Ф. пк-уму. Уп. 04. 14 1 переиздание документации смк каргу 01. 02. 2011 г



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#133805
1   2   3   4   5   6   7
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: физиология, адам анатомиясы, жалпы гигиена, педагогика және эмбриология



Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және педагогика, психология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

93

Орталық жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясы


Жүйке жүйесі структурасының бірте-бірте эволюциялық күрделінуі, бір клеткалы организмдерден бастап және адаммен аяқтау, оның соңғы мидың күрделі структурасы мен функцияларының дамуымен дамуымен.

Курстың оқуының соңында студентте адамның жүйке жүйесі структурасы туралы анық түсініктеме болу керек. Психология аймағында келешекті мамандар жүйке жүйесі организмде ерекше өткізгіш, қайсыларында «электрлік ток» ағатынын білу керек. Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі. Осы күрделі құрылымда ерекше рольді орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлын атқарады.



Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Адам анатомиясы, биология, физиология, жүйке жүйесінің анатомиясы, морфология.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және салыстырмалы физиология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

94

Функционалдық морфология


Курстың мақсаты - әр түрлі мүшелерге тән ұлпалардың құрылысы мен қызметін зерттеу болып табылады. Пәнді оқытудың міндеттері: пән жөнінде түсінік беріп, ұлпалардың құрылымы мен қызметтерін зерттеу үшін қолданылатын әдістердер жөнінде түсінік беру; әр түрлі ұлпалардың құрылысы мен қызметі жөніндегі байланысты қарастыру; әр түрлі мүшелерге тән ұлпалардың қызметтік ерекшеліктерін оқып білу.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: цитология, гистология, биохимия, жеке даму биологиясы.

Пәні оқып үйренгеннен кейін студенттер алған білімдерін келесі салаларда қолдана алады: физиология, ішкі мүшелер физиологиясы, арнайы гистология.

95

Арнайы гистология


Курстың мақсаты – қандай да бір ұлпа мен мүшенің негізгі компоненті ретінде жануарлар клеткасының құрылысы мен физиологиясындағы негізгі заңдылықтар жөніндегі түсініктерді қалыптастыру. Студенттерге клетка ұлпаның бірлігі екені жөнінде, қалыпты жағдайда және сыртқы ортаның қолайсыз факторлары әсері кезінде әр түрлі ұлпалар әрекетінің сипаты жөнінде теориялық түсінік беру. Ұлпадағы, мүшедегі және организмдегі клеткааралық әрекеттесу биохимиясы жөнінде түсінік қалыптастыру. Ұлпалар мен мүшелердегі репаративті регенерация және физиологиялық ерекшеліктерді сипаттау.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: цитология, гистология, биохимия, жеке даму биологиясы, функцоналдық морфология.

Пәні оқып үйренгеннен кейін студенттер алған білімдерін келесі салаларда қолдана алады: физиология, ішкі мүшелер физиологиясы, ғылыми зерттеулер кезінде.

96

Адам генетикасы


Адам генетикасы пәнінің міндеті: адам генетикасының даму тарихы мен адам генетикасының негізгі принциптері мен заңдылықтарын, зерттеу әдістерін меңгерулері қажет. Адамда кездесетін әртүрлі генетикалық аурулардың шығу себептері; хромосомалар абберрациясы нәтижесінде туындайтын патологиялар; адам хромосомалар кариотипін; «Адам геномы » бағдарламасы бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың бағытымен танысу. Денвер номенклатурасы бойынша хромосомалардың морфологиялық ерекшеліктерін меңгерулері қажет.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Генетика, Цитогенетика

Осы пән бойынша алынған білімді

адам физиологиясы, медицина

Хромасомалар экопатологиясы салаларында қолдануға болады.


97

Жалпы энтомология және паразитология


Пәннің оқытудың мақсаты: жәндіктердің құрылысы туралы түсініктің қалыптасуы, насекомдардың қазіргі кездегі классификациясымен танысу. Пәнді оқытудың міндеттері: энтомофаунаның қалыптасу тарихы мен принциптері; агроландшафттың қалыптасу принциптері мен насекомдардың жабайы өсімдіктерден мәдени өсімдіктерге көшу заңдылықтарын; зиянкес жәндіктермен күресудің негізгі әдістері мен ауылшаруашылық және орман шаруашылығының жергілікті зиянкестерімен күресу

жергілікті сирек және пайдалы насекомдар түрлерімен танысу.



Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Омыртқасыздар зоологиясы, Үлкен практикум /омыртқасыздар/

Қазақстан жәндіктері; Курс табиғаттқа натуралистік бақылау жасау үшін қажет, және ауылшаркашылық саласында, экология және денсаулық сақтау саларында зерттеулер жүргізу үшін қажет.

98

Иммунология


Иммунология- иммунитетті зерттейтін ғылым. Көптеген халықтың шаруашылық мәселелердің шешілуі имммунологияның жетістіктеріне байланысты. Адамның және ауылшаруашылық малдарының әлі жеңілмеген індеттерінің алдын алу /жаңа вакциналар, антисептикалық, вакциналық препараттарды, дәрі-дәрмектерді жасаудың жаңа принциптері мағынасында айтылады: аллергиялардың алдын алу мен емдеу:

-Ревматизм және басқа да ауру түрлерінің алдын-алу және емдеу: гендік инженерия әдісімен құрастырылып алынған жасанды микроорганизмдерге қарсы, жасанды және табиғи уытты заттар мен аллергендерге қарсы иммунитеттің ынталандыру жолдарын ісдестіру.



-Хирургиялық, акушерлік, педиатриялық және басқа ауру түрлерінде жіті және созылмалы инфекциялық қабынуларды сонымен бірге шартты-патогенді микроорганизмдердің есебінен туындайтын созылмалы пневманияларды, маститерді, гастрит және т.б. туындап, джамытатын екінші ретті иммундық тапшылықты түзеуді қарастырады.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Физиология, Биохимия, Микробиология, Вирусология, пәндерінде алынған білімдер осы пәнді меңгеруге қажет.

Адам және жануарлар физиологиясы, Медицина, Адам иммунологиясы, Иммунитеттік жуйе, Сүтқоректілердің иммундық жүйесіндегі ортақ факторлар пәндерімен тығыз байланысты.

99

Биореттелістің қазіргі проблемалары


Биореттелістің қазіргі проблемалары пәнінің міндеті: Қазіргі таңдағы экологиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерінің күрделенуі мен дистрессорлық жағдайлардың туындауына әкеліп соқты. Бұл жалпы регуляция принциптерін және биоценотикалық, ландщафт- географикалық аспектілерін анализдеуге мүмкіндік береді; қоршаған орта мен организмнің арасындағы саналы байланыстың реттелуі, экзоэкологиялық және эндоэкологиялық жағдайларды терең зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни, адамдардың категориольды деңгейден категориальды-философиялық деңгейге көтерілуін, табиғат пен адамзат арасындағы өзара қарым-қатынасты түсінушілігі;

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Анатомия, Физиология.


Өзін-өзі тану, Адам биологиясы, Биология философиясы, Антропология

100

Жануарлар морфологиясы


Пәнді оқыту міндеті: жануарлар морфологиясы жөнінде түсініктің қалыптасуы; Пәнді оқыту мақсыты: омыртқалы жануарлардың негізгі құрылыс ерекшелігі мен филогенетикалық байланысы; - қоршаған орта жағдайларына жануарлардың бейімделгіштігімен танысу.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: жануарлар анатомиясы мен физиологиясы, мррфологияның жалпы принциптерін меңгерулері керек.

Курс жануарлар дүниесінің дамуына эволюциялық көзқарастардың қалыптасуына, жануарлардың морфологиясын дұрыс танып білуге қажет болып табылады.

101

Геоботаника


Пәнді оқыту мақсаты: барлық тірі ағзалардың тіршілігін анықтайтын, өсімдіктер негізінде және биогеоценоздың қажетті бөліміндегі - өсімдіктер қауымдастығы немесе фитоценоз туралы түсінікті тыңдаушыларға қалыптастыру.


Пәнді оқытуда фитоценоздың пайда болу заңдылықтарын оқу, оның белгілерін, басқа ағзалармен және мекен ету ортасымен қарым-қатынасын, динамикасын, зерттеу әдістерін, тиімді пайдалану жолдарын, орман, ауыл шаруашылық және мал шаруашылығының ары қарай дамуының қызығушылығындағы қорғауын және қайта құруын оқу.


Жүргізілетін пән бойынша дәрістік, семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу, оған жете дайындалу; сәйкес әдебиеттерді оқу негізінде өздік жұмыстардың барлық түрін орындау; дағдыларды жинау және материалдарды өңдеуді, оның мазмұнын жазбаша әрлеуді үйрену; өсімдіктер қауымдастығының негізгі заңдылықтарын және тиімді пайдаланудың жолдарын, қайта құруын және қорғауын білу.

102

Өсімдіктер биотехнологиясы


Берілген пәнді оқытудың негізгі мақсаты биологиялық мамандықтағы магистранттарды биотехнология, гендік және клеткалық инженерия: плазмидтердің сипаттамасы және оның жіктелуі, векторлар, плазмидті ДНҚ-ны бөліп алу әдістері, нуклеотидті жүйені анықтау, рестрикция ферменттері, өсімдіктердің гендік инженериясының негіздері, трансгенді өсімдіктерді құрау тәсілдерімен таныстыру және оларда бөтен гендердің болуын анықтау. Молекулалық-биологиялық негізгі әдістерді білу ауыл шаруашылығының, медицинаның, қолданбалы биологияның практикалық міндеттерін шешуге қажет болып табылады. Курстың міндеті молекулалық-генетикалық үрдістердің механизмдерінің, яғни ДНҚ-ның репликациясы, рестрикциясы мен модификациясы, ДНҚ-ның репарациясының жалпы заңдылықтарын ашу.

Берілген курсты оқыту бастамасында студент генетика мен биохимия негізіндегі, ДНҚ репликациясының механизмін және тәсілдерін, РНҚ және ақуыз синтезін, сондай-ақ ферменттерді, биохимиялық процесстерге қатысатын туралы түсінікте болуы керек. Бұдан басқа, ол өсімдіктермен жұмыс істеу тәсілін білу керек.

«Өсімдіктер биотехнологиясы» пәнін оқығаннан кейін мақсатты біршама молекулярлы биологияның молекулярлы генетиканың және биотехнологияның қолданбалы сұрақтарымен жете танысу.


103

Мәдениеттану

Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағлымы бар, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігін зерттейді. Пәннің мақсаты – мәдениеттану ілімінің қоғамдағы ролі мен орнын, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, халықтың бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін талқылау.

Мәдениет философиясы, информатика, тарих, дүние жүзі тарихы, әдебиет

Педагигика, педагогикалық мамандыққа кіріспе, философия, этнопедагогика, этнопсихология

104

Қазіргі жаратылыстану концепциясы

Жаратылыстанудың және жаратылыс пен гуманитарлық ғылымдарының өзара байланысының әлеуметтік ролін есепке ала отырып, болашақ маманның дүниетаным білімдерін қалыптастыру мақсаты көзделеді. «Қазіргі жаратылыстану концепциясы» пәні генезисті зерттеумен сипатталып, адамзат тарихындағы ғылыми парадигмалардың дамуын және қазіргі заманғы цивилизацияның қалыптасуындағы олардың ролін, ғалам құрылымын тануды оқытады

Физика, химия, биология, сонымен қатар көптеген басқа да пәндер - география, геология, астрономия, и даже науки, стоящие на границе между естествен­ными и гуманитарлы ғылымдар науками - мысалы, психология.

Биология, генетика, эволюциалық ілім, молекулярлық биология.

105

Педагогика және психология


«Педагогика және психология» оқу курсы тұтас педагогикалық процесс позициясынан қарастырылып, психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу процестерін зерттейді. Курс мазмұны оқу-тәрбие мекемесінің педагогикалық процесіндегі тұлғалық-әрекеттік және субъект-субъектілік тұрғыларға негізделген.


Бұл курстың басталуына дейін зерттеп оқуды қажет ететін пәндер -философия, жалпы психология, педагогикалық психология, жас ерекшеліктері психологиясы, психология ғылымының пәні мен міндеттері жайлы жүйелі көзқарастардың қалыптасуы, танымдық процестердің даму заңдылықтары, адамның мотивациялық және эмоциялы-еріктік аймағының қалыптасуы. Тұлға жайлы түсініктер және іс әрекет құрылымы, сана ұғымы.

Пәнді оқыту әдістемелері, педагогика тарихы, этнопедагогика, философия

антропология, әлеуметтану.




106

Экологияны оқыту әдістемесі


Берілген пәнді оқыту мақсаты – болашақ экология және биология пәндерінің мұғалімдерінің бойында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде белсенді әлеуметтік позицияларды, маманданған әдістемелік тәсілдер мен әдістерді оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру үшін қалыптастыру, білім беру ошақтарында практикалық дайындықты қалыптастыру.

Педагогтарды маманданған дайындықта экологиялық білім беруді комплексті тиімді жүзеге асуын дайындау мынадай блоктардан тұрады: экологиялық-теориялық, психологиялық-педагогикалық, экологиялық-гуманитарлық және методикалық.

Студенттер дайындықтың экологиялық-теориялық, экологиялық-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық блоктарын меңгеру барысында жаратылыстану ғылыми пәндердің экологиялық потенциалын пайдалануды үйренеді, экологиялық бейімделген әдеби басылымдар аумағынан ақыл-ой, таным, жазушы-табиғат танушы деңгейлерін жоғарылатады. Экологиялық педагогика мұғалімдерді экологиялық жеке тұлға, оның қалыптасуындағы әдістер мен тәсілдер, принциптер жайлы түсініктер береді.

107

Жер бетіндегі және су экожүйелерін қорғау


«Жер және су экожүйелерін қорғау» пәнінің маңызды міндеттерінің бірі болып саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді нарық экономикасына көшу жағдайларында және халықтың жалпы өмір сүру жағдайларын жақсартуын шешу үшін өндіретін күштердің дамуы мен орналастыруы жөнінде практикалық ұсыныстарды беретін, географиялық білімдердің ғылыми деңгейлерін жоғарлату табылады. Пәннің мақсаты: болашақ мамандарға «Жер және сул экожүйелерін қорғау» потенциалындағы ғылыми-теориялық білімдерді беру. Онда табиғатты дұрыс қолданудың, өндіретін күштерді аумақтарға орналастырудың, жалпы мемлекеттік, аумақтық және жергілікті өндірістік кешендерді қалыптастырудың және дамуының заңдылықтары, принциптері, негізгі факторлары қарастырылады.

Экология, кешенді синтездейтін ғылым болғандықтан, қоғамды және экономикалық ғылымдармен тығыз байланысқан. Ол жас мамандардың жоғары мәдениетті және эрудициялы, «адам-табиғат» жүйесінде жүріп жатқан үрдістерді дұрыс бағалау үшін теорилық негізі жоғары, өз мемлекетінің экологиялық мәселелер дамуының жағдайларын және болашағын бағалай білетін, табиғи ресурстарды дұрыс қолдану, қоршаған ортаны қорғау, мемлекет аумағында өндіру күштерін дұрыс орналастыру жөнінде өзінің болжауларын ұсына білетін ғылыми адам болуына мүмкіндік береді.


Жер және су экожүйелерін қорғау білім беру және тәрбиелеу үрдістерін гуманитаризациялауға, жоғары біліктілікке және бай мүмкіндікке ие экологиялық білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын іргелі экологиялық ғылымдардың бірі болып табылады.


108

Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру


«Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру» пәнінің басты методологиялық негiздерi: ғаламдық, кешенділік, территорияльқ, нақтыльқ, интегралдық принциптер. Осыған байланысты бұл ғылым көптеген жаратылыстану және қоғамдьқ ғылымдармен өте тығыз байланысты. Сондықтан, “Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру” пәнi болашақ географ мамандарына: табиғат­-халық - шаруашыльқ геожүйесiнде болып жатқан процестерге мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы мен орналасуына объективтi және жан-жақты баға беруге көмектеседi. Болашақ географ ­маман жоғарғы дәрежеде мәдениетке, бiлiмге үйренiп қана қоймай, соның арқасында табиғат ресурстарын тиiмдi пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және болжау туралы теориялық және қолдан6алық ұсыныстар жасай алады.


«Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру» пәнінің басты мақсатының бiрi - студенттердің экологиялықсаладағы бiлiмдерін молайтып, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аудару. Нарьқтьқ экономика негiзiнде Қазақстанньң өндiргiш күштерiн тиiмдi дамыту және орналастыру, елiмiздiң саясаты, экономикасы, мәдениетi, әлеуметтiк жағдайын көтеру, дүние жүзi географиялық бөлiнiсiнде өз орнын таба бiлу және т.б. сияқты проблемаларды шешуде зкологиялық білімнің маңызы өте зор.

Жоғарғы оқу орындарында «5В060800 – Экология» мамандарын дайындап шығаруда Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк географиясы қорытынды және синтездеушi пән болып есептеледi.



Пәндi оқытудың мақсаты:“Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру” пәні iргелi және қолданбалы потенциалын болашақ эколог мамандарға оқыту, табиғатты тиiмдi пайдаланудың заңдылықтары, принциптерi, факторлары, өндiргiш күштерiнiң opнaлаcyы мен қоғамды территорияльқ ұйымдастыру, мемлекеттiк, аймақтық және локальдьқ өндiрiс кешендерiнiң құрылу мен дамуы және т.б. территорияльқ экологиялық проблемалармен таныстыру.



109

Ғаламдық экология


«Ғаламдық экология» пәнін оқытудың мақсаты – біздің планетадағы табиғи және техногенді ортасының ерекшеліктерін экологиялық тұрғыдан қарастыру. Компонентті және ландшафтты шолу үрдісінде табиғи-антропогенді факторларға тәуелді қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздануының байқалуын дәйекті қарастыру.


Бұл пән экологтарды дайындау жүйесінде, экологтардың зерттеу объектісі болып табылатын, планетадағы табиғи-антропогенді геожүйелердің құрылымын және динамикасын сипаттап, маңызды орын алады.


«Ғаламдық экология» пәнін оқыту барысында студент табиғи ортаның биотикалық және абиотикалық компоненттерінің экологиялық тұрақсыздану және геожүйелердің антропогенезге экологиялық тұрақтылығы сияқты үрдістерге әсер ету заңдылықтарын игеріп алу керек.

110

Климатология және метерология негіздері


Пән мақсаты - атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Курс екі бөлімнен тұрады: метеорология және климатология. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені метеорология атмосфераның физикалық сипаттары мен процестерін зерттесе, климатология – сол метеорологиялық сипаттардың географиялық заңдылықтарын зерттейді. Климатология - географиялық ілім, себебі жер климаттары белгілі бір географиялық орындарда дамып, қалыптасады. Ал атмосфералық қүбылыстардың даму принциптері метеорологияға сүйенеді. Пәннің мақсаты: уақыт және кеңістік бойынша дамитын негізгі атмосфералық процестер мен құбылыстар, олардың өзгеру заңдылықтары жайлы білім жұйесін қалыптастыру. Сондықтан осы пән географ маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.

Бұл пәнді игеру үшін физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.); математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); Жер тану (Атмосфера) – сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.


Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазахстанның физикалық географиясы және т.б.

111

Биогеоценология


Берілген пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында биогеоценоздардың биосфераның компоненті ретінде және оның құрамы мен тіршілік етуі, сонымен қатар тұрақтану заңдылықтары жайлы түсініктерді, олардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынастары, биогеоценоздың тұрақтылығын құрайтын және оған әсер ететін сыртқы орта факторлары мен адам әрекеті жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Студенттерге биоәртүрлілікті сақтаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін таныстыру, биогеоценоздардың өнімділігі мен қоршаған орта факторларының және адам әрекетінің әсерлеріне тұрақтылығын жоғарылату.

Берілген пәнді меңгеру барысында қалыптасқан дағдылар, оны меңгеру және білім сапасы фитоценология, флористика негіздерін меңгеруге, өсімдіктер экологиясы, өсімдіктер ситематикасы, топырақтану, топырақ биологиясы, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, биоәртүрлілікті сақтау, қолданбалы экология және басқаларын меңгеруге теориялық және практикалық негіздерін көрсетеді.

112

Геоботаника


Пәнді оқыту мақсаты: барлық тірі ағзалардың тіршілігін анықтайтын, өсімдіктер негізінде және биогеоценоздың қажетті бөліміндегі - өсімдіктер қауымдастығы немесе фитоценоз туралы түсінікті тыңдаушыларға қалыптастыру.


Пәнді оқытуда фитоценоздың пайда болу заңдылықтарын оқу, оның белгілерін, басқа ағзалармен және мекен ету ортасымен қарым-қатынасын, динамикасын, зерттеу әдістерін, тиімді пайдалану жолдарын, орман, ауыл шаруашылық және мал шаруашылығының ары қарай дамуының қызығушылығындағы қорғауын және қайта құруын оқу.


Жүргізілетін пән бойынша дәрістік, семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу, оған жете дайындалу; сәйкес әдебиеттерді оқу негізінде өздік жұмыстардың барлық түрін орындау; дағдыларды жинау және материалдарды өңдеуді, оның мазмұнын жазбаша әрлеуді үйрену; өсімдіктер қауымдастығының негізгі заңдылықтарын және тиімді пайдаланудың жолдарын, қайта құруын және қорғауын білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет