бет 14/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала
Б. Соқпақбаев. «Менің атым — Қожа» повесі (үзінді)
1-2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Менің мектебім.
Білімділік:
Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудың алғышарттарын жасау.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақпа- раттық ұғымын кеңейту.
Тәрбиелік:
Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың бойында әдептілік нормаларын қалып- тастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мектеп өмірі туралы ақпарат береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып көлемінде сөйлемдерді құрау арқылы Сөй- лесімге түсіп, мектеп өмірі жайлы жан-жақты ақпарат береді.
Жаңа сөздер:
Қызғылт, күлгін, жабдықталған , жиһаз.
Сабақта қолданылатын мате- риалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, өз мектептерінің суреттері, үлестірмелі материалдар, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Мектептегі заттар» блиц ойыны ,
«Дөңгелек үстел» ойыны, топтық жұмыс, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
30
2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мектеп өміріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды:
- Балалар, сендер өз мектептерің жайлы не айтасыңдар?
Сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орында- тады.
Айтылым. Жазылым. Суреттер бойынша әңгімелейді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сын есімдерді қолданып, шағын мәтін құрайды.
3. Тілдік бағдар. Сын есімді меңгертеді.
Сын есімді меңгереді.
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4, 5-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді , мәтінде сипатталған мектеп пен өз мек- тебін салыстырып айтады.
5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға «Мектептегі заттар» блиц ойынын ойнатады.
Ойынның шарты бойынша сыныптағы бір затты таңдап, оны өзіне не өзінің көңіл- күйіне ұқсастығын айтуы қажет.
Мысалы, мына төбедегі шам маған ұқсас, мен секілді жадырап, жарқырап тұр.
6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
«Дөңгелек үстел» ойынын ұйымдастырады.
Жазылым. Топқа бөлінеді, бірінші оқу- шы қағаздың шетіне мұғалімнің «Не?» деген сұрағына басқаларға көрсетпей жауап жазады, жауап жазылған қағазды келесі оқушыға береді , екінші оқушы да
«Қандай?» деген сұраққа жауап жа- зып, келесі оқушыға береді. Осы ретпен қайталанып отырады. Соңында қағазда құрастырылған сөйлем оқылады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Ой толғаныс
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сурет бойынша мәтін құрайды.
IV. Бекіту
Топтық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Өз мектебінің ережесін құрастырады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
31
Достарыңызбен бөлісу: