Ф. пк-уму. Уп. 04. 14 1 переиздание документации смк каргу 01. 02. 2011 г



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#133805
1   2   3   4   5   6   7
Практикалық орнитология


72

Жануарлар фенологиясы


Бұл пән жануарлар тіршілігіндегі маусымдық құбылыстарды зерттейді. Жануарлар тіршілігіндегі кезеңділік, жыл маусымының ауысуына байланысты. Түлеу, жұп құру кезіндегі өзгерістер, ұя салу, ін қазу, ұрпақтардың пайда болуы және т.б. әр жануарға белгілі уақытқа сай келеді. Ортаның сыртқы факторлары жануарлар популяциясының барлық тіршілік процестеріне әсер етіп, олардың оптималды жағын өзгертеді немесе популяцияның гомеостазын төмендетеді. Практикалық мақсатта жойылып бара жатқан жануарлардың кезеңділігін алдын ала болжау үшін бұл мәселелерді білу қажет.

Зоология, және жалпы биология, жануарлар систематикасындағы жаңа басылымдардан алған білімдер бұл курсты игеруге қажет


Бұл пән жануарлар әралуандылығын, зоология бойынша үлкен практикум, жануарлар экологиясы курстарын меңгеруге қажет.

73

Микробиология және вирусология


Қазіргі кездегі микробиологияның дамуы мына бағыттарда: фундаментальды зерттеулер (метоболизм жолдарын анықтау, ферменттерді бөліп алу, тазалау, заттардың алмасуын зерттеу т.б.). клеткааралық қатынастың табиғатын және популяциядағы клеткалардың өзара байланысын анықтау; медицина, ветеринария, ауылшаруашылық, космостық өндірістік (техникалық) микробиологиямен тығыз байланысты.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Ботаника, зоология, цитология, генетика, биохимия

Вирусология, биотехнология,

молекулярлы биология,

гендік инженерия


74

Жалпы микробиология және иммунология


Иммунология иммунитетті зерттейтін ғылым. Көптеген халықтық- шаруашылық мәселелердің шешілуі иммунологияның жетіспеушілігіне байланысты. Адамның және ауылшаруашылық малдарының әлі жеңілмеген індеттерінің алдын алу: жаңа вакциналар, антисептикалық вакциналық препараттарды, дәрі-дәрмектерді жасаудың жаңа принциптері мағынасында айтылады; аллергиялардың алдын алу мен емдеу;

Ревматизм және басқа да ауру түрлерінің алдын алу және емдеу; гендік инженерия әдістерімен құрастырылып алынған жасанды микроорганизмдерге қарсы, жасанды және табиғи уытты заттар мен аллергендерге қарсы иммунитеттің ынталандыру жолдарын іздестіру.

-хирургиялық, акушерлік, педиатриалық және басқа ауру түрлерінде жіті және созылмалы инфекциялық қабынуларды, сонымен бірге шартты-патогенді микроорганизмдердің есебінен туындайтын созылмалы пневмонияларды, маститтерді, гастритт және т.б. туындап, дамытатын екінші ретті иммундық тапшылықты түзеуді қарастырады.


Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Физиология, биохимия, микробиология, вирусология

Вирусология, биотехнология,

молекулярлы биология,

гендік инженерия


75

Зоология бойынша үлкен практикум


Пәннің мақсаты студенттерде жануарлардың ұйымдасу деңгейлері мен құрылыс ерекшеліктерін, жануарлар патшалығы эволюциясының негізгі бағыттарын оқыту. Пәннің міндеттері: Зоологиялық систематиканың негізі мен жануарлардың қазіргі заманғы таксономикалық және экологиялық жүйесі; Жануарлар әлемінің көптүрлілігін, әртүрлі типке жататын жануарлардың функциональдық ерекшеліктерін зерттеу;Омыртқасыз жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын:

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Омыртқасыздар зоологиясы, Омыртқалылар зоологиясы, Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы; Омыртқа-лылардың салыстырмалы анатомиясы;


Энтомология, Паразитология, Орнитология, Ихтиофауна, Герпетология

76

Омыртқасыз жануарлардың систематикасы және эволюциясы


Курста омыртқасыз жануарлардың құрылысының біртіндеп дамитындығын, жануарлар дүниесінің даму эволюциясын, жануарлар түрінің көптүрлілігін, олардың табиғаттағы маңызын оқытады. Қарапайымдылардан көпклеткалылардың шығу тегі теорияларымен /Геккель, Мечников, Хаджи, Захваткин/ органдар жүйесінің эволюциясымен танысады.

Оқылатын пәнді игеру үшін студенттер Зоология бөлімі, оның ішінде омыртқасыздар зоологиясы, жалпы экология мен жануарлар экологиясы курсының негіздерін, зоологиялық номенклатураның жалпы принциптерін білуі керек.

Пәнді оқыту негізінде оқытуға берілетін басқа пәндер тізімі. «Омыртқасыздардың және омыртқалылардың салыстырмалы анатомиясы», «Жануарлардың салыстырмалы морфологиясы».

77

Эволюциялық ілім


Эволюция ілімі курсы органикалық дүниенің даму тарихы мен эволюция процесінің жүріп өткендігін зерттейтін ілім. Эволюциялық көзқарастардың дамуын, эволюция процесінің дәлелдемелерін қазіргі палентологиялық зерттеу әдістеріне сүйене отырып, микро және макроэволюция ілімдерінің негізгі принциптерін қарастырады. Табиғаттағы түр деген түсінікке ұғым беріп, түр түзілу критерийлерін биологиялық, экологиялық тұрғыда эволюциялық даму жолдарын зерттейді.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Зоология, Ботаника, Адам анатомиясы, Жеке даму биологиясы, Генетика пәндерінде алынған білім осы пәнді меңгеруге қажет.

Қазіргі эволюциялық теориялар, Эволюциялық биология,

Клеткалық биология,

Палеонтология


78

Қазіргі эволюциялық теориялар


Қазіргі эволюциялық теориялар курсы органикалық дүниенің даму тарихы мен эволюция процесінің жүріп өткендігін қазіргі заманғы жаңаша қалыптасқан теориялар тұрғысында зерттейтін ілім. Эволюциялық көзқарастардың дамуын, эволюция процесінің дәлелдемелерін қазіргі палентологиялық зерттеу әдістеріне сүйене отырып, (ДНҚ үлгілеріне микро-молекулярлық анализдер жасау арқылы) микро және макроэволюция ілімдерінің негізгі принциптерін қарастырады. Табиғаттағы түр деген түсінікке ұғым беріп, түр түзілу критерийлерін биологиялық, экологиялық тұрғыда эволюциялық даму жолдарын зерттейді. Жердегі тіршіліктің пайда болу концепцияларын қарастыра отырып, эволюция теориясының күйреу мәселесін де жаңа материалдар негізінде толықтыра қарастырады.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Ботаника. Зоология, Генетика және селекция негіздері, Эволюция ілімі

Эволюциялық биология,

Палеонтология



79

Топырақтану



Топырақтану – топырақтың түзілуі, құрамы мен қасиеттері, оларды қорғау және тиімді пайдалану туралы ғылым.

Ландшафтың туындысы және элементі бола тұрып, топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Атмосфера, биосфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байланыста болып, топырақ жамылғысы Жер бетінде осы сфералардың арасындағы тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-теңдікті сақтайды. Өзінің құнарлылығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады. Сондықтан да топырақты, оның биосферадағы және адам өміріндегі ролі мен орнын білу өте қажет.



Курсты оқу барысында студенттер біртұтас табиғи кешен – географиялық қабықтың құрамдас бөлігі болып табылатын биосфера – тіршілік қабығының құрамы және оның құрылысымен, топырақтардың сан алуан түрлерімен жан-жақты танысып, дүниежүзі топырақтарының таралу зандылықтарын ғылыми тұрғыдан талдау арқылы кестелер, картақималар жасау мен топырақ картасын құрастыруды үйренеді. Топырақтану курсын оқу үшін алдын-ала оқитын пәндер – жалпы биология, зоология, өсімдіктер морфологиясы.

Топырақ дегеніміздің өзі жер қыртысының жоғарғы борпылдақ жұмсақ қабаты екендігін тарихи-географиялық мағлұматтар арқылы жан-жақты түсіндіру. Топырақтану басқа ғылымдардың салаларымен байланысын ашып көрсету, психология және педагогика пәндерімен байланысын нақтылай отырып, биология, химия, физика, география ғылымдары заңдылықтарымен таныстырып, студенттерді ғылыми жұмыстар жасау бағытына жан-жақты баулу.

80

Топырақ биологиясы


Топырақ биологиясының мақсаты студенттерді осы саланың басқа ғылым саласымен байланысы, генетикалық топрақтанудың, топрақ химиясымен, физикасымен сонымен қатар биология ғылымдары-микробиология, биохимия, экологиямен байланыстылығымен таныстыру. Топырақ биологиясының негізгі зерттеу объектілері проблемалары мен әдістерін жетік меңгерту.

Топырақ биологиясының қазіргі кездегі өндірістік қоршаған ортаны қорғауда және осы системаның тұрақтылығындағы рөлін оқытып үйрету. Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы. Топырақ биологиясынның пайда болуы жайлы мағлұматтарды беру.. Әр түрлі типті топырақтардың микроорганизмдердің құрамдастығы және олардың геохимиялық қызыметі. Топырақтың альгология, микология, зоология бөлімдерінің пайда болуы, дамуы. Топырақ биологиясының қазіргі кездегі даму дәуірлерінің ерекшеліктері: биохимияландыру, кешенді жаңа териялық концепциямен әдістерді құрастыру. Топырақ биологиясына экосистемалық кіріспе. Топырақ құрамындағы барлық микроорганизімдердің құрлысы және қызыметін оқып үйрену. Топырақ экосистемасын моделдеу. Топырақ биологиясы және глобальды микробиология проблемалары жайлы ақпараттарды кеңінен оқыту.



Пәнді тез арада меңгеріп кетулері үшін студенттерге микробиология, ботаника, зоология, экология, топырақтану курстарын жетік меңгеріп, ғылыми әдебиеттермен сауатты жұмыс істей білулері талап етіледі.

Курс соңында студенттер өздеріне топырақ жайлы құнды, қажеті мағлұматтарды меңгеріп шығады. Өндірістер мен ауыл шаруашылығы саласында жер шаруашылығымен байланысты жұмыс жасайтын мамандарға қажетті ақпаратар алынады. Топырақтың құнарлығын арттыру, оны әртүрлі келеңсіз жағдайлардан сақтау шараларын оқып үйренеді. Сонымен қатар игерілмеген жерлер мен ластанған жерлерді табиғи жолмен қалпына келтіру технолгияарын меңгеріп шығады. Тірі ағзалардың өлі табиғатпен байланысын, экологиялық құрлымын танып, жүйелі жұмыс жасау принціптерін танып, лабораториялық тәжірибелер жасауды меңгеріп шығады.

81

Гидробиология


Гидробиология пәнінің негізгі мақсаты су организмдерінің экологиясын зерттеу болып табылады. Биоценозы мен популяциясын, биомассасы мен организмдердің сандық есебін жүргізу: гидробионттардың құрамы, таралуы, кездесу жиілігін анықтау: Адам өмірінде су жәндіктерінің мкаңыздылығын зерттеу.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: География, зоология, физика, және химия пәндерін студенттер алдын-ала меңгеруі керек. Студенттер материалдарды өңдеп, график құра алулары керек.

Бұл пәннен алынған білімді экология, физиология және су организмдерінің географиясы пәнінде қолдануға болады.

82

Биогеография


Биогеография ғаламдық экожүйе ретінде. Ареалдар жөніндегі түсінік. Жер шарындағы құрлықтың флоралық аймақтары. Жер шарындағы құрлықтың фауналық аймақтары. Мұхитты биогеографиялық аудандастыру. Түрлердің жойылуы, адамның әрекетінен флора, фаунаның өзгеруі.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Жалпы жертану, Топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, Ландшафттану, Картография, Геология.

ТМД-ның физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.

83

Цитогенетика


Цитогенетика пәні хромосомалардың құрылымы, репликациясы және ұйымдасуын зерттейтін ілім.

-Митоз бен мейоздағы хромасомалардың құрылысы мен заңдылығын, хромасомалар абберациясы мен кроссинговер механизмдерін ; Хромасомалардың идиограммасын құру барысында Денвер жүйесімен танысу, Адам генетикасында әртүрлі синдромдарға тереңірек тоқталып, генетикалық шығу тектерін зерттейді. (Даун, Патау; Тернер-Шершевский, Эдвардс, Кляйнфельтер); Студентердің микроскоппен жұмыс жасап, микрофотографияларды өңдей алу дағдыларын жетілдіреді.



Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Цитология, Гистология, Эмбриология, Генетика

Медицина, Клеткалық биология

84

Популяциялар генетикасы


Популяциялар генетикасы пәнінің міндеті: студенттер эволюция теориясы пәнінде алған білімдерін толықтыра түсіп, популяцияның экологиялық сипаттамаларымен /Болдуинг эффектісі/ танысып: популяция ареалы, популяция жиілігі, жастық және жыныстық құрамы, популяция динамикасын меңгерулері қажет. Харди-Вайнберг формуласын пайдалана отырып, популяцияның генетикалық гомогенділігі мен гетерогенділігін; доминантты және рецессивті белгілердің панмиксиялық жағдайда қалай берілетінін; гендер дрейфі қалай жүретіндігін меңгерулері қажет.

Пәнді оқыр алдында студенттер Эволюциялық ілім, Генетика, Экологияның негізгі салаларында алынған білімдер осы пәнді меңгеруге қажет.

Қазіргі эволюциялық теориялар, Эволюциялық биология,

Клеткалық биология.




85

Биологиядағы математикалық әдістер


Биологиядағы математикалық әдістер пәнінің мақсаты биологияның әртүрлі салаларында тәжірибе барысында алынған сандық деректерді математикалық статистика әдістерімен таныстыру.

Арифметикалық орта арқылы өңдеуді меңгеру; шартты орта әдісін, арифметикалық ортаның қателігін, сигманы, вариация коэффициентін, тәжірибе дәлдігін; сандық және сапалық корреляцияны, корреляция коэффициентін табуды; дисперсиялық талдау әдісін, ХИ-квадратты Стьюдент критерийіне, Фишер критерийіне қолдануды үйрену



Пәнді оқыр алдында студенттер жоғарғы математиканың курсын білулері керек.

Пәні оқып үйренгеннен кейін студенттер зерттеудің әртүрлі әдістерін біліп, корреляция теориясы туралы, оны нақтылы зерттеулерде пайдаланып, кәсіптік іскерліктерде алған теориялық және өндірістік білімдерін қолдана білулері керек


86

Биометрия


Пәннің мақсаты биологияның әртүрлі салаларында тәжірибе барысында алынған сандық деректерді математикалық стстистика әдістерімен зерттеудің қажеттілігіне студенттердің көзін жеткізу. Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерді өзгергіштікті зерттеудің әртүрлі әдістерімен таныстыру; орта сандардың әртүрлі түрлері туралы мағұлмат беру; корреляция тероясы туралы, оны нақтылы зерттеулерде қалай пайдалану жолдарын үйрету; дисперсиялық талдау туралы мағұлмат беру;тәжірибе барысында алынған сандық деректерді вариациялық статистиканың әдістерімен өңдеуге арналған жаттығу есептерін шығарып үйрену. Студенттердің міндеттері: Алынған сандық деректерді арифметикалық орта арқылы өңдеуді меңгеру; шартты орта әдісін, арифметикалық ортаның қателігін, сигманы, вариация коэффициентін, тәжірибе дәлдігін табуды үйрену; сандық және сапалық корреляцияны, корреляция коэффициентін табуды меңгеру; дисперсиялық талдау әдісін, ХИ-квадратты Стьюдент критерийіне, Фишер критерийіне қолдануды үйрену. Биометрияның негізгі тарауларының есептерін шығаруды меңгеру.

Пәнді оқыр алдында студенттер жоғарғы математиканың курсын білулері керек.

Пәні оқып біткеннен кейін студенттер өзгергіштікті зерттеудің әртүрлі әдістерімен біліп, корреляция тероясы туралы, оны нақтылы зерттеулерде пайдаланып, кәсіптік іскерліктерде алған теориялық және өндірістік білімдерін қолдана білулері керек


87

Ботаникадан үлкен практикум


Өсімдіктердің вегетативтік, генеративтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктерін, жеке өсімдіктердің мүшелерінің құрылысының олардың атқаратын қызметімен байланысты екендігін студенттерге таныстырып үйрету және кейбір ерекшеліктердің тарихи даму барысындағы жетілуіне мән беріп оқыту.


Қарастырып отырған пәнді игеру үшін библиографиялық материалмен жұмыс істеу дағдылары, ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиетпен өз бетімен жұмыс істей алу, алған білімді талдап, жүйелей алу, әрі тұжырым шығара алу қабілеттілігі қажет. Алған білімді және әдеби көздерді өзінің теориялық дайындық деңгейін ары қарай көтеру үшін қолдана алу, морфологиялық зерттеулер жүргізу, өсімдіктердің толық морфологиялық сипаттамасын беру қабілетін жетілдіру. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді түр атауына дейін анықтау. Өсімдіктердің жүйесін және олардың морфологиялық белгілерін білу. Қарастырылып отырған топтың жүйедегі орнын, өзіндік ерекшеліктерін, басқа топтардан айырмашылықтарын, негізгі өкілдерін; құрылысын, оның организмдердің биологиялық ерекшеліктермен және тіршілік жағдайларымен байланысын, эволюция барысын, топ арасындағы туыстық байланыстарды білу.

Осы пән бойынша алынған білімді өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер географиясы, фитоценология, ризология, өсімдіктер физиологиясы т.б. пәндерді меңгеруге қажетті ортақ терминологияны біріктіретін ғылым. Өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша олардың жіктелуі, анықталуы негізделген.


88

Өсімдіктер экологиясы


Берілген пәннің мақсаты – табиғаттағы өсімдік түрлерінің бәсекеге қабілеттілігі мен биологиясы, басты экологиялық факторлардың олардың морфологиялық ерекшеліктерімен заңдалылықтарына байланысын көрсету.

Тіршілік ортасының факторлары мен организмдер арасындағы көптеген байланыстарды ашу, түрдің өзгергіштігіне олардың әсерін көрсету және түсіндіру; орта жағдайларына өсімдіктердің бейімделу стратегиясын, өсімдіктердің биосферадағы орнын білу қажет. Қоршаған ортаны қорғау.

Болашақ экологтарға оқылатын жаратылыстану ғылымдарының пәндері блогындағы өсімдіктер экологиясының орны осы пәннің міндеттерімен анықталады. Өсімдіктер экологиясы “Экология”, “Биология”, “Өсімдіктер географиясы”, “Топырақтану”, “Биоэкология”, “Химия” пәндерімен пән аралық тығыз байланыста. Бұлар экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі мен ойлаудың ғылыми стилінің қалыптасуына ықпал етеді.

89

Физиологиядан үлкен практикум


Адам ағзасы мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, жеке мүшелерінің құрылысының олардың атқаратын қызметімен байланысты екендігін студенттерге таныстырып үйрету және кейбір ерекшеліктердің тарихи даму барысындағы жетілуіне мән беріп оқыту. Пәнді оқу нәтижесінде студент физиологиялық жүйелердің атқару қызметтерін анықтап, олардың реттелу механизмдерін толық білу керек.

Игерген білімдерін практикалық сабақтарда және экспериментальды жұмыста пайдалана білу керек. Физиологиялық классикалық әдістермен танысып, оларды қолданатын жағдай туғызу.



Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Адам анатомиясы, биология, физиология, морфология.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және гистология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

90

Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы және жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі

«Орталық нерв жүйесi және жоғары дәрежелi нерв әрекетi (ОНЖ және ЖДНӘ)» бөлiмi студенттердiң осы пән түралы, оның зерттеу әдiстерi тұралы көзқарасын бiлiмiн қалыптастарада, қозу және тежелу түралы, мидың интегративтiк әрекетiнiң заңдылықтары тұралы, шаpтты pефлекстедiн қалыптасуы туpалы, естiң механизмi туралы және мақсаты бағытталған әрекеттердiң реттелуi туралы.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Адам анатомиясы, биология, физиология, жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясы, морфология.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және салыстырмалы физиология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

91

Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер


Студенттерді Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан, сонымен қатар эндемдік және реликтілік өсімдіктерімен таныстыру; Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің генофондын сақтау және оларды қорғау жұмыстарының негізгі бағыттарымен, сол сияқты олардың таралуымен таныстыру.

Бұл пәнді меңгеру барысында студенттер негізгі сирек кездес етін, жойылып бара жатқан, реликтілік және эндемдік өсімдіктерді, олардың жойылу себептерін, сонымен қатар, осы өсімдіктер өсетін қорғалу аймақтарын;

өсімдіктерді қорғаудың ғылыми және практикалық маңызын, өсімдіктер әлемін қорғаудың негізгі бағыттарын, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қазіргі заманда зерттеудің мәселелерін білуі қажет;



Студенттер негізгі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан және эндемдік түрлерді білу, олардың жойылу себептерін, сонымен қатар бұл өсімдіктер өсетін қорғалатын аймақтарды білуі керек; өсімдіктерді қорғаудың ғылыми және практикалық маңызын, өсімдіктер әлемін қорғаудың негізгі бағыттарын білу, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің қазіргі кездегі жағдайын білу; ботаниканың бұл тарауы бойынша әдебиеттерді пайдалана білу, сонымен қатар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерімен танысуда гербарлық материалдарды, түрлі – түсті диапозитивтерді және т.б. пайдалана білу.

92

Жас ерекшілік физиологиясы

Студенттерге ағзаның жасына қарай қалыптасатын физиологиялық қызметттерінің дамуын, баяулауын, бәр түрден екінші түрге өтуі мен бір-біріне қатынасысыны заңдылықтарын білу

Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні болашақ мұғалімдергі, психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсунуге жол ашады.

Жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл- ойын дамытудың, еңбекке баулудың, дені сау, сымбатты өсірудің негіздерін білу, медициналық және санитарлық күту негіздерін түсіну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет