1.2 Пәннің қысқаша анықтамасы
«Шетелдер тарихының тарихнамасы және деректемесі» пәнінің оқу –әдістемелік кешенінің құрамына кіретін пәннің жұмыс бағдарламасы 5В011400 – «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған. «Шетелдер тарихының тарихнамасы және деректемесі» пәні 5В011400 – «Тарих» мамандығында оқитын студенттер үшін таңдау компоненті (КВ-ТК) болып табылады.
«Шетелдер тарихының тарихнамасы және деректемесі» пәні тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пән. «Шетелдер тарихының тарихнамасы және деректемесі» пәні мынадай модульдер бойынша карастырылады: «1 модуль тарихнамалық теория және тарихи ой», «2 модуль, деректану теориясы». Пәнді оқып үйренудің күрделілігі тарихи құжаттармен жұмыс жасай білу деңгейінің дүниежүзілік дәрежеде жүргізілуі. Ол студенттерді әлемдік тарих білімінен сусындауға мүмкіндік береді. Ізденіс арқылы дағды қалыптастырып, өз білімін шыңдауға итермелейді.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты
Студенттердің дүниежүзілік тарихтағы дереккөз базасының жалпы жағдайы туралы түсініктерін қалыптастыру, әртүрлі кезеңдердегі аса маңызды тарихи дереккөздер жиынтығымен танысу және оларды жеке тарихи деректердің материалдарына тәуелсіз талдау әдістерімен сынау;
Отандық және шетелдік тарихи ғылымдағы әлемдік тарихтың әртүрлі бөлімдерін зерттеудің негізгі мәселелері мен пікірталас мәселелері туралы идеяларды қалыптастыру; тарихи әдебиеттерді талдау, оған деген көзқарасты анықтау және өз қызметінде тарихи, сонымен қатар гуманитарлық ойдың ең жақсы жетістіктерін пайдалану мүмкіндігі.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері
Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
Тарихи оқиғаларды талдау мен жүйелеуге, ерекшеліктерін көре білуге негізделген абстрактілеу және нақтылауға бағытталған байланысты ойлау әрекетін дамыту;
Студенттердің кәсіби шығармашылық қабілетін дамыту;
Тарих ғылымының ғылыми принциптерін игеру, тарихи танымды үйренуге қажетті біліммен қаруландыру;
Деректер мен тарихнаманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну;
Тарих ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, білу;
Көшпелі мемлекеттердің пайда болуы мен даму процесі, оның заңдылықтарын, кейінгі зерттеулердегі мәселелерді жаңаша көзқарас тұрғысында қабылдай білу;
Көркемдік, тарихи болмысын тани алып, тарихи бағасын біліп, танитын талғам қалыптастыру;
Тарихи оқиғаның ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |