абаққұм асуы арқылы Ақсу өңіріне, осы өңірдегі ортағасырлық елді мекендер арқылы өтіп Қойлыққа (Антоновское) ал келесі – Талдықорған – Сарқант – Семей бағытында жүрген.

Ортағасырлық Қойлық қаласынан шыққан бір керуен жолы Шеңгелді, Көктал керуен сарайы, Баяулы, Ақтан, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары арқылы Орталық Қазақстанға өткен.
22 –лекция.

Шу өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

Жоспар


  1. Шу керуен жолы.

  2. Шу өңірі керуен жолының тармақтары

1. Шу керуен жолы. Түрік керуен жолынан Шу өзенінің сол жағасында орналасқан Навакет (Қызыл өзен, Ү-ХШ ғғ) қаласында бөлініп шығып солтүстік-батысқа карай жүрген Шу керуен жолы Кирмирау (Милянфан, ҮІІ-Х ғғ.), Шөміш 2 (ІХ-ХІІ ғғ.) елді мекендері арқылы өтіп Шу өзеніндегі Шөміш өткелі басында түрған Түрік қағанының (Шөміш, ҮІІ-Х ғғғ) каласына келгенде оны Хан жолынын. Тайатқан-Шұнақ тармағы кесіп өткен. Онан әрі қарай Луговое (ІХ-Х ғғ.), Грозненское (ІХ-Х ғғ,) Калалары мен бекіністері арқылы өтіп Ақсу өзені жағасындағы Ақтөбе қаласына жеткенде, оған оңтүстік жағынан Аксу жолы косылады. Аксу өзенін жағалап жүрген керуен жолы Аксутөбе (ІХ-ХІІ ғғ.), Жетіжар (Х-ХІІ ғғ:), Сабыр (Х-ХІІ ғғ.) Қыркүй (Х-ХІІ ғғ.), Қыркүй 2 (Х-ХІІ ғғ.) қалалары мен елді мекендері арқылы жүріп отырып, Токтас карауыл төбесінен (X-XII ғғ.) өтіп Шу өзеніндегі Тасөткел өткеліне шыққан. Тасөткелден Шу өзенінің оң жағасына өткен бұл жолға, осы өзеннін. оң жағасын жағалап жүретін, оң жол келіп қосылады. Шудьвд оң жағасында түрған Жаңа жол (Х-ХІІ ғғ.), Актөбе (X-XII ғғ.) қалаларынан өтіп Иткешу өткеліне барғавда оған Хан жолынын, Иткешу тармағы мен Банджар жолы қосылған. Осы өткелден шыққан бір жол Шоқпар өзенін жағалап барып Аңырақай шатісалының солтүстік-батыс жағында Хан жолының Тайатқан-Шүнак. тармағын кесіп өтіп, онан әрі Аңырқай, Қопа арқылы Іле өңіріне шыкқан.

Иткешк өткелінен солтүстік-батысқа қарай бірге жүрген үш жол Бірлік төрткөлінен (Теміртау қаласы, ҮІП-ХІҮ ғғ.) өтіп Сексеуіл даладағы Үлкен Ақтөбе (ҮІІІ-ХП ғғ.), Орта Ақтөбе (ҮІІІ-XIII ғғ.), Аяқ Ақтөбе (ҮІІІ-ХИ ғғ.) қалалары мен бекіністерінен өтіп Жұндітөбеге (ҮІІІ-ХП ғғ.) жеткенде бірнеше бағытқа бөлінген.

Шығысқа қарай бұрылған жол Майжарылған мен Хан тауларының аралығы арқылы өткенде Хан жолынын. Тайатқан-Шұнақ тармағын кесіп өтіп Балқаш көлінің батыс жағалауы арқылы Іле өңіріне өткен. Солтұстік-батысқа қарай жалғаса берген Хан жолының Иткешу тармағы мен Банджар жолдары Байқара тауына кдрай өткен. Жүнді төбеден батысқа бүрылған Шу жолы Керегетас, Тас суыкоба шаткалдары арқылы (Көкше, Кіші Қамкдлы, Кдра, Аққулы көлдерін солтүстік жағынан айналып өтіп) жүріп Үланбел шатқалына жеткен. Үланбел өткелі аркылы Шудьщ сол жағасына өткен Осы өткелде оны Қимақ және Байқара жолдары кесіп өтеді. Шудың сол жағасымен жүрген Шу жолын Қазыққаққан шатқалында Талас өңірінен шыққан Қарқаралы жолы кесіп өтеді. Шу жолы Тастыда екіге бөлінген: солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс. Солтүстік-батысқа карай жүрген негізгі жол Тай өткелде (иемесе Көк мұрынтай) Жетіқоңыр және Уванас керуен жолдарын кесіп өтеді, онан әрі Тоғызкен тауының оңтүстік, ал Ашыкөлдің солтүстік жағасымен өтіп Боқтықарын өзеніне жеткенде Дарбаза жолын кесіп өтіп, Телікөлге жеткенде Сарысу, Телікөл, Нәнсай жолдарына қосылған.

Тастыдан шыққан Шу жолыньщ оңтүстік-батыс тармағы Жуантөбеден батыстағы Тарақты арыкта Текей және Жаман Шу болып екіге бөлінеді.



Текей жолы Мойынқұмнан Созаққа өтіп, Ран жолына қосылады, ал Жаман Шу жолы Шудың Жаман Шу өзегін жағалап барып, Ақжайқын көлінің оңтүстігімен Ақсүмбе өзеніне шығады, сөйтіп Сығанаққа өтетін Аксүмбе жолына қосылған.

Шу керуен жолының Ақсу тармағы. Шу өзенінің орта ағысындағы ежелгі өткелдердің бірі Тасөткелден басталған бұл тармақ Ақсу өзенін оңтүстікке қарай жағалап отырып Актөбе қаласына келгенде Шу жолынан бөлінеді. Осы каладан Шу керуен жолы оңтүстік-шығысқа қарай бүрылған, ал оның Ақсу тармағы болса Ақсу өзенін жағалап Төлекке (IX-XIII ғғ.) келгенде онан Соқүық тармағы бөлініп шығады. Төлектен шыққан Ақсу тармағы Сретенск қаласына (ҮІІІ-ХІ ғғ.), онан әрі Түрік керуен жолында түрған Харанжуанға (Ақсу) жеткен. Түрік жолын кесіп өткен бүл тармақ Ақсу шатқалындағы Ақсу (ҮІІІ-ХП ғғ.) және Ақсу 2 (X-XII ғғ.) елді мекендерінен өтіп, шаткалы өрлеп барып Ақсу асуынан асып, Сусамыр өңіріне шыққанда, Таластың жоғарғы ағысынан шығып, Қырғыз Алатауының оңтүстік беткейімен, Ыстык. көлге өтетін керуен жолына қосылған.



  1. Шу өңірі керуен жолының тармақтары:

Шу керуен жолының солтүстік тармағы. Шу керуен жолының Ақсу тармағынан Төлек қаласында бөлініп шыккан бұл тармақ Соқылық өзенін жағалап оңтүстік-шығысқа қарай жүріп отырып Түрік керуен жолында тұрған Жұл қаласына (Соқұық) жеткен. Түрік керуен жолын кесіп өткен бұл тармақ Соқылық шатқалындағы төрткүлден (ІХ-ХІІ ғғ.) өткенсін, шатқалды өрлеп барып, Соқылық асуынан (3767 м) асып, Қырғыз Алатауының оңтүстік беткейімен Ыстық көлге өтетін керуен жолына қосылады.

Шу керуен жолының оң жағалык тармағы. Үлкен Кемін өзенінің жоғарғы ағысынан басталған бұл тармақ осы өзеннің сол жағасындағы Новороссийск (Х-ХІІ ғғ.), Тарсу (Х-ХІІ ғғ.) қалалары арқылы жүріп Шу өзеніне шыққан. Шудың оң жағасымен жұрген жол Советское (Х-ХІІ ғғ.), Алмалы (Х-ХІІ ғғ.), Жіңішке (Х-ХП ғғ.) елді мекендерінен өтіп, Шөртөбеге келгенде оны Суябтан шығып Іле өңіріне қарай өтетін жол кесіп өтеді. Шу өзенін жағалап солтүстік-батыекд қарай жүрген жол Қысымшы каласынан (ҮІІ-ХІІ ғ. басы), Ыстытөбеден (Х-ХІП ғғ.) өтіп Майбүлаққа (ҮШ-ХІІ ғғ.) келгенде жолды Навакеттен шығып Іле өңіріне қарай өткен жол кесіп өтеді. Жолды Шөміш тауынъщ батыс жағында Хан жолының Тайаткан-Шүнак. тармағы кесіп өтеді. Солтүстік-батысқа қарай жүрген жол Қордай (Георгиевка Х-ХП ғғ.), Жаңа түрмыс (Х-ХІІ ғғ.), Қакпатас (X-XII ғғ.) Тастүмсық (Х-ХІІ ғғ.), Тастүмсык. 2 (Х-ХІІ ғғ.) елді мекендерінен өтіп Тасөткел өткеліне келгенде Шу жольшың негізгі сарабына қосылған.

Хан жолы. Шу өңірінің халқы Құланнан шығып Құрағаты өзенін жағалап Шудағы Иткешу өткеліне баратын ескі жолды "Хан жолы" немесе "Абьшай хан жолы" деп атайды. Шындығында, тарихи деректерде қарағанда осы жолмен 1753 жылы Абылай хан жүріп өткен, сол себепті бұл жол кейіннен "Хан жолы" аталып кеткен70. Сонымен, Қүлан каласынан шыққан керуен жолы Қүрағаты өзенін жағалап, Мойынқүмды оңтүстік-шығыс, шығыс жиегімен жиектеп отырып, Қүрағаты ЦХ-ХІІ ғғ.), Қүрағаты 2 (ҮПІ-ХІІ ғғ.) елді мекені мен каласы аркылы өтіп, Шу өзеніне Қүрағаты өзенінің қүйған жердегі Иткешу өткеліне жеткен, сөйтіп ТГТу керуен жолына қосылған, онан әрі төрткүл, Бас Ақтөбе, Орта Ақтөбе, Аяқ Актөбе калаларынан өтіп Жүндітөбеге барғанда Шу жолынан бөлініп (Шу жолы осы жерден батысқа бүрылады) солтүстік-батыска қарай жүріп отырып Байқара тауына жеткенде осы жолдьвд Байқара тармағына косылған.

Қорыта келгенде, ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығында Шу мен Талас өңірлерінің жекелеген аудандарын, олардың қалалары мен елді мекендерін бір-бірімен байланыстырып жатқан күрделі керуен жолдары жүйесі басты-басты үш жолмен байланысты болған, ол жолдар: Түрік жолы, Шу жолы және Телікөл жолы. Қаратаудың Теріс шатқалы арқылы жүріп келіп Талас өңіріне шыққан Түрік керуен жолы Талас пен Шу өңірлерінің оңтүстігі арқылы жүріп отырып Қастек тауының батасында екіге бөлінген: Іле өңіріне өтетін жолдар Навакет (Қызыл өзен) және Суяб (Акбешім) қалаларынан шығып Қастек тауының батысындағы Керу шатқалында бір-біріне қосылған, ал Ыстық көлге өтетін жолдар Тектұрмас (І-ҮІІ ғғ.), Атбайлар (ҮПІ-Х ғғ.) арқылы Үштөбе шаткалына, онан әрі Айгене шаткалына шыққанда Таластың төменгі ағысын өрлеп келе жатқан Қарқаралы жолына қосылған.


23– лекция.

Талас өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

Жоспар

  1. Талас өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

  2. Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

  1. Талас өңірінің ортағасырлық керуен жолдары. Ортағасырлар кезінде Талас өңірі арқылы бірнеше керуен жолдары өткен,олар: Ферғана жолы, Жоғарғы Талас жолы, Талас жолы, Қимақ жолы, Банжар жолы және Телікөл жолы.

Ферғана жолы. Тараздан оңтүстік-шығысқа қарай жүрген бұл жол Үлкен қақпа шатқалынан өтіп Шелжіге, онан оңға бұрылып Қарабура асуы арқылы Ферғанаға өткен.

Жоғарғы Талас жолы. Тараздан шыққан бұл жол Шелжіге дейін Ферғана жолымен жүрген, онан әрі қөарай шығысқа бұрылған жол Сус, Күл, Табакет, Дех Нави қалаларынан өтіп, Таластың жоғарғы ағысын өрлеп барып Ыстық көлге өткен.

Талас жолы. Тараздан шыққан жол Талас өзенінің оң жағасындағы Төменгі Барысхан, Қостөбе, Түймекент қалалары арқылы жүрген. Түймекентке онан оңтүстік-шығыса қарай бөлінген бір жол Бақатөбе арқылы өтіп Қоңыртөбе қаласына жеткенде Ұлы Жібек жолына қосылған, ал солтүстік-батысқа бүрылған келесі жол Жайлаутөбе, Темірбек қалалары арқылы өтіп Қазанқұм шатқалынан батыстағы өткелге жеткенде Қимақ жолына қосылған. Онан әрі Төрткүл, Ынтымақ, Шаруашылық, Байжантөбе, Ақтөбе, Тектұрмас, Атбайлар арқылы жүрген жол, Әйгене шатқалына жеткенде Қарқаралы жолына қосылған.

Қимақ жолы. Тараздан шығып солтүстікке жүрген қима жолы ортағасырлық Қоңыртөбе, Шөлтөбе, Нарынбай, Қонысбай, Оққұм, Шаруашылық, Байжантөбе арқылы өтіп, Мойынұмды кесіп өтіп, Шу өзеніндегі Ұланбел өткеліне онан әрі қарай жүрген жол Болаттауға жеткенде Қарқаралы жолына қосылған.

Банжар жолы. Тараздан шыққан жол ортағасырлық Касарға (Ақыртас) дейін Ұлы Жібек жолымен жүрген, онан әрі солтүстік-шығысқа бұрылған жол Мойынқұмдағы көлдерді жағалап өтіпШу өзеніндегі Иткешу өткеліне жеткенде Шу жолын кесіп өткен, онан әрі Хантауын жағалап жүрген.

Телікөл жолы. Тараздан шыққан бұл Бектөбе, Қаракемер, Тамды қалалары арқылы жүрген.

2. Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. Талас өңірін төрт ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады, олар: Жоғарғы Талас, Аса өңірі, Таластың жазықтық орта ағысы, Таластың оң жағалық орта және төменгі ағысы. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша жоғарғы Талас Қырғыс Республикасында, ал қалған үш бөлігі Қазақстанның Жамбыл облысы жерінде орналасқан. Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен елі мекендер ХІХ ғ 90-жылдарынан бастап осы уақытқа дейін зерттеліп келеді, оны әр жылдарда В. В. Бартольд А. Н. Бернштам, Ә. Х. Марғұлан, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Синигова, К. М. Байпаков, М. Елеуов, К. Байбосынов, М. Қасенов зерттеді. Жүргізілген археологиялық зерттеулердің барысында бірнеше жүз ортағасырлық қалалармен елді мекендер ашылып ғылыми айналымға енді, олардың ықшам аудандар бойынша саны мынадай: Жоғарғы Таласта 62 ескерткіш ашылған, оныі 7-і ұзын қорғанды қала, 42-сі төркүл, 11 төбе және 2-і бұзылған елді мекен; Аса өңіріндегі 35 ескерткіштің 3-і ұзын қорғанды қала, 28-і төрткүл, 32-і төбе; Таластың оң жалық орта және төменгі ағысындағы ескерткіштердің 8-і төрткүл, 6-ы төбе.

Археологиялық қазба жұмыстары Қостөбе, Түймекент, Оққұм, Тараз қаласында жүргізілді.

Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елі мекендері Ұлы Жібек жолы мен Талас өңірі арқылы өткен керуен жолдарының бойында орналасқан.
24-лекция.

Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары

Жоспар

1. Телікөл жолы.

2. Көсегенің көкжоны (Ұлы) жолы.

1. Телікөл жолы. Қаратаудың оңтүстік, оңтүстік шығысында Арыс, Теріс өзендерінен басталып, солтүстік батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км-ге созылып жатыр,күнгейден теріскейге қарай ені 60-90 км, ең биік жері – Мыңжылқы шоқысы (2176 м). Қаратау ежелден-ақ Сырдарияның жағасымен Талас, Шу өңірлеріндегі ортағасырлық елді мекендер мен қалаларды байланыстырып жатқан тарихи-мәдени аймақ болған. Қаратаудың теріскейін жағалап ортағасырлар кезінде Телікөл жолы, оның үстімен және күнгей жиегімен Көсегенің көк жоны, Ұлы жол және Қаратауды әр түрлі бағытта кесіп өткен керуен жолдары болған.

Телікөл жолы. Тараздан шығып солтүстік батысқа қарай жүрген жол Қаратаудың теріскей беткейіндегі таулы жазығындағы ортағасырлық Бектөбе, Қаракемер, Тамды, Саудакент, Құмкент, Шолаққорған, Созақ, Күлтөбе, Ақтөбе, Сарыжаз, Ақсүмбе қалалары арқылы жүрген. Ақсүмбеден өткен жол Дәуіт тауын жиектеп отырып, Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы Телікөлге жеткенде Шу, Сарысу керуен жолдарына қосылған. Осы жолдың Маймақ тармағы Теріс өзенінен басталып, Қаратаудың етегінде тау аралық жағындағы Майтөбе, Тамды, Бабата арқылы өтіп, Шолаққорғанға барғанда негізгі жолға қосылған.



  1. Көсегенің көкжоны (Ұлы) жолы. Оңтүстік шығыста Теріс өзенінің оң жағасындағы ортағасырлық Ақтөбеде қаласынан шыққан жол теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте, таудың үстімен жүріп барып, Арыстанды өзенінің суайрығына жеткенде екіге бөлінген. Оның бір бағыты Үшбас елді мекенінен Бабаата қаласы арқылы өтіп, Шолққорғанға барғанда Телікөл жолына қосылған, ал Арыстанды өзенін жағалап батысқа бұрылған тармағы, Қарасу өзеніне жеткенде Испиджабтан шығып Шолаққорғанға өтетін керуен жолын кесіп өткенде Қаратаудың күнгей беті арқылы жүріп, Ұлы жолға қосылған. Есік тауынан басталған Ұлы жол Қаратаудың күнгей етегімен, тау аралық жағасымен жүріп отырып ортағасырлық Тесіктас пен Құсата, Үшкент, Шаштөбе қалаларынан өтіп Егізқара тауаралық жазығындағы Сауда базар төрткүліне, Мыңбұлақ шатқалынан өтіп, Диірментау арқылы жүріп Қаратаудың беткен жеріндегі Жалғызағаштың бұлағына шыққан, онан әрі Дариялы тақыр ақылы Сырдарияның оң жағасымен жүріп керуен жолына қосылған. Шамасы, Ұлы жол мен Көсегенің көк жоны жолдары Еділден шығып Сарайшық қаласы арқылы жүріп, Арал теңізін айналып өтіп, Қаратау арқылы Ыстықкөлге, онан әрі Қытайға өткен ежелгі жолдардың бір бөлігі болса керек. Қаратауды әр түрлі кесіп өткен керуен жолдарының қатарында: Қошқарата, Шаян, Шылбыр (Рандысай), Арыстанды, Тұрлдан асуы, Хантағы, Біресек, Байылдыр, Бәжі асуы, Ран асуы, Айғыр жол, Жайылма, Күрден асуы, Ақсүмбе, Дарбаза, Нәнсай жолдары бар. Бұл жолдардың бірқатарымен жыл бойы керуендер жүріп жатқан, ал келесі біреулері тек жылдың жылы мезгілінде ғана жарамды болған.


25 – лекция.

Сырдария өзенін жағалап жүрген керуен жолдары.

  1. Сол жағалық Сырдария жолы.

  2. Оң жағалық Сырдария жолы.

1. Сол жағалық Сырдария жолы ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің сол жағасын жағалап жүрген керуен жолы болған. Ұлы Жібек жолынан басталатын бұл жол Сырдария өзенінің сол жағасындағы ортағасырлық Ақтөбе, Шардара, Көксутөбе, Сейіттөбе, Ұзынаталық, Ақтөбе елді мекендері арқылы өтіп Сүткентке, Байырқұм қаласына жеткен. Байырқұм қаласынан шыққан жол Жартөбе елді мекені арқылы өтіп Оқсыз қаласына жеткен, осы қалада бұл жолды Отырардан шығып, өткелден Сырдарияның сол жағасына өткен жол кесіп өткен. Оқсыздан шыққан керуен жолы өзенді жағалап отырып Артықтөбе, Бұзық қалаларына, онан өтіп Раздыата, Қараптөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қыраөзгент қалалары арқылы жүрген. Сырдың сол жағасымен жүрген керуен жолы Қырөзгенттен шыққансын Балапантөбе, Асанас, Баршынкент арқылы өтіп Жент, Жанкент қалаларына жеткен. Осы жолдың Жент-Баршынкент аралығымен 1253 ж Г. Рубрук жүріп өткен.

2. Оң жағалық Сырдария жолы. Ұлы Жібек жолынан шығып Сырдария өзенінің оң жағасын жағалап жүрген керуен жолының бір тармағы Сырдария өзеніне Келес өзенінің құяр жерінде орналасқан Күлтөбе қаласы арқылы өтіп, ортағасырлық Ақтөбе, Шаушыққұмтөбе қалаларынан өтіп, Ызақұдық құмының шығыс жиегімен жүрген керуен жолы, бірқатар ортағасырлық елді мекендер мен қалаларды басып өтіп Арыс өзенінің жағасындағы Көкмарданға, өзеннен өтіп Отырарға жеткен. Оң жағалық керуен жолының келесі бір тармағы Ұлы Жібек жолынан ортағасырлық Испиджабтан бөлініп шыққан да ортағасырлық Шымкентке, Бадам өзенін жағалап барып Қараспан, Жартытөбе қалаларына, Арыс өзенін жағалап отырып Шошақай, Бұзықтөбе елді мекендері арқылы өтіп Отырарға жеткен. Отырардан шыққан оң жағалық керуен жолы Құйрықтөбе, Алтынтөбе арқылы өтіп Жалпақтөбе қаласына жеткенде Түркістаннан шығып Оқсызға өтетін жолға қосылған. Жалпақтөбеден Солтүстікке бет алған жол ортағасырлық Отырабат, Шайтөбе қалаларынан өтіп Түркістанға жеткен. Түркістаннан солтүстік-батысқа қарай жүрген жол ортағасырлық Қарашық, Садықтөбе қалаларынан өтіп Қаратөбеге, Сауранға өткен. Сауран қаласында оң жағалық керуен жолын Қаратаудағы Бәжі асуынан асып Сырдариядағы Үшқайық өткеліне баратын керуен жолын кесіп өткен. Саураннан шыққан оң жағалық керуен жолы Қаратаудың күнгей беткейіндегі таулар жазығында орналасқан Ақтөбе, Ордакент қалаларынан өтіп ортағасырлық Сығанақ қаласына жеткен. Сығанақтан шыққан жол Күйеутай, Мортық елді мекендерінен өтіп, ортағасырлық Бестам, Нәнсай қалаларына, онан әрі қарай Сырдария өзенін жағалап отырып, Арал теңізін айналып өтіп ортағасырлық Сарайшыққа өткен.
26 – лекция.

Ортағасырлық керуен

Жоспар

  1. Керуеннің құрамы және күндік жол

  2. Тасмалданған заттар

  3. Керуен сарайлар мен бекеттер




  1. Керуеннің құрамы және күндік жол. Жазба деректерде ортағасырлық керуеннің құрамы және оның күндік жүретін жолы жөнінде нақты деректер аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда керуеннің құрамында: керуен басы, жол көрсететін адам, саудагерлер, көлік айдаушылар, шағын жасақ болған. Көпшілігінде жасақ қызметін керуен құрамындағы адамдардың өздері атқарған. Керуеннің құрамындағы адамдардың саны ондаған адамнан бірнеше мың адамға дейін жеткен. Араб саяхатшысы Ибн Фадланның деректеріне қарағанда, 920 ж. Еділ болгарларына сапар шеккен керуеннің құрамында 5000 адам болған. Керуенге мініс, тасымалдау көлігі ретінде түйе, жылқы, қалпыр електі пайдаланған.

Керуеннің бір күндік жүретін жолы жөнінде әртүрлі деректер бар. Характік Иссадидің жол тізбесі бойынша керуен бір күнде 5-6 схойнам (1 схойнам 3 не 4,5 км-ге тең) немесе 23-26 км. жүрген. Араб-парсы деректері бойынша керуен бір күнде 5-6 фарсах (1 фарсах 5-7 км) немесе 25-30 км жүрген. Орташа бір күндік жол- мархаля, 6-6,5 км болған.

  1. Тасымалданаған заттар. Ортағасырлық керуендердің тасымалдайтын заты олардың қай елден шығып, қай елге баратынына, жолдары елдерде шығарылатын, сатылатын, сатып алатын заттарға байланысты болған. Азиядан Еуропаға жібек, мақта бұйымдары, кілем, киім, парша, киіз, кілем, шыны заттар, әшекейленген ыдыстар, алтын мен күміс ыдыстар, нораллдар, тағамы асыл тастар, мыс теңгелер, садақ, құрғатылған жеміс-жидектер тасыған.

  2. Керуен сарайлар мен бекеттер. Керуен жолдардың бойында керуендерге қызмет көрсетіп, олардың жолын бақылап отыратын бекеттер мен керуен сарайлар болған. Керуен сарайлар үлкен қалаларға кіре (шыға) берісте, қалалардың арасында, өткелдер мен асуларға жете берісте орналасқан.

Керуен сарайлар төртбұрышты болған. Сарайдың ортасы бос, ал қабырғаларын жиектен шағын бөлмелер, қоймалар салынған. Керуен сарайлар Қазақстанның ортағасырлық қалаларында, керуен жолдардың бойында кездеседі. Үстүрт арқылы өткен керуен жолдың бойында Күш Бесбұлақ, Қосқұдық керуен сарайларға сақталған.

27- лекция.

Ұлы Жібек жолы мен Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары – халықаралық қатынас жолдары

  1. Сауда, қатынас жолдары

  2. Діндердің таралу жолдары


1`. Сауда, қатынас жолдары. Ұлы Жібек жолымен және Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдарымен ортағасырлық қалаларға алыс- жақын елдерде әртүрлі сауда- саттық заттары әкелініп жатты, олар көп түрлі болды.

Ортағасырлық қалаларда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде бір жерлеу шұңқырынан І – ІҮ ғғ. кезінде қытайда соғылған жеті теңге табылды.

Тараз қаласынан византиялық Юстиниан І -дің алтын солиді табылған. Солидте басына шлем киген император бір қолына қалқан мен найза , ал екінші қолында кресті бар жеңіс құдайын ұстап тұр.

Талғар қаласындағы қазбадан көмбе де табылды, оның құрамында Қытайдың 4 тоcтағаны бар. Тостағанның ішіне батырып салынған балалар мүсіндерінің сыртқы ұзақ ұзақ жасаудың белгісі – медальенмен көмкеріле саңырауқұлақ сызылған. Талхизден табылған фарфор тостағандар мен фаянс сынығы ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басында Жапониядан әкелінген.

Отырардан табылған теңге көмбесінің қатарында Шығыс Түркістандағы Алмалық омырда; еуропадан – Қырымда, Малазиялық – Сиваса, Коншим және Қазақстандағы Жентже соғылған теңгелер бар. Бұл теңгелер ХІІІ ғ. 2- жартысының 40-60 жылдарында соғылған, ал Отырарда ХІІІ ғ. 60 жылдарында әкелінген.

2. Діндердің таралу жолы. Ұлы Жібек жолымен әртүрлі дін өкілдері жүріп, өз діндерін таратқан. Осы жолмен Индиядан Орта Азия арқылы Шығыс Түркістанға буддизм, Сириядан, Иран мен Арабиядан христиан, одан кейін Ислам діні тарады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Қойлық, Ақбешін, Қызылөзен, Новопокровск қалаларынан будда храмы, монастыры, головнялары және буддалық персонаждардың мүсіндері стеллалар табылды.

Ортағасырлық Испиджабтың жанынан жерасты монастырының орны ашылды.

Ұлы Жібек жолымен Батыстан Шығысқа қарай христиан діні тарала бастады. Христиан діні ҮІІ – ҮІІІ ғғ. кезінде Оңтүстік Қазақстанның қалаларына тарала бастаған. Қалаларда шіркеулер пайда болды. Шіркеу орындары Тараз Мерке, Қойлықтан ашылды. Қойлық қаласындағы Шіркеу туралы Гильей Рубрук жазды. ҮІ – ҮІІ ғғ. кезінде қалаларда зоростризм тарала бастады.

Жазба деректерде ҮІІІ – ІХ ғғ. бастап Оңтүстік Қазақстанның қалаларында ислам діні тарала бастағаны айтылған. ІХ – Х ғғ. кезіндегі ислам үрдісіндегі жерлеу орындары Отырар оазисінде ашылды. Х –ХІІ ғғ. кезінде ислам үлгісіндегі кесенелер салына бастады, олардың қатарында Тараздың жанындағы Айша бибі, Бабажа қатын (Х ғ), Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытай (ХІ – ХІІ ғғ.) кесенесі бар. Келесі ғасырларда ислам ескерткіштері Қазақстанға кеңінен тарала түсті.
28–лекция.

Ортағасырлық керуен жолдарының бойындағы Сауран және Сығанақ қалалары.

Жоспар


  1. Ортағасырлық Сауран қаласы

  2. Ортағасырлық Сығанақ қаласы

1. Ортағасырлық Сауран қаласы. Түркістан қаласынан 45 км солтүстік- батыста, Шымкент-Қызылорда жолынан батыста 2 км жерде орналасқан. Ортағасырлық Сауран қаласы ХІІІ – ХҮІІІ ғғ. кезінде өмір сүрген. Қаладағы зеттеу жұмыстарын әр жылдарда А.Н.Бернштам, К.М.Байпақов, Е.Смағұлов, М.Елеуов, Д.Талеев жүргізді. 2004 жылдан бастап, Сауран қаласындағы зерттеу жұмыстары республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізіліп келеді.

Сауран қаласы көлемі 800х550 м орталық бөліктен және оны айналдыра қоршап жатқан шарушылық аймағынан тұрады. Қаланың орталық бөлігін қоршап тұрған қамал бұзыла бастаған, оның сақталған жеріндегі биіктігі 5- 6 м- ге жетеді. Қаланы терең ор қошаған.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілген қазба жұмыстары барысында қаланың орталық бөлігінен медресе, мешіт және солтүстік- шығыс қапасы ашылды. ХІҮ – ХҮІ ғғ. кезіндегі сотүстік- шығыс қақпаның жолына ені 3,8 м қақпаға кіре берістегі қамалдың сыртқы 6 м биіктікке дейін күйдірілген кесектен өрілген. Қақпаға кіре берістен алмалы- салмалы көпірдің орны ашылды.

Ортағасырлық Сауран бірнеше керуен жолдардың қиылысқан жерінде орналасқан, берік жүйесі өте мықты қала. Қалаға су канал, кәріз арқылы келген.



2. Ортағасырлық Сығанақ қаласы. Оң жағалық Сырдария керуен жолы бойында орналасқан Сығанақ қаласы жазба деректерде Х ғ. бастап кездеседі, Х1 ғ. бұл қаланы М.қашғари оғыз қалаларының қатарында атаған. 1220 ж. Монгол әскеріне қарсы жеті күн соғысқан бұл қаланың орны Қызылорда облысының жаңақорған ауданына қарасты Сунақата ауылынан батыста 1 км. жерде жатыр. Қала цитадель, шахристан және оларды сырттай қоршап жатқан рабадтан тұрады, жалпы көлемі 20 га.

ХҮ ғ. Сығанақ Ақ Орданың астанасы болған қала, осы кезде қала көлемінде мешіт, монша және басқа қоғамдық орындар салынған. Қазақ хандықтары кезінде үлкен саяси, сауда орталығы болған.

Тарихи деректерге қарағанда Сығанақтың базарында күніге 500 түйеге тиелген зат сатылған екен.

Ортағасырлық Сығанақ қаласында ХХ ғ. 80 жылдарында қызылорда қаласындағы Қорқытата пединститутының экспедициясы қазба жұмыстарын бастаған, ал 2003 бастап қаладағы зерттеу жұмыстарын Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің Сығанақ археологиялық экспедициясы жүргізуде. Жүргізіліген қазбалар барысында қала щахристанына кесік салынып, рабарынан мешіттің орны ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер Сығанақтың үлкен сауда орталығы болғанын көрсетіп отыр.




29-лекция

Мырзашөл өңіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе)

қаласы.

Жоспар

1. Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы

2. Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы1-3

3. Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы 4-5.

1. Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы Кез-келген ел өзінің ғылымы мен төл мәдениетіне үнемі көңіл бөлмей,оны дамытпай өркениетке жете алмайтындағы белгілі.Оның үстіне қазіргідей кейбір аз халықтар,тұтастай бір ұлттар өзіндік төл мәдениетінен ,ұлттық білім-болмысынан айырылып қалып отырған әлемдік жаһандану заманында ұлттық мәдени мұраларымызды көздің қарашығындай сақтап,оны ғылымға,оқу жүйесіне енгізіп, кейінгі ұрпақтың санасына үзбей сіңіріп отырудың маңызы өте зор.Бұл болашақ ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртып,ұлттық болмысын сақтап қалудың кепілі. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен (№1277жарлық, 2004ж.13-қаңтар) 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» бағдарламасы қабылданып, ол бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді. Мәдени мұраларымызға болашақта да үнемі көңіл бөліне беретіндігі сөзсіз. Аталмыш бағдарлама аясында елімізде мәдениеттің барлық дерлік салаларында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген мәдени (материалдық,рухани) байлықтарымыз ашылып жатыр. Әсіресе, археологиялық қазбаларға ерекше көңіл бөлініп, еліміздің әр жерінен баға жетпес тарихи жәдігерлер,асыл мұралар табылып зерттелуде.Осылайша төл тарихымыз бен мәдениетімізге өлшеусіз үлес қосылып отыр. Десек те, талай сырларды ішіне бүгіп жатқан кең-байтақ жеріміздің кейбір түкпірлерінде қалтарыста қалып, зерттелмей келе жатқан объектілер бар.

Соның бірі - Мырзашөл өңіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы. Бір шетін су шайып, көлемі жалдан-жылға кішірейіп келе жатқан апатты жағдайдағы бұл қалаға археологиялық зерттеу жүргізу кезек күттірмейтін мәселе.

Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласын Қазақстан археологтары зерттемеген. Оның басты себебі Мырзашөл өңірі, оның үлкен бір бөлігі - Мақтарал ауданы 1963-1971 жылдары Өзбекстан Республикасына қараған. Сондықтан да бұл аймақ өткен ғасырдың 60 жылдары жүргізілген Шардара археологиялық экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған. Бұл ортағасырлық қала тіпті, Қазақ Совет энциклопедиясы, Археологическая карта Казахстана (Алматы, 1960), Свод памятников истории и культуры Казахстана в Южно-Казахстанский область (Алматы, 1994) атты іргелі басылымдарға да кірмей қалған.

Үтіртөбені алғаш зерттегендер Өзбекстан археологтары. Қала туралы алғашқы деректі 1971 жылы Ю.Ф. Буряков пен О.М.Ростовцев жазған [1]. Ю.Ф.Буряков «Историческая топография Ташкенского оазиса» - деген монографиясында Чиначкент (Шыназ) қаласынан 30 шақырым жерде Сырдарияның сол жағалауындағы «Ұтырлы» қаласын атап өтеді [2]. Жазушы М.Жақып «Мырзашөлім-мырза елім» (Алматы,1998) деген еңбегінде бұл қала жөнінде шағын түсініктеме береді [3].

Сонымен, Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы туралы мағлұматтар Қазақстан археология ғылымы үшін тым мардымсыз, белгісіз болып отыр. Осы бір бай ортағасырлық қаланы және Мырзашөл өңірінің өзге де ескерткіштерін зерттеу барысында Қазақстан тарихына қатысты ортағасырлық елді мекендер мен қалалар жайлы жаңа деректер алуға болады. Сондықтан да бұл тарихи-мәдени аудандарда зерттеу жүргізу еліміздің археологиясындағы өзекті тақырып болып табылады.

Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына 2004 жылы 5-20 тамыз аралығында Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті өз қаржысымен «тарих» мамандығының студенттерінен құралған археологиялық практика ұйымдастырып, қазба жұмыстарын жүргізді. Ұтырлы ( Үтіртөбе ) қаласына жүргізілген осы алғашқы археологиялық зерттеудің өзі-ақ, бұл қаланың орта ғасырларда осы өңірдегі ірі экономикалық орталық болғанын көрсетеді және өңір тарихын байытып,одан біршама мағлұматтар береді.

Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста , «Үтірлі» ауылынан солтүстікте 11 шақырым қашықтықта, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 шақырым қашықтықта, Сырдарияға құятын Сорөзек саласының жағалауында орналасқан (1-сызба).

Қаланың ежелгі аты белгісіз. Жазба деректерде кездеспейді. Жергілікті халық Ұтырлы қаласының атауын Үтірлі немесе Үтірлітөбе, Үтіртөбе деп те атайды.Үтірлі атануы «Ұтырлы» деген сөзден шығуы мүмкін. «Ұтырлы»-қазақ тілінде ұтымды, ұтқыр, қолайлы деген мағынаны білдіреді. Бұл қаланың тіршілікке жайлы, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерге орналасуынан шығуы мүмкін. Ал, Үтірлітөбе, Үтіртөбе атануына келсек, қазіргі кезде қаланың пішіні «үтір белгісіне» ұқсас болғандықтан жергілікті халық осылай атаған дейді.

Шынында да қаланың географиялық орналасуы қолайлы, жол торабында орналасқан. Қаладан солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан өтіп, Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орта Азияның ірі орталығы - Шашқа (Ташкент) барған. Ал, Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай өрлеген жол Хожентке жеткен. Сырмен төмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт Сүткент қаласы арқылы өтіп, Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан - жаққа (Яссы-Сауран-Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан бағыттары) тармақталады. Ал,қаладан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шөлін басып өтіп Жызаққа, одан әрі Самарқан , Бұхараға жол тартқан.

Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы нақты қай уақытта өмір сүрген және ол қай елге, тайпаға тиесілі деген мәселеге келсек, алғашқы археологиялық зерттеулер бұл қаланың ҮІІІ-ХІІ ғасырларда, оғыздар дәуірінде өмір сүрген қала екенін көрсетеді. Әсілі, бұл оғыздардың қаласы болуы керек. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының Сырдың орта ағысы бойындағы ондаған қалалармен өте ұқсастығы, олардың жобасы мен құрылыс технологиясы, тіпті табылған заттарына дейін ұқсастығы бұл қалаларды бір кезде бір халық салғандығын көрсетеді. Оғыз дәуірі кезінде Сырдың бойындағы қала мәдениеті даму сатысының жоғары деңгейінде болды. Махмұд Қашқари өзінің еңбегінде оларға сипаттама береді [4] . Екіншіден, сол дәуірдегі тайпалар мен мемлекеттердің геосаяси орналасуы да біздің бұл ойымызды қуаттай түседі. «Мауереннахр шекарасының өн бойында, - деп хабарлайды Әл-Истархи, - соғыс шайқастары болып жатады. Хорезмнен Испиджаб төңірегіне дейін оғыз-түріктермен, Испиджабтан Ферғананың ең шалғай жерлеріне дейін қарлұқ-түріктермен шайқас болып тұрады» [5]. Бұдан біз Испиджабтың оғыздар мен қарлұқтар арасындағы шекара болғанын көреміз. Сонымен бірге Келес даласында «Оғыздар қонысы» (Дех и гузз) болған. Шаш аймағында оғыздар мен қарлұқтардың исламды қабылдаған тайпалары жиылып қоныстанған [6]. Демек, Испиджаб пен Шаштың батыс аймақтары, оның ішінде Ұтырлы да оғыздардың жеріне кірген.

Үтіртөбе қаласының қазіргі жобасы шынында да үтірге ұқсап жатыр. Қаланың сыртқы көлемін су шайып кеткен. Сондықтан оның бұрынғы пішіні белгісіз. Қазіргі сақталған көлемі шығыстан батысқа қарай 388 метр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 180 метрге созылып жатыр. Батыс жағынан ені 40 метрге дейін жіңішкеріп барып біткен (1-сурет).





Қаланың сыртын 10-30 метрге дейін су шайып, 1-2 метрге дейін жететін тік жар қабақ жасаған. Оңтүстік-шығыс жағын 1 метрге дейін су шайған. Бұл тұстан қаланың бекініс қамалы 1,5 метр биіктікке дейін жақсы байқалады. Қаланың басқа шеттеріндегі бекініс қамалдарын су шайып кеткен.

Цитадельдің оңтүстік-батыс бөлігінде ені 10 метр, тереңдігі 3метр, ұзындығы 15 метр сай орналасқан. Бұл қала қақпасы.

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа созылған сай қаланы екіге бөліп жатыр, оның ені 10 метр, тереңдігі 2 метр. Мұндай сайлар шығыстан батысқа да созылып, қаланы бірнеше бөліктерге бөлген. Бұл сайлар бұрынғы қала көшелерінің іздері.

Қаланың шығыс бөлігінің биіктігі 3- 3,5 метр-цитадель орналасқан, оның батыс бөлігінің биіктігі 1-1,5 метрге жетеді.

Қаланың батыс бөлігіне жалғасып көлемі 300х150 метр, солтүстіктен-оңтүстікке созылған төрткүл жатыр. Биіктігі 1,5 метр жалмен қоршалған. Бұл қаланың шаруашылық аймағы. Қаланың солтүстік және шығыс жағын орап өзен арнасы жатыр. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында су тартылып, арнада тоспа көп пайда болады. Қазаннан-маусымға дейін Сырдың суы тасып, Үтіртөбе арал болып қалады.

Ортағасырда өзен арнасы жасанды ор қызметіне пайдаланылған болса керек.

Қаланың батысындағы төткүлдің солтүстік-батысында 300 метр қашықтықта қала зираты орналасқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша өткен ғасырдың 60- жылдары салынған Шардара су қоймасының суының көтерілуінен қаланы су баса бастаған. Қазіргі кезде қала үстін қамыс пен жаңғыл басып кеткен.

Су жылда қаланың мәдени қабатын 1-2 метрге дейін шайып, қаланың көлемі жылдан-жылға кішіреюде. Егер су осылай шая берсе, 10-15 жылдан кейін қала тегіс жойылады. Қала апаттық жағдайда.

Жергілікті халық арасында қаланың су басып төбе болуы туралы мынадай аңыз бар:

«Ежелгі заманда бұл қала гүлденген, мәдениетімен атағы шартарапқа жеткен, тоғыз жолдың торабында орналасқан сәулетті қала болған екен. Қалада бір атақты бай тұрыпты. Ол бір перзентке зар болыпты. Қартайғанда әйелі ұл туып, бай ұлан-асыр той жасайды. Мыңдаған қой мен ірі қара сойылып, қанын судай ағызады. Қанның көптігі сонша, ол өзен болып ағып, Сырдария өзеніне қосылып, өзеннің суы қаннан қып-қызыл болып тасып, қаланы басып қиратқан. Қала жер астына көміліп төбе болып қалған» -дейді аңызда.

Қаланы су басқаннан соң қираған ба, жоқ әлде жау шапқыншылығынан соң қираған ба белгісіз. Оны келешектегі зерттеулер анықтайды.

Сырдария археологиялық экспедициясы ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының солтүстік жағындағы биіктігі 3 метр болатын жарқабақты бойлай 1-ші қазба салды. Төбенің солтүстік бөлігін су бұзып кеткен. Сақталған бөлігінің көлемі 100х50 метр болады. Биіктігі 2 метр (1-сурет).

2Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы1-3

Қазба-1. Жоғарғы хронологиялық кезеңге жататын мәдени қабатын кең көлемде зерттеу мақсатымен көлемі. 5х5 метр қазба салынды, ол 1,5 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде үш бөлме ашылды (4-сурет).
Бірінші бөлме қазбаның шығыс бөлігін алып жатыр, тік төрт бұрыш, көлемі 3,20х3,40 метр Бөлменің қабырғалары әлемнің төрт жағына бағытталған. Қабырғаларының ені 0,80 метр келетін пахса блоктардан тұрғызылған. Қабырға 1,5 метр биіктікте сақталған. Бөлмеге батыс қабырғаның ортасында орналасқан, ені 0,7 метр есік арқылы кіруге болады. Бөлменің оңтүстік-батыс бөлігінен көлемі 0,84х0,95 метр ошақ ашылды. Биіктігі 0,16 метр, қабырғасының қалыңдығы 0,28 метр, аузының ені 0,25 метр. Ошақ ішіндегі ақ түсті күлдің қалыңдығы 3-5см. Ошақтың солтүстігінде, батыс қабырғаға тақап көлемі 1,20х1,60 метр қойма жасалған. Оның көлемі 21х12х10см. кірпіштерден қаланған. Биіктігі 30см. Бөлме едені мен қабырғалары

2 см. сылақпен сыланған (5-сурет).


Екінші бөлме бірінші бөлменің батыс жағында орналасқан, есік арқылы байланысқан. Көлемі 2,70х1,50 метр. Орталық қабырғасының қалыңдығы 24см., биіктігі 1 метр. Қабырғалары сыланған.

Үшінші бөлме екінші бөлменің сол жағында орналасқан. Көлемі 1,60х0,90 метр, толық ашылған жоқ. Батыс жағында ені 50 см. дәліз бар. Қабырғаның сақталған биіктігі 1 метр. Жоғарыда аталған бөлмелерді қазу кезінде көптеген қыш бұйымдар: дастархан, көзе, күбі, құмыра, шырақ табақ, кесе, қазан, тағара, қыш ыдыстардың сынықтары т.б. табылды.



Қазба-2. Қаланың оңтүстік бөлігіне салынды. Қазба көлемі 10х10 метр. Ол 1 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген қазба нәтижесінде екі бөлме ашылды (7-сурет).
Бірінші бөлме қазбаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол дәліз көлемі 0,90х3,4 метр. Дәліздің бұрыштары әлемнің төрт жағына бағытталған. Қабырға биіктігі 1 метр, қалыңдығы 40 см. Дәліз жұқа сылақпен сыланған. Оңтүстік-батыс жағында келесі бөлмеге өтетін есік бар. Ені 70см. баспалдаққа көлемі 30х15х4 см. болатын бір қатар кірпіш төселген. Биіктігіне екі қатар кірпіш қаланған табалдырық үстіне көлемі 51х51х5см. қыш тақта қойылған. Ортасында диаметрі 1см. болатын тесігі бар. Оның қасынан бір аяғы сақталған қыш дастархан табылды. Бөлме іші, едені тегіс сыланған.Күл мен қоқыспен, құландымен толған (8-сурет).

Екінші бөлме бірінші бөлменің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, тік төрт бұрышты. Көлемі 2,8х4,6 метр Сақталған биіктігі 1 метр.

Қабырғаларының қалың-дығы 50см. Бөлме ортасында көлемі 2,8х0,8м.тапша жасалған. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылған. Бөлме іші сыланған.



Қазба-3.Төбенің өмір сүрген уақытын, мәдени қабатын анықтау үшін, оның су бұзып кеткен солтүстік жағындағы жарқабаққа кесінді салынды. Ол материкке дейін тазартылды: ұзындығы-14 метр, ені-1 метр, тереңдігі 4 метр (10,11-суреттер).
3 Үтіртөбедегі 2004ж. қазба жұмысы4-5

Қазба-4. Қазба қабірдің шығыс жағына салынды. Көлемі 5х3 метр. 1 метр тереңдікке дейін құланды қабырғалар, кірпіш сынықтары, күл-қоқыс қалдықтары кездеседі. 1 метр тереңдіктен, қазбаның оңтүстік-батыс бұрышына жерленген адам қаңқасы табылды. Қала ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүруін тоқтатқан. ХІҮ-ХҮІІ ғасырларда қала төбе орны су баспайтын болған соң зират ретінде пайдаланған. Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар құландыларында мұндай адам жерлеу дәстүрі көп кездеседі. Жерлеу ғұрпы мұсылманша. Қаңқа шалқасынан жатқызылып, бағыты солтүстік-батысқа, беті батысқа қаратылған. Ұзындығы 1,60 метр. Сүйегі жақсы сақталған. Қолдары созылып шынтағынан бүгіліп ішіне қойылған. Аяқ сүйектері сақталмаған. Жасы 30-35 шамасында, жынысы әйел (13-сурет).

Қазба-5. Қаланың оңтүстік-батыс жағында, орталығынан 250 метр қашықтықтағы, биіктігі 0,5 метр, диаметрі 20 метр төбешікке салынды. Төбешік үсті қыш кірпіш сынықтарына толы. Төбешікке көлемі 3х3 метр қазба салынды. 20 см. тереңдіктен қыш кірпіштен қаланған қабырға шықты. Қабырғаның шығыс жағында адам қаңқасының қалдықтары табылды. Ол анатомиялық жағынан толық емес, нашар сақталған, тек аяқ жілігінің төменгі қалдығы ғана сақталған. Су түбінде ұзақ жатқандықтан бұзылып кеткен. Қабірдің бір жақ беті ғана сақталған, көлемін анықтау мүмкін емес. Сақталған қабырға көлемі 25х18х2см. қыш кірпішпен қаланған. Қалау әдісі жалпалығынан үш кірпіш, тік қырынан үш кірпіш қойылып, ортасына лай сылақ салынған. Биіктігі 30 см., сақталған ұзындығы 2,6 метр. Қыш кірпіш өте сапалы жасалған (14-сурет).
Археологиялық қазба барысында көптеген бұйымдар: қыштан жасалған түрлі құмыралар, күбілер, дастархандар, түбек, қазан, қақпақтар, кеселер т.б. бөліктері (22,23,24 - суреттер), темірден жасалған найза ұшы, жебе ұшы, қылыш сынығы (25 - сурет) және көгілдір хрустальдан, көк тастан, қызыл түсті сердоликтен, қара пастадан, теңіз ұлу қабыршағынан, мөлдір тастан, сүйектен жасалған түрлі моншақтар, сондай-ақ, өркениеттіктің басты белгілерінің бірі - қыш ыдысқа жазылған жазу табылды (2,3 - суреттер). Бір қызығы, екі табақ сынығынан табылған бұл екі жазу да төрт таңбалы альфавиттен тұрады және олар үш рет қайталанып басылған. Қазіргі кезеңде жазудың мәтіні анықталған жоқ. Ол қалыппен басып салынғандақтан әлі көптеп кездесуі мүмкін.





Қорыта айтқанда, Мырзашөл өңіріне, оның ішінде апатты жағдайдағы Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көңіл бөліп, кешенді түрде


археологиялық зерттеулер жүргізу кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Біздің ойымызша, бұл игі іске «Сырдария» университетінің «тарих» мамандығының студенттерін де қатыстырып, жылда археологиялық практика жүргізіп отыруды жалғастыру қажет.

Ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына жүргізілген археологиялық зерттеудің алғашқы нәтижелері біздің кең -байтақ Отанымыздың бір пұшпағы болып табылатын –Мырзашөлдің тарихы кешегі мақта шаруашылығына қатысты оман-арықтардан ғана басталмайтынын, оның тарихы тым ертеден бастау алатынын және қалалық мәдениет гүлденіп дамыған өңір болғанын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет