Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп


Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері



бет3/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері





Оқыту әдістерінсіз алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, оқу үрдісінің жүрегі болып табылады.

Әдiс — белгiлi бiр ғылымның теориясын сапалы және тиiмдi түрде жүзеге асыру үшiн iс жүзiнде қолданылатын iс-әрекеттердiң жинақталған жүйесi. Қандай болмасын әдiстiң бәрiне тән ортақ белгі: ол оның практика арқылы жүзеге асуы.

Тiлдi үйретуге қатысты әдiстi сөз еткенде, арнайы қарастырылуға тиiстi мәселенiң бiрi — қатысым әдiсi (коммуникативный метод). Қатысымдық әдiстiң өзiндiк белгiлерi мыналар: 1) Қатысымдық әдiс кем дегенде екi адамның немесе бiр адам мен топтың, бiр топ пен екiн- шi топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың немесе белсендi iс-әрекеттiн жүзеге асуы нәтижесiнде болады. 2) Қатысымдық әдiс оқушы мен мұғалімнің әрқайсысының өзiне тән мiндеттерi бөлек болып, ал олардың алдары- на қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етедi. 3) Қатысымдық әдiс үйренушi мен үйретушiнiң бiр-бiрi- мен пiкiр алмасуын, тiл арқылы сөйлесуiн қамтамасыз ете келiп, адам мен адамның, бiр ұлт пен екiншi ұлттың өзара түсiнiсуiне жол ашады. 4) Қатысымдық әдiс оқыту жүйесiндегi бiрнеше тиiмдi тәсiлдердi және амалдар- ды бiрiктiредi. Солардың iшiнен бәрiне ортақ қасиетке ие болатын бiреуi басты өзек, жетекшi кiлт болады. 5) Қатысымдық әдiстiң басты белгiсiнiң бiрi — тiлдi үйретудi күнделiктi өмiрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай

немесе жеке дара күйде iске аспайды, адамдардың iс жүзiндегi өзара iс-әрекетi үстiнде, ауызба-ауыз сөйлесуi, тiлдесуi арқылы болады. 6) Қатысымдық әдiс арқылы бел- гiлi бiр тiл туралы бiлiм берiлмейдi. Қарым-қатынас құралы тiлдiң өзiн қалай қолдану керек, сол жөнiнде оқытылады, яғни сол тiлде сөйлеу үйретiледi.

Қатысымдық әдіс мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтып, бір-бірімен еркін тілдесуге жол ашады. Топта жақсы көңіл-күй орнайды. Оқушылар бір- бірімен пікір алмасады. Білмегендерін топтық, ұжымдық жұмыста білуге, толықтыруға мүмкіндік алады.

Қатысымдық әдіс арқылы оқушы тілдік әрекеттің барлық түріне жаттықтырылады. Мәселен, сұрақ қоя білу, сұраққа жауап беру, көрген, білген жайларды әңгімелеп айтып беру, суреттің мазмұнын әңгімелеу, өз қиялын, арманын айта білу, экскурсияларда көргенін әңгімелеу, оқыған мәтін мазмұнын баяндау, достарымен, мұғаліммен әңгімелесу секілді сөйлеу әрекеттеріне оқушы қатысымдық әдіс арқылы үйретіледі.

Сабақта тiлдiк қатынас үш түрлi жолмен iске асыры- лады:

Жұптық. Топтық. Ұжымдық.



Жұптық оқытуда тiлдiк қатынас екi адамның арасын- да жүредi. Ол екi оқушының өзара тiлдесу ерекшелiгiне, олардың қабiлетiне, тiлдi бiлу дәрежесiне т.б. сүйене оты- рып iске асырылады. Мұнда оқушылар екi-екiден жұпқа


4



бөлiнiп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс iстейдi де, олардың сыңарлары бiр-бiрiмен ауысып отырады. Сол сияқты тiл үйретушi мен үйренушi екеуара бiр мәтiндi тал- даса; бiрi сұрап, екiншiсi жауап берiп, жазбаша-ауызша жұмыстар атқарса, тағы сол сияқты — бұл да оқытудың жұптық түріне жатады.

Егер екi оқушы бiр тақырып төңiрегiнде сұқбат ұйымдастырса, берiлген жаттығуды орындаса; бiрi оқып, екiншiсi аударса немесе жазса т.б. — ол да жұптық жұмыс iстеудiң түрi болып табылады. Жұптық жұмыс әр оқу- шының өзiндiк қабiлетiн дәл тануға және жетiлдiруге мүмкiндiк бередi; олардың бiр-бiрiмен тез тiл табысуын қамтамасыз етедi. Жұптық жұмыспен тiлдi үйретудiң ерек- шелiгi: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тiлдiк қарым- қатынастың ауызша түрiн дамытуға себiн тигiзедi.

Тiлдi топтық жұмыс арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдiстiң қағидаларына бейiмдеудiң нәтижесiнде жүредi. Оқыту кезiндегi топтағы оқушы саны 4-5-тен аспау керек. Топтық жұмыс бойын- ша, бiр адам кем дегенде үш, төрт адаммен бiрден қа- рым-қатынасқа түседi, яғни сөйлеушi өзiнiң ойын, пiкiрiн, атқаратын жұмыстың мақсатын бiрнеше адамдарға қатар жеткiзедi. Тiлдiк қарым-қатынас бiр адам мен бiрне- ше адамның немесе бiр топтың арасында жүредi. Мұнда топтағы әрбiр оқушы белгiлi бiр жұмыс жүргiзу барысын- да: оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу үстiнде өздiгiнен субъектiнiң, яғни сөйлеушiнiң (орындаушының) рөлiн атқара бередi. Топтық тiл үйрену процесiнде бiрнеше оқушы бірігіп сөйлеседi, тапсырманы орындайды, жауап бередi, оқиды

және т.б. Оқушыларды топ-топқа бөлiп сабақ өткiзу олардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей бiлуге жағдай жасайды, оқушылардың бiлiмiн жетiлдiредi, бiр-бiрiмен бiлiмдерiн бөлiседi, әр түрлi мiнез-құлықтағы адамдармен пiкiр алмасуға үйретедi, топтар арасында оқушы өзiн жеке-дара қасиетiне қарай көрсетуге мүмкiндiк алады және т.б.

Оқытудың ұжымдық түрі жұптық және топтық жұ- мыстарды өзара бiрiктiредi. Өйткенi оқыту, сөйлесу үде- рісі онда бүкiл топтағы адамдармен де, жеке-дара екi адамның арасында да жүредi. Тiл үйренудiң ұжымдық түрі дегенiмiз — үйренушінiң бүкiл топтағы адамдардың бiрiнен-екiншiсiнiң үйренуi, пiкiр алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесiнде бүкiл ұжым мүшелерiнiң түгел қамтылуы тiлдiк қатынастың толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Ұжымдық оқытуда мұғалiмнен гөрi оқушыға түсетiн жүктеме көбiрек болу керек, мұғалiм көбiнесе бақылаушы және бағыттаушы рөл атқарғаны дұрыс. Ұжымдық оқытуға жұмыстың біреуі — арнайы үлестірмелі қағазбен жұмыс iстей бiлу. Мұғалiм өтiлген материал не мәтiн бойынша күнi бұрын қанша оқушы болса, сонша үлестірмелі қағаз дайындайды. Ондағы тапсырмалар бiр ережеге байла- нысты болғанымен, бiрiн-бiрi қайталамауға тиiс. Яғни, берiлген сұрақтар, жаттығулар т.б. тақырыбы жағынан ортақ бола келiп, құрылысы тарапынан әр түрлi болады. Егер оқушы жауап бере алмаса, басқа тапсырмамен алма- сады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет