Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/11
Дата23.02.2016
өлшемі5.61 Mb.
#6430
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Зерттеулер бұл кезеңдегі зерттеулерді келесі кезеңге бөліп қарастырады:

1917-1935 жж.

1936-1945 жж.

1946-1959 жж.

1960 – жылдан бергі кезең

1917-1935 жылдар аралығында Қазақстан көлемінде зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

20-30 жылдардағы зерттеулер К. Ходжиков, Б. Н. Дублицкий, В. Д. Городецкий, М. Е. Масонның аттарымен байланысты. Бұл кезде ортағасырлық қалалар мен елді мекендере қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.

1936-1935 жылдар аралығындағы зерттеулердің ауқымды нәтижелеріне 1936 жылы өткен ГАИМК-сессиясы зор ықпал жасады. Сессияда Орталық Азия мен Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің бағыты анықталып, оған әдістемелік көмек беру сөз болды.

1936-1945 жылдар аралығындағы археологиялық зерттеулерді негізінде А. Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясы жүргізді. Зерттеу Шу, Талас, Іле өңірлерінде кең көлемде археологиялық барлау жұмыстарын жүргізулер мен бірқатар қалалар мен елді мекендерде археологиялық қазба жұмыстары қатар жүрді. Соның нәтижесінде Талас пен Шу өзендеріндегі археологиялық ескерткіштердің саны анықталып, Тараз қаласында кең көлемде қазба жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жиналған деректердің негізінде, «Талас өңірі (1909) және Шу өңірі (1950)» атты жинақтар, және бірқатар еңбектер жарыққа шықты.

1946-1959 жылдардағы кезеңнің басталуы Қазақ С Ғылым Академиясының ашылуымен, оның құрамында ашылған Ш. Ш. Уалихановатындағы Тарих, археология және этнология институтының құрамында құрылған Орталық Қазақстан, археологиялық экспедицияларын кең көлемде жүргізген зерттеулері барысында Оңтүстік Қазақстанның әртүрлі тарихи-географиялық аудандарынан, Орталық Қазақстаннан бұрын есепка алынбаған жүздеген ортағасырлық қалалар мен елді мекендер ашылып, ғылыми айналымға енді. Нәтижесінде 1960 жылы «Қазақстанның археологиялық Картасы» атты энциклопедиялық жинақ жарыққа шықты.

1961 жылдан бергі зерттеулердің ауқымы кең, олар Қазақстанның әртүрлі тарихи-географиялық аудандарында жүрді. Зерттеу жұмыстарын Тарих, археология және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қаз МУ, ҚазГУ, Шымкент пединститутының, Өскемен, Павлодар пед институтының археологтары жүргізе бастады.

Бұл кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы, Университет экспедициясы жүргізді. Зерттеу жұмыстарына алыс-жақын шетелдерге белгілі ортағасырлық зерттеуші мамандар Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, Т. Н. Сенигова, К. М. Байпаков, М. Елеуов, Х. В. Савельева, А. Н. Подушкин, Е. Смағұловтар қатысуда.

1991 ж. бастап Егемен Қазақстанның археологтары еліміздің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін зерттеуді онан әрі жалғастыруда. Кең көлемді қазба жұмыстары Отырар, Ақтөбе, Құлан, Қойлық, Ақыртас, Сауран қалаларында жүргізіліп, нәтижесінде көптеген монографиялық еңбектер баспадан шықты.

2004 жылдан бастап елімізде Республикалық стратиграфиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Отырар, Сауран, Қараспан төбе, Жалпақтөбе, Ақыртас қалаларында және бірқатар елді мекендер көлемді қазба жүмыстары жүріп жатыр.



Лекция 3

Қазақстанның ортағасырлық қалаларының баламалануы.

Жоспар:

1. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының баламалануы.
Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы осы уақытқа дейін толық шешімін таппаған, әртүрлі пікір талас тудырып жатқан сұрақтардың бірі – ортағасырлық қалалар мн елді мекендердің баламалану мәселесі. Мәселен, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Мерке, Құлан, Талғар қалаларының баламалануы жөнінде айтарлықтай пікір талас тудырып отырған жоқ.

Оңтүстік Қазақстнда орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі Испиджаб қаласы, оның аты Қытай және араб деректерінде жиі айтылады. Ортағасырлық Испиджабты зерттеушілер Сайрам қаласымен баламалап жүр, бұл зерттеушілердің көбісі қолдап жүрген пікір, дегенмен, археолог Б. Байтанаев тарихи Испиджаб қаласының орны ретінде ортағасырлық Шымкент қаласын ұсынуда, бұл әлі толық дәлелденбеген болжам.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, аттары жазба деректерде сақталған Шараб, Барухет, Тамтадж, Абарджадж және Джувикант қалаларын К. М. Байпаков Төрткүлтөбе,жазба деректер бойынша Қаратаудың оңтүстік-шығыс беткейі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бойында Шараб, Бадухкент, Тамтадж, Абарджадж, Джувикат қалалары орналасқан.

Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Шарабты – Төрткүлтөбемен, Бадухкетті – Казатлық (Азаттық – М. Елеуов.) , Тамтаджды – Қырыққыз төрткүлмен, Абарджадж – Мыңбұлақпен баламаланған, бұл пікірді К. М. Байпаковта қолдады.

Жазба деректердегі Фараб қаласын зерттеушілер Отырар қаласымен, Кедер қаласын –Құйрықтөбемен Оксус қаласын – Весиджбен баламалап жүр.

Сырдария жағасындағы Шауғар аймағының орталығы Шауғар қаласын Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Шойтқбе қаласының баламалануымен ұсынған болатын, бұл пікірді археолог Е. Смагулов онан әрі дамытып жүр. Дегенмен соңғы жылдарда алынған жаңа деректерге сүйене отырып М. Қожа, М. Елеуов Шауғарды – Қарашық қаласымен баламалауды ұсынды, бұл пікірді де К. М. Байпаков қолдап отыр.

Қаратаудың күнгей беткейіндегі Шаға қаласын – Шагилжанмен, ал теріскей беткейіндегі Бабатаны – Баладжбен, Тамдыны – Берукетпен, Құмкентпен- Қойканмен, Саудакентті-Сулханмен баламаланып жүр.

Лекция 4.

Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің баламалануы.
Жоспар:

1.Жувикат-Бектөбе.

2.Шігіл (Жікіл) - Жалпактөбе.

3.Барсхан (Төменгі Барсхан) - Төрткүлтөбе.

4.Отлүқ (Атлах) - Жуантөбе

5.Адахкет (Лдахкес) пен дех Нуджикес

6.Балу

7.Дех Нави - Каскантөбе

8.Барукет – Тамды

9.Бурух және Яганкет

10.Қарлығ-Оккүм

11.Кенжек-сеңір (Кенджак Сангир)

12.Құмкент

Талас өңірінде орналасқан аты жазба деректерде 568 ж кездесетін Тараз қаласын зерттеушілер қазіргі Тараз, (Жамбыл, Әулиеата) баламалап жүр, ол орынды да балама. Таразға жақын орналасқан ортағасырлық қаланың бірі төменгі Барысхан болған, оның орны Талас өзенінің сол жағасында орналасқан Төрткүлтөбе мен дұрыс баламаланып жүр.

Шу, Талас өңірлері және Қаратаудың ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін аты жазба деректерде аталатын ескерткіштермен дұрыс баламалау Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбех, Ибн әл-Факих, Кудама ибн Джафар, әл-Идриси еңбектерінде көрсетілген қалалар мен елді мекендердің орналасу бағытын, олардың бір-бірінен арақашыктығын басшылыққа алу керек. Дегенмен, бұл авторлардың мәліметтеріне сын көзбен қарап, оларды саралап, салыстыра отырып ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің орналасқан жерін, олардың арақашыктарын анықтауда басты Темірқазық ретінде Испиджаб, Тараз, Құлан, Меркі сияқты нақты баламаланатын ескерткіштерге назар аударған жөн.

Ибн Хордадбектің, Кудама ибн Джафардың маршруттарын кезінде В.Томашек, Н.Ф.Петровский, В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам талдаған болатын. Б.Е.Көмеков ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафармен қатар Тимам ибн Бахр, Саид Гардизи, әл Идрисидің маршруттарын талдап, салыстыра зерттеді. С.М.Ақынжановтың еңбегінде әсіресе Гардизиге баса назар аударылған, ал К.М.Байпаков Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу, Іле өңірлеріндегі ортағасырлық қалаларды баламалауға Гардизи, ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафардың маршруттарын кең пайдаланған.

Меркінің және Меркі мен Аспараның арасы 5 фарсахтан көрсетілген және Нузкет пен Жүлдіңаралығында Харанжуаң и фарсах) көрсетілмеген, соның нәтижесінде Нүзкет пен Жүл арасы 4 фарсах деп көрсетілген, ал Ибн Хордадбех пен Кудама ибн Джавар бойынша Нүзкеттен Жүлге дейінгі ара қашықтық 8 фарсах (48-56 км). Сонымен Әл-Идриси бойынша Құланнан Жүлге дейін 66 миль (22 фарсах не 132-154 км), бұл ибн Хордадбех пен Кудама ибн Джафардан 2 фарсахқа (12-14 км) кем.

Жүлден Кубалға (Суяб) дейінгі арақашықтық Ибн Хордадбех бойынша 18 фарсах (108-126 км), Кудама ибн Джафар бойынша 19 фарсах (114-133 км), ал әл Идриси бойынша 90 миль (30 фарсах не 180-210 км). Енді осы үш авторда көрсетілген арақашықтағы айырмашылықтардың қайдан шыққанына тоқталып көрелік. Ибн Хордадбехтің маршруты бойынша Жүлден Сарығқа 7 фарсах Сарығтан түрік қағаны мекеніне 4 фарсах, онан Навакетке 4 фарсах, ал Навакетитен Кубалға дейін 3 фарсах - барлығы 18 фарсах. Кудама ибн Джафар бойынша Жүлден Сарығқа 7 фарсах, Сарығтан түрік қағаны мекеніне 4 м, одан Кирмирауға 2 фарсах, Навакеттен Бунджикетке 2 фарсах, ал онан Суябқа 2 фарсах - барлығы 19 фарсах. Демек, Ибн Хордадбехта Навакеттен Кубалға дейін 3 фарсах та, ал Кудама ибн Джафарда бұл аралық 4 фарсахқа тең. Әл Идриси бойынша Жүлден Сарықа 7 фарсах, Сарығтан түрік қағаны мекеніне 7 фарсах, онан Навакетке 4 фарсах, ал Навакеттен Суябқа 12 фарсах - барлығы 30 фарсах. Сонымен әл Идрисидің маршруты бойынша Сарығтан түрік қағаны мекеніне дейінгі аралық Ибн Хордадбек пен Кудама ибн Джафардан 3 фарсах (18-21 км) артық, ал Навакет пен Кубал (Суб) аралығы болса Ибн Хордадбехтен 9 фарсах (54-63 км), Кудама ибн Джафардан 8 фарсах (48-56 км) көп болып шықты.

Қорыта келгенде, Тараздан Кубалға (Суябқа) дейінгі аралык Ибн Хордадбех бойынша 59 фарсах (354-413 км), Кудама ибн Джафар бойынша 56 фарсах (336-392 км), ал әл Идриси бойынша 240 миль (80 фарсах не 480-560 км). Тараздан Суябқа (қазіргі Ақбешім) дейінгі аралықтың қазіргі Тараз Токмақ-Ақбешім жолы бойынша ұзақтығы 330 км.

Енді жазба деректерді пайдалана отырып Талас өңірі мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің баламалануына тоқталайық.

Испиджабтан шығысқа қарай жүрген Түрік жолы Шараб, Бадукет, Тамтадж, Абарджадж қалалары мен елді мекендері аркылы өтіп Талас өңіріңдегі Жувикатқа келген. Зерттеушілер Шарабты Балықшы төрткүлімен. Бадухкетті Қазатлықпен, Тамтаджды Қырыққызбен (Кырк-Кыз), ал Абарджаджды Бурно октябрь ауылы жанындағы қаламен баламалап жүр.

1.Жувикат-Бектөбе. Жувикаттың баламалануы жөнінде бірқатар зерттеушілердің пікірлері бір қалаға тоқтап отыр, ол қала - Тараздан батыста 15 км. жерде, Үлкен Бурыл тауының Оңтүстік беткейінде орналасқан Бектөбе қаласы. Бектөбе ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген ұзын қорғанды қала. Жувикаттан Таразға дейін 2 фарсах.

Жазба деректер бойынша ежелгі Тараз қаласының төңірегінде Балу, Шігіл (Жікіл), Барсхан (Төменгі Барсхан), Отлүқ (Атлах), Жамукет қалалары аталады.



2.Шігіл (Жікіл) - Жалпактөбе. Әл-Муккаддаси Шігіл туралы былай дейді: "Шігіл Тараздан дауыс жетер жердегі шағын қаланы қамал қоршаған, цитаделі бар. Мешіті базарда тұр, ал Махмүт Қашқари болса Шігіл туралы: "Шігіл түріктердің үш аймағының бірі.... Екіншісі, "Тараз-Талас" қаласының жанындағы Р Қалашықта тұратындар да "Шігіл" деп аталады" - деп көрсетеді. Шігілді Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, К.М.Байпаков Тараздан оңтүстік-шығыста з км жерде орналаскан Жалпақтөбе қаласымен баламалайды. Жалпақтөбе ҮІІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген қала.

3.Барсхан (Төменгі Барсхан) - Төрткүлтөбе. Әл-Мукаддаси Барсхан туралы былай дейді: "Барсхан - (Тараздан) шығыста екі адамның дауысы жетер жерде, оны қоршаған қамал бұзылған. Мешітті базардын. ортасында орналасқан. Тараздан Төменгі Барсханға дейін 3 фарсах. Төменгі Барсханды Т.Н.Сенигова Тараздан солтүстік-шығыста, Талас станциясының жанындағы Төрткүлтөбемен баламалаған. Төрткүлтөбе ҮІІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген қала.

Жамукат - Қостөбе. Жамукат жайлы жазба деректерде былай делінген: "Жамукет - үлкен (қала). Оны қамал қоршаған. Мешіті соның (қамалдың) ішінде, ал базарлары рабата. Жамукет (Хамукат) қаласын А.Н.Бернштам Майтөбе не Бесағаш калаларының бірі болса керек деп есептейді, ал К.М.Байпақов болса ол қаланы Тараздан, солтүстік-шығыста, Сарыкемер ауылының жанындағы, Талас өзенінің оң жағасында тұрған Қостөбе қаласымен баламалап жүр. Қостөбе ; ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген қала. Нершахидің айтуына қарағанда Жаукатты ҮІ ғ. бұхарлықтар салған, қаланың аты бұхарлықтардың көсемі Жамұқтың атымен аталған.



4Отлүқ (Атлах) - Жуантөбе. Отлүқ қаласын әл-Мукаддаси былайша суреттелейді: " Отлүқ - үлкен қала, көлемі жағынан бас қаламен (Таразбен - М.Е.) шамалас, оны қамал қоршаған. Бау-бақша оның үлкен бөлігін алып жатыр... Мешіт мединада, ал базарлары рабадта орналасқан. Отлүқ ты зерттеушілер Жуантөбе қаласымен баламалап жүр. Жуантөбе Талас өңірлеріндегі ең үлкен ұзын қорғанды қалалардың бірі, ол ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген. Осы қаладан табылған түрік руникасымен жазылған

"Атлах" деген жазуы бар диірмен тастың сынығы зерттеушілердің болжамының дұрыс екендігін көрсетіп берді.



5.Адахкет (Лдахкес) пен дех Нуджикес. Тамим ибн Бахр Тараз қапасынан шығьш қимақтарға апаратын керуен жолы туралы: "Тараздан шыққан жол Кавакет деген жердегі екі елді мекен, өнделген жерлер арқылы өтеді. Тараздан оларға дейінгі аралык 7 фарсах Осы жерден (Кавакеттен) қимақ патшалығына дейін өзімен жол азығын алып, суыт жүрген салт атты үшін 80 күндік жол. А.Н.Бернштам Кавакеттегі екі елді мекенді Тараздан батыста орналасқан Көктөбедегі қалалармен, ал Л.И.Ремпель болса Кавакеттің Тараздан солтүстікте орналасқанын ескере отырып Талас өзенінің төменгі ағысындағы (Тараздан солтүстікте) Шаруашылық (ҮІ-ХІІІ ғғ.) және Ынтымақ (Тай төбе) қалаларын Дех Нуджикес пен Адахкет (Адахкес) қалаларымен баламалаған. Дегенмен, Тараздан Шаруашылыққа дейін 90 км (15 фарсах) екенін ескере отырып, бұл қалалар орналасқан жерді Кавакет дегенге келісуге болмайды.

К.М.Байпаков алғашында Оққұм мен Түймекент қалалары тұрған жерді Кавакет деп есептеп, Оққұм мен Түмекентті Дех Нуджикес пен Адахкет қалаларымен баламалаған болатын, ал кейіннен ол жаңадан жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Тараздан солтүстік-батыста 30 км жердегі, Асса өзені өңіріндегі Қаракемер қалалары орналасқан жерді Кавакет деп, осы жердегі үзын қорғанды Қаракемер 1 және Қаракемер 2 қалаларын Дех Нуджикес пен Адахкет қалаларымен баламалауды ұзынды. Біз зерттеушінің екі пікірімен де келісе алмаймыз, оның себептері: біріншіден, Оқкұм мен Түймекент қалалары бір-бірінен 40 км жерде, Талас өзенінің екі жағасында орналасқан қалалар және олардың ортасында (арасында) ондаған ортағасырлык Қалалармен елді мекендер болған; екіншіден, Қаракемер қалалары Тараздан солтүстік-батыста орналасқан. Деректер бойынша Кавакет Тараздан Солтүстікте болуы керек. Біз жазба деректердегі Кавакет деген жерді Тараздан солтүстіктегі (28-30 км) Қарабақып және Құмбел ескі өзектері аралығындағы алқаппен баламалай отырып, осы алқаптағы бір-бірімен іргелес жатқан ұзын қорғанды Қара төрткүл (ҮІІ-ХІҮ ғғ.) және Қоңырбайтөбе (ҮІП-ХІІІ ғғ) қалаларын Дех Нуджикес пен Адахкет қалаларымен байланыстырамыз. Шамасы, Тараздан солтүстікке қарай жүрген керуен жолы осы екі қалалар арқылы өтіп қимақтарға бет алған болса керек.



6.Балу. А.Н.Бернштам Балуды Бесағаш қаласымен баламалаған болатын, ал К.М.Байпақов болса, жазба деректердегі Балумен Бесағаш қаласының өмір сүрген уақыты (ІХ-ХІІ ғғ) сәйкес келетінін ескеткен. Жазба деректердің көрсетуіне қарағанда Балу Шігілден сол жақта жарты фарсахта (З км) жерде орналасқан, үлкен қала болған, соған қарағанда Балуды Шігілге жақын жерден іздеу керек сияқты.

Әл-Мукаддаси тізімінің екінші тізбесінде Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави және Қүлан қалалары көрсетілген. Зерттеушілер осы тізбедегі Шелжіні - Садырқорғанмен, Күлді-Орловка ауылы жанындағы Ақтөбемен, Сусты - Шалдавар қаласымен, ал Такабкетті - Талас қаласы жанындағы Ақтөбе қалаларымен баламалап жүр, бұл қалалардың бәрі Талас өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Біз зерттеушілердщ бұл баламаларына қосыла отырып, олардың назарынан тыс қалған дех Нави қаласына тоқтала өтпекпіз.



7.Дех Нави - Каскантөбе. Әл-Мукаддасидің екінші тізбесінде Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави және Қүлан қалалары қатар көрсетілген, демек, Дех Навиді Такабкет пен Құланның аралығынан іздеу керек. Талас өзенінің жоғарғы ағысында, Такабкет (Талас қаласы жанындағы Ақтөбе) қаласынан оңтүстік-шығыста, айыртам ой шатқалында орналасқан ұзын қорғанды Каскантөбе қаласын біз Дех Нави қаласымен баламалаймыз, оған дәлел болатын екі себеп бар: біріншіден, Такабкет пен Каскантөбелер қатар орналасқан ұзын қорғанды қалалар; екіншіден Каскантөбе Таластың жоғарғы ағысынан Шу өңіріне (тікелей Құлан қаласына) өтетін Қырғыз Алатауындағы Шұңқыр асуына (3698 м) бірден-бір жақын тұрған қала. Егер біздің осы болжамымыз дұрыс болса, онда әл Мукаддаси тізімінің екінші тізбесінде Талас өзенінің жоғарғы арқылы өтетін керуен жолы бойындағы Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави қалалары ал онан кейін Шұңқыр асуы арқылы Шу өңіріне өткен жердегі Құлан және Құланнан шығысқа қарай жатқан қалалар көрсетілгеніне сенімді болуға болады.

Әл Мукадаси тізімдерінде Сырдарияның орта ағысындағы Шавғар, Сауран, Турар, Зерах, Шагилджан қалаларынан кейін Баладж, Барукет, Бурух, Яганкет қалалары көрсетілген. Осы тізімдердегі Шағылжан (Шагилджан) Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Шаға қаласымен, Баладж бен Барукет Қаратаудың солтүстік беткейіндегі Бабата, Тамды қалаларымен баламаланып жүр, ал Бурух, Яганкет қалалары әлі баламаланбаған.



Баладж-Бабата. Баладж қаласы деректе былайша суреттеледі: "Баладж - кішкене қала, оның қамалы бұзылған, мешіті базарда орналасқан". Бабата қаласы Қаратаудың солтүстік беткейінде, Бабата өзенінің сол жағасында орналасқан, қала ҮІ-ХҮ ғғ. кезінде өмір сүрген. Біз Бабата қаласының төңірегінде Бабата (өзен), Болатау (Бала Түрлан) сияқты жер-су аттарының сақталғанын ескере отырып бұл қаланы Баладжбен баламалаған К.М.Байпақовтың пікіріне қосыламыз. Демек, әл Мукаддаси тізімдеріндегі Шағылжан және Баладж қалалары Қаратаудағы Тұрлан асуының екі бетінде тұрған қалалар.

8.Барукет - Тамды. Әл Мукаддаси бұл қала туралы былай деп жазған: "Барукет" үлкен қала. Барукет пен Баладж түркмендерге қарсы шекаралық бекіністер. К.М.Байпақов Барукетті Тамды өзені жағасындағы Тамды қаласымен баламалайды, бұл қала ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген.

9.Бурух және Яганкет. Жазба деректе бүл қалалар былайша суреттелген: "Бурух - ескі, үлкен [қала], мешіт базарда. Яганкет – үлкен, мсүкімді қала. Ол Харахфардың қаласы, онда оның рабаты, және моласы бар". Тараз қаласынан солтүстік-батыста 30 км жерде, Аса өзенінің жағасында бір-бірімен қатар орналасқан екі қала бар, олар ұзын қорғанды Қаракемер және Бектөбе қалалары (К.М.Байпақов бойынша Қаракенир 1 және Каракенир 2 қалалары) орналасқан. Осы екі қаланы А.Н.Бернштам мен К.М.Байпақов Кевакеттегі екі елді мекендер Дех Нуджикес пен Адахкет қалаларымен баламалайды. Біз бұл ұзын қорғанды екі каланың Үлкен Бурыл (Бурул) тауына жақын орналасқанын (10 км жерде) және Бурыл (Бурул) тауы мен Бурух қаласының атындағы үқсастықты ескере отырып Қаракемерді Бурухпен және Бектөбені Яганкет қаласымен баламалаймыз. Бұл екі кала Тараздан шығып солтүстік-батысқа қарай жүрген керуен жолының бойында түрған ірі қалалар болған.

Махмүт Қашқари Тараз қаласы аймағындағы Қарлығ, Кенжек Сеңір (Кенжак Сангир), Иағма (Ягма) калалары мен елді мекендерін атап, оларға қысқаша түсініктеме берген.



10.Қарлығ-Оккүм. Махмгг Қашқари Қарлығты былайша суреттейді: "Қарлығ - Таразға жақын жердегі қамалдың аты. Онын аты Қарғалықтан шығады". Біз қарлығты Тараздан солтүстікте 60 км жерде, Талас өзенінің сол жағасында (1 км), Таласқа Қарабақыр өзенінің құяр жеріне жақын орналасқан Оққұм қаласымен баламалаймыз. Оққұм тарихи-топографиялық құрылымы бойынша мықты қамал, ол соңғы зерттеулерге қарағанда XIII -ХІҮ ғғ. дейін өмір сүрген қала. Оққұмды зерттеушілер Дех Нуджикеспен және 1253 ж. В.Рубруктың Кинчат қаласынан шығып, келесі күні жеткен" елді мекенімен баламаланып жүр. Дегенмен Оққұм қаласының төңірегінде Карабақыр (өзен), Қарақұм, Қарғалы сияқты жер-су аттарының сақталуына қарағанда бұл қаланы Махмұт Қашқари суреттеген Карлығ қаласымен баламалған дұрыс болар еді.

11.Кенжек-сеңір (Кенджак Сангир) - Шаруашылық Кенжек сеңір туралы Махмүт Қашғари былай дейді: "Кенжек сеңір Таразға жакын шаьардың аты. Ол жер қыпшақ шекарасында". Рашид ад-диннін. айтуына қарағанда 1269 ж. Талас пен Кенжектің (Кенджактың) шалғынында Шыңғысханның мүрагерлері қүрылтай өткізген. Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевичтер Кенжекті Талас өзенінің төменгі ағысындағы Тектүрмас не Шаруашылық қалаларының бірімен баламалау керек, ал КМ.Байпақов болса оны Шаруашылық қаласымен баламалап жүр. Шаруашалақ қаласы Тараздан солтүстікте (сәл солтүстік-батыста) 90 км жерде, Талас өзенінің оң жағасында орналасқан, ҮІІ-ХІҮ ғғ. кезінде өмір сүрген қала. Шаруашылық қаласын Л.И.Ремпель Дех Нуджикес қаласымен баламалаған болатын. Біз Кенжек сеңірді Шаруашалақ қаласымен баламалаған К.М.Байпақовтың пікіріне қосыла отырып, жергілікті халықтың Шаруашылықтан солтүстік-батысқа қарай (Талас өзенінің арнасы кеңейетін) жерді, "Таластың кең жиегі" немесе "кең жиек" деп атайтынын ескерте өткенді жөн көрдік.

12.Құмкент - 1253 ж. Қаратаудың солтүстік беткейі мен Талас өңірінің төменгі ағысы арқылы өткен В.Рубрук (Кинкет) Кинчат) қаласы туралы былай деп жазған: "... Жетінші күні біздің оң жағымыздан өте биік таулар көріне бастады да бау-бақша сияқты суғарылған жазыққа шықтық, өңделгең жерді көрдік... Біз Кинкет атты сарацин қаласына жеттік... Келесі күщ тауға жақын орналасқан басқа бір елді мекенге келдік..." В.Рубрук атаған Кинкет қаласы мен аты белгісіз елді мекен жөнінде зерттеушілер әртүрлі болжам жасап жүр, мәселен Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич Кинкетті, Кенжек Сеңірмен, ал оны Шаруашылық не Тектұрмас қалаларының бірімен баламалауды үсынады, К.М.Байпаков болса Кинкет-Кенжек Сеңір-Шаруашалақ деп баламалайды, А.Х.Марғүлан Кинкетті Қүмкент қаласымен баламалады. Біз А.Х.Марғүланның Кинкетті Қүмкентпен баламалаған пікіріне қосыла отырып, Кинкеттің жанындағы Рубрук ертесіне жеткен, тауға жақындау тұрған, аты белгісіз елді мекен Саудакент қаласы болса керек деп есептейміз. Саудакент қаласы Құмкенттен (Кинкеттен) шығыста 25 км (бір күндік) жерде орналасқан.

1255 ж. Талас өңірі арқылы жүрген Гетум Кутукчин (Хутухчин), Беркент (Перканд), Сукулкент (Сулхан-Сугулхан), Урусокан, Қойқанд (Кайкан), Кузак (Хузак не Комец), Кендакур (Хендакур), және Сегнак (Сугнах) қалаларын атап өткен. Біз осы аттары аталған қалалардың: Кутукчиннің Майтөбе мен Беркенттің (Перканд) Тамдымен, Сукулкенттің (Сулхан-Сугулган) Саудакентпен, Қойқандтың (Кайкан) Құмкентпен, Урусоканнын. Шолаккорғанмен, Кузактың (Хузак не Комец) Созақпен және Кендакурдың (Хендахор) Ақсүмбе қалаларымен баламалануы дұрыс, орынды жасалған балама деп есептейміз.



Жазба деректерде Талас өңіріндегі Жаңа (Янги) атты төрт қала аталады: "Жаңа - бұл төрт қала. Олардың арасы бір фарсах, әр қаланың өз аты бар. Бірі - Жаңа, басқасы - Жана балық, үшіншісі - Кенжек, соңғысы - Тараз". Зерттеушілер соңғы қаланы (Таласты) Таразбен, Кенжекті Шаруашылықпен, Жаңаны (Жаңа Таласты) Талас қаласы жанындағы Ақтөбемен, ал Жаңа балыкты Садырқорған қалаларымен баламалап жүр. Біз шаруашылықтан Таразға дейін 90 км, Тараздан Садырқорғанға 38-40 км, ал Садырқорғаннан Талас қаласы жанындағы ортағасырлық Ақтөбеген дейін 50 км екенін ескере отырып, Жаңа Талас және Жаңабалық қалаларының Талас өңірінің жоғарғы ағысындағы Садырқорған және Таластық Актөбе қалаларымен баламаланғанына шек келтіреміз. Шамасы, Жаңа Балық пен Жаңа Талас қалаларын Талас өзенінің орта ағысында ортағасырлық қалалардың қатарынан іздеген дұрыс болар

Лекция 5

Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің баламалануы.

Жоспар:

1.Касрабас - Акыртөбе

2.Кулшуб - Өрнек

3.Жүлшуб.

4.Нүзкет-Шыштөбе.

5.Харанжуан - Аксу.

6.Сарығ - Новопокровка.

7.Түрік кағанының мекені - Шөміш

8.Навакет - Кызыл өзен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет