Бақылау сұрақтары:
Балмұздақтың сапасына қойылатын талаптарды атаңыз?
Майдың салмақтық үлесін анықтауда сараптық бағалауды жүргізу процесін айтып беріңіз?
Зерттелетін өнімнің ылғалдылығы мен құрғақ заттардың мөлшерін анықтауда сараптық бағалауды жүргізу процесі неге негізделген?
Балмұздақтың титрлеу қышқылдығын анықтауда сараптық бағалауды қалай жүргізеді?
Балмұздақтың көпіршіктенуін анықтауда сараптық бағалауды жүргізу процесі неге негізделген?
№ 13 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сары майдың сапа деңгейін бағалау
Жұмыстың мақсаты:
1 Органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері бойынша сары майдың сапасын анықтау
2 Нәтижелерін ресімдеу
3 Бақылау сұрақтарға жауап беру
1 Зерттеудің физико-химиялық әдістері
1.1 Қышқылдығын анықтау
0,001 г дейiн дәлдiкпен өлшенген 5 г майды көлемi 100 мл конус тәрiздi колбаға немесе стақанға салады, оны температурасы 45-50 С суда жылытып, этил спиртi мен диэтил эфирдiң нейтрал қоспасының (1:1) 20 мл ерiтедi. Сонан кейiн 1 % фенолфталеин ерiтiндiсiнiң 3 тамшысын қосып, үздiксiз араластыру кезiнде 0,1 н сiлтiнiң су ерiтiндiсiмен титрлейдi. Майдың эфирлі-спирттi ерiтiндiсiн сулы ерiтiндiсiмен титрлегенде эмульсия пайда болады, сондықтан титрлеу кезiнде сұйықтықты жақсылап араластыру керек. 1 минут iшiнде кетпейтiн қызғылт түс пайда болған кезде титрлеудi аяқтайды. Майды нейтралдауға кеткен 0,1 н сiлтi ерiтiндiсiнiң мөлшерiн 2 санына көбейтiп, майдың қышқылдығын табады.
Майдың плазмасы. Температурасы 45-50 С су моншасында немесе кептiргiш шкафта химиялық стақанда 50 г майды ерiтедi. Алынған эмульсияны араластырып, май бөлiнгенге дейiн қараңғы жерге қояды. Бұдан кейiн эмульсияны суытады да, майы қатып қалған кезде, қатқан бөлiгiн алып, плазмасын қалдырады.
Плазманы араластырып, одан химиялық стақанға өлшеп 5 мл плазма салады, үстiне 10 мл су, 1 % фенолфталеин ерiтiндiсiнiң (12 реактив) 3 тамшысын құйып, 0,1 н NaOH ерiтiндiсiмен титрлейдi. Титрлеуге кеткен сiлтi мөлшерiн 20 санына көбейтiп, плазманың қышқылдығын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |