Қорытынды
Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы.Бұл арқылы дене мүшелердің, яғни басым жағдайда бұлшық еттердің және ми жұмыстарын арттыра аламыз.Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшықеттерге күш түскен кезде көбірек қанмен қамтамасыз етуді талап етеді де, жүрекке белгілі уақыт ішінде қанды оттегімен байытуға мәжбүрлейді. Тыныштықта жүрек аортаға минутына шамамен 5 литр қан итеріп отырса, жаттығу кезінде ол 10 және 20 литрге дейін ұлғаяды. Спортпен шұғылданатын адамдардың жүрегі мен қантамырлары күшке тез үйренеді және кейін тез қалпына келеді.Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады. Тұратқты түрде жаттығатын адамдардың эритроциттері 5 млннан 6 млнға дейін көбейеді. Сонымен қатар лимфоциттердің мөлшері де артады. Бұл спорттың қорғаныш қызметін жақсартып, бізді қоршаған зиянды заттарға қарсы тұра алатындығының бірден бір дәлелі. Физикалық белсенді адамдар сирек науқастанып, бактериялар мен вирустарды тез жеңеді.Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.Жаттығулардың басты ерекшелігі осыда. Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы.Бұл арқылы дене мүшелердің, яғни басым жағдайда бұлшық еттердің және ми жұмыстарын арттыра аламыз.Жаттығулардың басты ерекшелігі осыда. Физикалық және психиқалық жағдайымызды спорт арқылы дұрыстайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Уаңбаев Е. “ Дене тәрбтесінің негіздері”, Алматы, 2000 ж
2. Тілеуғалиева Ю. Адамбеков Қ. Қасымбекова С. “Дене тәрбиесі”.Алматы 2003.
3. Тайжанов С. Құлназаров А, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2002 ж.
4. Тұрыскелдина М, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2001 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |