Жолы арќылы теріге, ішек-ќарынєа радиоактивті заттардыѕ ґтуінен пай



бет1/6
Дата29.11.2023
өлшемі40.87 Kb.
#484841
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
stud.kz-44380


Қазақстан Республикасы білім және жоғарғы ғылым министрлігі
Астана халықаралық университеті


РЕФЕРАТ
Пәні: Өмір қауіпсіздігінің негіздері


Тақырыбы: Адам ағзасына радиоактивті сәуленің биологиялық әсері

Орындаған: ИЯ-нк-22-1 студенті


Әбдімұқашева Алина
Тексерген: Карибаева М.К.
Астана, 2023 ж.


Жоспар



  1. Кіріспе

  2. Адамға сәуле алудың қауіпі.Адамға радиацияның әсері.

  3. Адамға радиацияның әсері.

  4. Сәуленің биологиялық әсері

  5. Ядролық сәулелерден қорғану.

  6. Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі.

  7. Қорытынды



Кіріспе
Сәулелік аурулар - әр түрлі иондауыш сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (К,Ra,Rn,C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады. Сәуле ауруы жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді. Жедел түрі бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады. Ал созылмалы сәуле ауруы сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел түрі созылмалы түрге айналуынан болады. Сәуле ауруының белгілері организмге өткен сәуленің мөлшеріне байланысты 100 р өткенде ауру жеңіл өтеді, организмдегі өзгеріс кейде тіпті байқалмауы мүмкін. Сәуле мөлшері 100 р-нен артса, организмде аурудың белгілері анық білінеді, мұндайда, мысалы, сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті төмендейді, организмнің ауру туғызатын микробтарға қарсы қабілеті нашарлайды. Егер организм 600 р мөлшерінде сәулеленсе, 1—2 айда өледі. Сәуле ауруына шалдыққан адамның бірнеше минуттан кейін жүperi айниды, құсады, әлі кетеді. Мұндай жағдай 3—4 тәуліктен кейін баcылып, науқас 14—15 күн, кейде 4—5 аптадай айыққандай сезінеді. Бірақ науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, кейбір органға қан құйылады, дені температурасы көтеріледі, іші өтеді, тәбеті кемиді, терісі көгереді, тістің түбі қанталайды, шашы түсе бастайды. Мұндай жағдай 15—20 күнге созылады. Организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұратын қабілеті кемігендіктен өкпе қабынады, теріге іріңді жара шығады. Егер организмге сәуленің 1000—5000 р мөлшері өтсе, сәуле ауруына ішек-қарын шалдығып, зат алмасуы, әсіресе тұз және су алмасуы бұзылады да, ол қан айналысына әсер етеді. Сәуле ауруының бұл түрінен адам алғашқы 1—2 тәулікте өледі. Қарттар мен балалар сәуле ауруын көтере алмайды. Сәуле ауруының қай түрінде болмасын организмнің қан айналыс, жүйке, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.
Емі: қан түйіршіктері түзілетін органдарға операция жасалады, қан
құяды, антибиотиктер, құнарлы тағам беріледі, витаминмен емдеу, таза ауа, емдік дене шынықтыру, организмді әлдендіретін препараттар қолданылады.
Сәуле ауруына үй жануарлары мен өсімдіктер де шалдығады. Сәуленің мөлшеріне қарай сәуле ауруы жануарларда жеңіл (150—200 р), орташа (200—400 р), ауыр (400—600 р) деп бөлінеді. Өсімдіктер сәуле ауруына шалдыққанда көміртегі, май, нуклеин қышқылдарының алмасуы бұзылады. Жануарларға адамды емдегенде пайдаланылатын дәрілер беріледі, ал өсімдіктердің ауруына ем әлі табылған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет