Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»


Өндіруші артықшылығының формуласы



бет3/3
Дата27.03.2024
өлшемі152.85 Kb.
#496702
1   2   3
Микроэкономика СӨЖ2

Өндіруші артықшылығының формуласы:
Жалпы табыс – шекті шығын = өндіруші профициті
Өндіруші профицитінің мөлшері және оның графиктегі үшбұрышты кескіні тауардың нарықтық бағасы өскен сайын өседі, ал тауардың нарықтық бағасы төмендеген сайын азаяды
Біздің мысалда бұл P*EN үшбұрышы, мұндағы
P* – нарықтық баға;
Q – мөлшері (саны);
S – ұсыныс.

1-сурет. Өндірушінің ұтысы



  • Тұтынушылардың ұтысы

Кез келген тұтынушы тауарды мүмкіндігінше арзан сатып алғысы келеді, бірақ олардың әрқайсысы үшін оны сатып алудан бас тартқанға дейін берілген тауар бірлігі үшін төлеуге дайын максималды баға бар. Бұл баға сұраныс бағасы деп аталады. Барлық тұтынушылардың сұраныс бағасының жиынтығы нарықтық сұраныс қисығын құрайды.
Сонымен қатар барлық тұтынушылар сұраныс бағасына қарамастан тауарларды бірыңғай нарықтық бағамен сатып алады. Жеке сұраныс бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық тауардың берілген бірлігін сатып алу кезіндегі тұтынушының ұтысы болып табылады. Бұл тұтынушылық пайданың бір түрі.
Енді тұтынушылар көп деп есептейік. Сонда,геометриялық тұрғыдан алғанда, барлық тұтынушылардың пайдасы сұраныс қисығымен, нарықтық баға сызығымен және баға осімен шектелген үшбұрыштың ауданына тең болады (2-сурет).
Біздің мысалда бұл P*EM үшбұрышы, мұндағы
P* – нарықтық баға;
Q – мөлшері (саны);
D – сұраныс.

2-сурет. Тұтынушының ұтысы
III Қорытынды
Қорыта айтқанда, сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың құралдары ретінде маңызды қызмет атқарады. Олар бір-бірінсіз жүрмейтін үрдістер және бір ‐ бірін толықтырып, қалыптастырып отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ,бара-бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Нақтырақ айтсақ, ұсыныс сұранысты өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырады; ал сұраныс болса, тауар ұсынысының көлемі мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі. Нарық процесі көптеген тауарлар мен қызметтерді айырбастау актілерінен тұрады. Әрбір осындай әрекетке тауарды жеткізу жағында болатын сатушы және сұраныспен ұсынылған сатып алушы қатысады.
IV Пайдаланылған әдебиеттер

  • Н.Қ. Мамыров, Қ.С .Есенғалиева, М.Ә. Тілеужанова:Микроэкономика

  • Сейітқасымов: Экономика. Алматы. 2001 ж.

  • Мәуленова,Бекмолдин. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж

  • Бекжанова Г.Е. Микроэкономика: оқулық./Г.Е. Бекжанова - Алматы: Экономика, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет